Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбелек биінің жүру түрлері

20 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тәрбиеші: Музафарова М. Д. «Еркемай» балабақшасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
«Балдырған» тобы
Тақырыбы: «Көбелек» биінің жүру түрлері
Мақсаты: Көбелек биінің жүру мен жүгіру түрлерін үйрету. Би қимылы арқылы денелерін дұрыс ұстауға қалыптастыру. Әуенді есту, сезіну. Шапшаң қимылдауға баулу. Көбелектерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі - құралдар: музыкалық аппаратура, флешка, гулдер мен көбелектер
Сөздік жұмыс: Біз билейміз – мы танцуем, көбелек - бабочка
Музыка ырғағымен сап бойынша залға кіру.
Сапта жүріп аяқты нық басып жүру.
Аяқтың ұшымен жүру.
Өкшемен жүру.
Қазша жүру.
Дем шығару.

Шеңберге жүріп 2 - 3 қатарға тұрғызып, бойларына жеңіл гимнастикалық жаттығулар жасау.
1. Аяқты алшақ қойып, қолды белге ұстап, басты жай ғана оңға, солға бұру 4 р.
2. Оңға басты иіу 2р, солға иіу 2р, иықты көтеру 2р.
3. 2 қолды жұмып, ашып, төменнен алға, 2 жанға апарып төмен түсіру.
4. 2 қолды алға артқа қойып, алға еңкейіп, мойын созып қараймыз.
5. 2 қолды жоғары көтеріп, төмен аяқ ұшына жеткіземіз. 2р.
6. 2 қол белде тізе бүгеміз. 4р.
7. 2 қол белде оң аяқ ұшы, өкше 2р.
Сол аяқ ұшы, өкше 2р.
8. Орнымызда секіру. Айналып секіру.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
Көктемнен кейін қандай мезгіл? (Жаз)
Жазда шыбын-шіркей, құрт - құмырсқалар көп болады. Солай емес пе?
Ендеше, мен сіздерге жұмбақ жасырайын. Шешуін табыңдар.
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.(көбелек)
Біздің елімізде 3000 - нан астам түрі кездеседі.
Мысалы: «88» көбелегі, «Шыны қанатты» көбелек, «Изумруд» көбелегі, «Александр патшайымы» көбелегі, «Зебра» ұзын қанатты көбелегі, «Павлин» көбелек.
Осындай көбелектердің аттарын есте сақтап жүрейік.
- Балалар, сендер көбелек өлең – тақпақтар білесіңдер ме?
- Балалардың жауабы.
- Көбелектер әдемі, сондықтан біз оларды көргенде, көңіл - күйіміз көтеріліп, қуанып қаламыз. Біз оларға қамқор болуымыз керек.
- Балалар, көбелектер қалай ұшады?
- Ендеше, біздер де көбелек болып билейік.
- Балаларға көбелек биінің 3, 4 қимылын тұрақты үйрету. Топпен жұмыс.
- Қане, бастапқы қалыпта тұрамыз. Аяқпен жұмыс жасаймыз.
1) 1 оң аяқтың ұшын оңға жанға созу.
2 бастапқы қалыпқа келу
3 сол аяқ солға жанға созу
4 бастапқы қалыпқа келу. (4р)
2) Оң аяқ ұшы, сол қол
Сол аяқ ұшы, оң қолды жоғары қозғайды.
3) Орнында айналады. Қолды жоғары қозғайды.
4) Жоғары 2 қолды қозғайды, отырады, төмен қанат қағады.
- Жарайсыңдар, балалар.
Қимылды ойын: «Өз гүліңді тап»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру. Шапшаңдылыққа, ептілікке, төзімділікке жетілдіру. Көбелектерге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
- Көбелек – ау, көбелек,
Ұшасың сен көлбеңдеп.
Қызыл, жасыл керемет,
Гүлге қоншы көбелек!- деп балаларды ойынға шақырамын.
- Балалар, қолдарын екі жаққа созып, көбелек қанаттарын көрсетіп жеңіл жүгіреді, айналады.
- Әуен ойналады.
- Балалар, әуенмен ілесе жеңіл жүгіріп, бір орында айналып билеп жүреді.
- Ақ қанатты көбелек,
Көкқанатты көбелек,
Бақшамызға қона кет!- деп, «көбелектерді» гүлдерге қондыру қажеттігін түсіндіремін.
- Көбелектер гүлге қонады.
- Жарайсыңдар, балалар, өте әдемі көбелек екенсіңдер. Әдемі биледіңдер.
- «Көбелек қандай? Қалай ұшады?» деген сұрақтарды қою арқылы қорытындылаймын.
- Залдан әуен ырғағымен көбелектер болып «ұшып» шығуды ұсынамын.
- Балалар, көңілдене қоштасып, «ұшып» шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Гимнастикалық жаттығуларды.
Игереді: Музыканы сезіне тыңдауды, би қимылдарын көппен бірге жасауды.
Үйренеді: Көбелек болып ұшу, қону, әуенмен ілесе жеңіл қимылдауды.
5 195
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баскетбол. Допты алып жүру
Баскетбол. Допты алып жүру
Допты алып жүру техникасын меңгерту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Ырғақты гимнастика
Ырғақты гимнастика
Тақырыбы:(музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы жаттығулар)
Гимнастика
Гимнастика
Палодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Алепарова Гүлзат Ерболқызы
Бастауыш сынып дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Бастауыш сынып дене тәрбиесінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, "Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абжанов Берик Ергалиевич
Гимнастика тепе –теңдікті  сақтау
Гимнастика тепе –теңдікті сақтау
БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалмияров Жансерік Қайратұлы
Гимнастика саптық жаттығулар
Гимнастика саптық жаттығулар
БҚО Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Калмияров Жансерік Қайратұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×