Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім аралына саяхат

01 маусым 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№7 «Балдырған» санаториялық
бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Жұмаханова Мирамкүл

Білім саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Білім аралына саяхат»
Мақсаты: 7 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау: алдында, артында ұғымдарын дамытуды жалғастыру. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Балалардың тілін дамыту, білімге құштарлығын арттыру.
Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтаудағдыларын ойын арқылы дамытып, сөздік қорларын молайту, ой - өрісін дамыту.
Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тез ойлауға және дер кезінде шешім қабылдауға, адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: проектор, үлестірмелі материалдар, карточкалар, суреттер, қаламдар, сандар.

Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбері:
- Бүгін күн қандай тамаша!
- Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге көн қонақтар келді, біз қуанып тұрмыз, қане жүрегімізді ұстап көрейікші.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған
(Балалар жүректерін ұстап өлең жолдарын айтады)
Балалар, біз осы тұрғанда қандай пішінге ұқсаймыз.
- Шеңберге.
- Енді осы шеңберге ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер?
- Күн, алма, доп т.
- Осы шеңберді 2 шеңберге бөлемін, сөйтіп 2 топ боламыз. Оң жағымдағы топты «Білгіштер» тобы, сол жағымдағы топты «Тапқырлар» тобы деп атағым келеді. Ал енді, орындарыңа жайғаса қойыңдар.

Ұйымдастырушылық - ізденуші:
- Балалар, қазір енді «Білімділер еліне» саяхатқа барамыз. Саяхат кезінде әртүрлі кедергілер кездеседі, сол кедергілерден өту үшін, біз әртүрлі тапсырмалар орындаймыз. Егер сол тапсырманы қай топ бірінші орындаса, сол топқа ұпай беріп отырамын. Оқу іс - әрекеті соңында қай топтың ұпайы көп болса, сол топ жеңімпаз болады. Біз саяхатқа ұшатын кілеммен саяхаттанамыз.
- Бәріміз көзімізді жұмамыз, барлығымыз ұшатын кілемге жайғасып отырамыз.
- Ұшып келеміз, ұшып келеміз, биік үйлердің үстінен өтіп бара жатырмыз, орманның үстінен ұшып келеміз.( Көздерін жұмады)(Көздерін ашып тапсырмалар слайд арқылы орындалады)
- Балалар ағаштардың арасында төртбұрышқа ұқсайтын бір бейне көрінетін сияқты. Қасына барып «Білім аралына» қалай баруға болатынын сұрайықшы?
- Балалар, бұл не екен? Иә, сұрайық.
- Пеш.
- Пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
- Төртбұрыш
- Бұл қай ертегінің кейіпкері, білесіңдер ме?
-«Аққу - қаздар» ертегісі
- Пеш, пеш сен «Білім аралына» қалай бару керек екенін білесің бе?
Пеш: - Сендер әуелі менің пісіп тұрған нанымды санап беріңдер, сосын мен сендерге жолды көрсетемін. (балалар санайды)
- Барлығы - 7
- Рахмет сендерге, енді сендер орманның ішімен жүре берсеңдер алдарыңнан алма ағашы шығады, содан сұраңдар.
Міне балалар, алма ағашына да келіп жеттік.
- Алма ағашы, алма ағашы «Білім аралына» қалай баруға болады?
Алма ағашы: - Ал енді, менің мынадай тапсырмамды орындап беріңдер. Мен қазір сендерге өзімнің суретім салынған қағаздар беремін, сосын мен оған ненің бейнесін салтындарыңды айтып тұрамын.
- Менің жоғарғы оң жағыма күннің, жоғарғы сол жағыма айдың суретін салыңдар, төменгі жағыма гүлдің, шөптердің суретін салыңдар.
(Балалар алма ағашының тапсырмасын мұқият орындайды)
- Рахмет, балалар сендердің жауаптарыңа мен ризамын, енді сендер тура жүрсеңдер алдарыңнан өзен шығады, содан сұраңдар.
- Міне, балалар өзенге де жеттік.
- Өзен, өзен «Білім аралына» қалай баруға болады?
Өзен: - Сендер алдымен менің тапсырмамды орындаңдар.
Сендердің алдарыңда сурет салынған карточкалар бар, сол суреттердің қайысы артық екенін тауып белгі қоясыңдар.
- Ал, енді суреттеріңе қарай қойыңдар да, артың суреттің үстіне белгі қойыңдар.
(Балалар суретке қарап не артық екенін тауып, белгі қояды)
- Балалар, енді өзен бізге арнап дайындаған ойыны бар екен, соны ойнаймыз ба?
- ия ойнаймыз
Аяғымызбен жер басып тұрамыз, сулы құбылыстарды айтқанда бір аяғымызды көтереміз.
Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
- Менің тапсырмамды өте тамаша орындадыңдар.
Енді сендер оңға қарай бұрылып жүрсеңдер, алдырыңнан Жалмауыз кемпірдің үйі шығады, содан сұраңдар.
- Үй, үй бізге «Білім аралына» баратын жолды көрсетіп жіберіңізші.
Үй: - ол үшін сендер менің мына тапсырмаларымды орындап беріңдер.
1 - тапсырма:
Мен қандай пішіндерден құралғанмын?
- Төртбұрыш, үшбұрыш
2 - тапсырма:
Менің пішіндерден. Құрастырылған мысығым бар. Мен сендерге мысығымның суретін дайындап қойдым, сендер қандай және қанша пішін бар екенін табуларың керек. (Балалар тапсырманы орындайды)
Үй: - Балалар, сендерге көп - көп рахмет. Сендер өте тапқыр, білімді балалар екенсіңдер. Сендер «Білім аралына» жақындадыңдар, солға қарай бұрылсаңдар алдарыңнан «Білім аралы» шығады.
Үкінің амандасуы. Балалар үш тілде амандасады.
- Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Гудмонин!
- Мен сендерге ризамын, сендер жолдарыңда кездескен тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Мен бақылап тұрдым, сендер өте дарынды, білімді балалар екенсіңдер. Мен сендерге өзімнің дайындаған сыйлықтарымды ұсынамын. Сау болыңдар

Рефлексивтік - түзетушілік
Қорытынды сөз:
- Балалар саяхат ұнады ма?
- Сендер өз білімдеріңді дәлелдедіңдер, енді алдымыздағы ұпайымызды санап, қай топ жеңіске жетті екен көрейік.
- Мен сендерге Білімпаз Үкінің берген сыйлықтарын табыс етемін.
- Балалар қараңдаршы, Білімпаз Үкі бізге екі мақтау қағазын беріпті және сендер әрі қарай білімдеріңді ұштастыру үшін қаламсап беріпті.
- Балалар, енді Білімпаз Үкіге рахметімізді айтып Балабақшамызға оралайық. Сиқырлы кілемшені еселтетіп, балабақшаға қайтамыз.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Біледі: - 7 көлемінде сандарды, бағдарлауды, геометриялық пішіндерді ажырата біледі.
Игереді: - әртүрлі тапсырмаларды тез ойланып, дер кезінде шешім қабылдауды.
Меңгереді:- бір - бірімен тату болуды, еңбекқор болуды, айдың, күннің, гүлдің суретін салуды.
3 244
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Кеңістіктегі сандар мен заттардың орналасуының бір – біріне тәуелсіз болуы туралы ұғыммен таныстыру; заттарды бір қатарға – солдан оңға қарай оң қолымен санауға, орналастыруға үйрету
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изенова Зухра Жеткергенқызы
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×