Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұзын босағалар

23 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
"Құлыншақ" ясли бақшасы Қуатова Айнұр

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сурет
Тақырыбы: «Ұзын босағалар» түсті қарындаштар көмегімен;
Мақсаты: Босағалар туралы білімдерін бекіту. Үйде босағалардың орналасатынын түсіндіру. Босаға туралы мақал мәтел мазмұнын ашу арқылы тыйым іс - әрекеттерді еске сақтауға қазақ ырымын еске түсіру. Қарындаш қасиеттерін бекіту.

Балаларды үстелге отырғызып тәрбиеші назарларын тақтада ілінген суретке аударады. – Балалар, қараңдаршы, не көріп тұрмыз?
- Бұл әр үйде, ғимаратта орналасып тұратын босаға.
Босаға туралы тыйым сөздер айтып, балаларды босағаны ұстауға болмайтынын, жаман әдет екенін түсіндіру.
Балалардың назарын тақтаға аударту, босаға туралы білімдерін бекіту
- Балалар, бүгін біз алдымызда орналасқан ақ қағаздағы босағаны қарындаштың көмегімен бастырамыз. Бәріміз тақтаға қараймыз, сендерге бастыру үлгісін көрсетемін. 1 - ші және 2 - ші түзу сызықтарын төменнен жоғары қарай сызамыз содан кейін 2 түзу сызықтың үстін 1түзу сызықпен жабамыз. Міне, біздің босағамыз дайын.
Осылайша бәріміз қарындашымызды оң қолға алып, ақ қағазда бейнеленген босағаның үстінен түзу, қателеспей бастырамыз.
Балалар босағаны бастыру тәсілі мен салуды үйренеді.

Сергіту сәтін жасайық.
Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.
Сурет салған балалардың суретінен көрме ұйымдастырып, жақсы салған баланы мадақтау.

Қимылдық ойын: «Допты қуып жет». Ойынды балалармен шаршағанды басу мақсатында ойнатылады.
Сабақ қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үйде босағаның орналасу ретін;
Түсінеді: Қағазға босағаның ізін қалдыру керектігін.
3 128
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау. Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеті мен жүріс тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру
Шаңырақ отбасылық сайыс
Шаңырақ отбасылық сайыс
Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, халық педагогикасын оқу - тәрбие барысында қолдану, ұлттық тәрбиені дамыту, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасы тәрбиешісі: Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасы тәрбиешісі: Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыруға арналған дидактикалық ойындар
Өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыруға арналған дидактикалық ойындар
Атырау қаласы, №16 "Дюймовочка" балабақшасының тәрбиешісі Шалтақова Эльмира Жұмажанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×