Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


We dance and play and sing and say

22 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
БҚО Орал қаласы,
№37 «Жұлдыз - ай» бөбекжайы МКҚК
Жобаның жетекшісі: ағылшын тілі мұғалімі Едилова А. А.

Жобаның тақырыбы: «We dance and play and sing and say»
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы айтып бере алады. Шетел тілі ана тілімен қоса баланың сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді.
Мектепке дейінгі жас балаларына ағылшын тілін оқытудағы басты мәселе – ол әдіс - тәсілдерді дұрыс таңдау және қолдану.
Әндер, тақпақтар, санамақтар және ертегілер балалардың сөздік қорын молайтады.
Жобаның түрі: білімділік, дамытушылық, шығармашылық.
Жобаның қатысушылары: ересек топ балалары (5 - 6 жас)
Жобаның жүзеге асу мерзімі: қысқа мерзімді (4 апта)
Жобаның өзектілігі: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік, көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі.
Жобаның мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық әрекет түрлері арқылы ағылшын тіліне үйрету, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру. Тілді неғұрлым тиімді, жеңіл тәсілдер арқылы дамыту. Ағылшын тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:
• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Балалардың ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығының артуы.
Балалардың ағылшын тіліндегі тілдік қорының дамуы.
Оқу тәрбие процесіне ағылшын тілінің мүмкіндігінше енуі.

1- бөлім
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар:
1. Жобаның тақырыбын таңдау
2. Жобаның тақырыбына сай мақсаты мен міндеттерін анықтау.
3. Қажетті материалдар, әдебиеттер, әндер, тақпақтар, мақал - мәтелдер, ертегілер жинақтап дайындау.
4. Көрнекілік материалдар, ертегіге қажетті атрибуттар (үйшіктер, ағаштар, торайлардың маскалары) дайындау.
2- бөлім

Жобаның жүзеге асу барысы:
1. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті «At the farm»
“Old Mc Donald had a farm” әні.
2. Дидактикалық ойын «Road rules»
3. Қимылды ойын “Do like me”
4. Қимылды ойын “Five little friends”
5. Poem: “I love my mother”
6. Poem: “Little mouse and little cat”
7. Қуыршақ театрында «three little pigs» ертегісін сақыналау.
8. “7 little kids” ертегісін бейнетаспадан қарау, кейіпкерлерді бөлу.
9. “7 little kids” ертегісін сахналау
10. “My favorite fairytale” көрмесі.

3 бөлім
Қорытынды.
Жобаның жүзеге асу барысында жоспарланған шаралардың барлығы орындалып, нәтижесі сараланады.
Жобаның жүзеге асуы жөнінде есеп.
Жобаның жүзеге асу барысында алынған материалды жинақтау.
Жобаның жүзеге асырылуының шарттары:
Балалар мен ата - аналардың қызығушылықтары.
Қажетті әдебиеттер мен құралдардың болу болуы.
Ата - аналардың белсенді қатысуы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 495
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балалар мен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Балалар еліміздің болашағы. Өмірде баланың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш шаттығынан асқан бақыт жоқ.
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады.
English is fun!
English is fun!
My cat I love my cat. It is warm and fat. My cat is grey. It likes to play.
Бидай өсіру
Бидай өсіру
СҚО, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебі Жобаның авторы: Ибраева Толқын, Салықбаева Тамила Жетекшісі: Касимова Райхан Баймырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.