Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік ел – тірегі!

11 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тәуелсіздік ел – тірегі!
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді.

Тәрбиеші: Көк байрағын көтеріп,
Желбіреткен қазақпыз.
Түбі бірге бауырды,
Елжіреткен қазақпыз.
Бостандықты сағынып,
Қолына алған қазақпыз,
Егеменді ел болып,
Жолы болған қазақпыз!
Құрметті балалар! Біз бүгін сендермен салтанатты мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өткелі отырмыз. Еліміз егемендік алып, санамыз қайта жаңғырды. Жаңғырған елдің болашағы мына отырған сендерсіңдер, ел қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер.
Құрметті балалар бүгінгі мерекемізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастайық!

Бекжан:
Туған жерде боламыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан - туған үйіміз,
Оттан - туған еліміз.

Нұрлыаян:
Отан - менің ата - анам,
Отан - досым, бауырым.
Отан - өлкем, астанам,
Отан - туған ауылым.

Айшат:
Отан біздің анамыз,
Әлпештеген, өсірген.
Өмір нәрін аламыз,
Оның жұпар төсінен.

Нурбағыт:
Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.

Айсана:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Медина:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл нұрын сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің мерекеге қонаққа Ер Төстік келіпті, қане амандасайық.
Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай мерекені тойлап отырсыңдар?
Балалар: Тәуелсіздік күнін.
Ер Төстік: Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бақыт, қуаныш әкелсін! Балалар, мен сендерге келе жатсам жолда ағаштың түбінен мына қорапты тауып алдым. Қане, ашып корейікші. Балалар, маған сендердің көмектерің керек, мына хаттағы тапсырмаларды орындау үшін.
Тәрбиеші: Қане, балалар, Ер Төстікке көмектесеміз бе?
Балалар: Көмектесеміз
Тәрбиеші:
Балалар, сендер қайда тұрасыңдар?
Балалар: Астана қаласында
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан
Тәрбиеші: Елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: Ал сендер білесіңдер ме Қазақстан
Республикасының рәміздеріне не жатады?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран жатады.
Тәрбиеші: Тәуелсіздігімізге неше жыл?
Балалар: 25 жыл
Ер Төстік: Рахмет, сендерге. Мен сендерге ойын әкелдім. Қазір біз
« Оқтау тартысып»ойнаймыз.
Тәрбиеші: Ер Төстік біздің балалардың білімі қалай?
Ер Төстік: Рахмет, балалар! Сендер тәртіпті, білімді екенсіңдер! Менің жол жүретін уақытым болды, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар, сендер еліміздің болашағысыңдар! Тәртіпті, ақылды болыңдар! Осымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған сабағымыз аяқталды. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Тәрбиеші: Тажигулова Н. С.
«Балдырған» тобы
11 083
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Ата-мекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі: Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Жаса, Қазақстан
Жаса, Қазақстан
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Егемендік ел - мұраты
Егемендік ел - мұраты
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×