Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суды сақтаушылар

16 қараша 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: Суды сақтаушылар
Мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.
Білімділік: Су – тіршілік көзі екенін, оның пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, суды үнемдеуге ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, су, тұз, стакан, сүрткіштер, аққағаз, түрлі түсті қарындаштар, ермексаз т. б.
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.
Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, сурет салу, мүсіндеу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келді, оларға жылы жүзбен қарап, сәлемдесейік!(3тілде)
«Шаттық шеңбері»
Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа бізге дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
(құбырдан судың ағысын есту)
- Балалар ненің дыбысы естіледі? Бұл не өзі?
- Су.
- Сендер қалай ойлайсыңдар? Бүгінгі әңгімеміз не жайында болмақ?
– Су туралы
- иә, біз бүгін су туралы біліп қана қоймай, суды қорғап, оның сақтаушылары боламыз. Ал, енді экранға қарайық, біздің жас тілшілеріміз су туралы не айтар екен?
«Су туралы» видео ролик қойылады
- Балалар! бізге сиқырлы тамшы да қонаққа келіпті, тамшы судың құбырдан қалай келгенін және оны қалай үнемдеу керектігін үйретеді. Тамшымен бірге ғажайып су әлеміне саяхатқа шығамыз ба?
Видео презентация көрсетіледі.
- Балалар бұл не?
- Глобус.
- Жер шары, онда қандай түстер көп екен?
- Көгілдір.
- Ол нені білдіреді?
- Суды.
- Жер шарында үлкен суларды қай жерлерде кездестіреміз? Сендер білесіңдер ме?
- Көлдер, олар жер астының терең су көзі, оның суы мөлдір, таза, егер су жер бетіне көтеріліп шықса, ол бұлақ көзі болады. Теңіздер мен мұхиттердің сулары өзен көлдердің суларына ұқсамайды, олардың ерекшеліктерін білгілерің келе ме?

I Тәжірибе «Су — мөлдір»
● Балалардың алдына екі ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісінде тұзды су құйылған. Балалар суды ішіп көреді.
- Бұл қандай су?
- Тұщы, таза, мөлдір
- Біз қандай суды ішеміз?
-(Тұщы, таза, мөлдір ) Бұл су - өзен, көлде болады. Жер бетінде тұщы су жоқтың қасы.
Балалар екінші ыдыстағы суға қасықпен кішкене тұз салып араластырамыз. Судың өзгерісін байқаймыз, енді судың дәмін көріңдерші.
Балалар:
- Судың дәмі өзгерді. Ол ащы, тұзды болды.
Бұл тұзды су «теңіз сулары» болады. Бұл тәжірибелер арқылы біз судың қасиеттерін білдік. Енді бәріміз экранға қарайық!
Тамшының бірінші жұмбағы.
Айнала толған су,
Табылмас ішер су.(Слайд )
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?
- Неге олай? (балалар өз түсінігімен жауап береді.)
Слайд – Адамдар сусыз өмір сүре алады ма?
Балалар біздің ағзамызда 70%суды құрайды. Адамдар сусыз 2 - 10 күн аралығында өмір сүре алады екен.
Слайд.(Экранға қарайық,) Жер бетінде су нелерге, кімдерге қажет?(Мазмұны бойынша суреттер көрселеледі.) Балалар экраннан көрсетілген суреттер бойынша жауап береді.
- Ағаштар сусыз қурап қалады, гүлдер сусыз өспейді. Балықтар сусыз тіршілік етпейді, себебі олар суда болады.
- Балалар сендер балабақшада сумен қай жерде кездестіңдер?
- Мен балабақшаға келе жатқанда көлшікті көрдім. Көлшік жаңбырдан пайда болған су.
- Біз балабақшада тамақ ішерде қолымызды сумен жуамыз.
- Серуенде жүргенде ағаштарға су құямыз.
- Бөлмедегі гүлдерге су құямыз.
- Жуынатын бөлмеде беті - қолымызды жуамыз.
- Әжетханада суды ағызамыз.

Тәрбиеші: - Балалар бізге су не үшін қажет?
Балалардың жауабы - Суды ішеміз, жуынамыз.
- Сумен бау - бақшаны суарамыз.
- Сумен ас әзірлейміз, сумен қол жуамыз.
Тәрбиеші: - Бұзылған құбырдағы тамшаның ағып тұрғанын кім көрді? Сендердің ата - аналарың не істеді?
- Құбырдағы су қайдан келеді, балалар сендер өзендегі суды көрдіңдер ме?(ол таза емес, лай кір су.)
- Кімдер және нелер су арналарын ластайды деп ойлайсыңдар.(Адамдар қоқыстар ды тастайды, өндіріс орындарының қалдықтарын суға төгеді.)
- Құбырдан қандай су ағады?(таза,, мөлдір су) Бұл суларды тазалап отырады. Ал ендеше бұл суды тазалап көрейікші.

Тәжірибе «Лай суды сүзгіштен тазалап көру»
● Балалар суға құм салып, араластырып көреді, екінші стакандадағы сүзгіштен лай суды құйып, бақылайды. Балалар сүзгіштен өткен судың айырмашылықтарын айтады. Нәтижесін қорытындылайды.
Балалар енді бой жазып, жаттығу жасайық.

Сергіту сәті.
- Сусыз қарным тоймайды.
Сусыз кірім кеттпейді.
Сусыз гүлдер гүлденбес,
Сусыз күнім өтпейді.
- Таза суды біз күнделікті қолданамыз. Ол тынбай аға береді. Оны үнемдемесек не болады?- Жер бетінде таза су жоқ болады. Сол дұрыс па? Тамшының туыс бауырлары көп екен. Сендер қалай ойлайсыңдар Олардың қатары көбейеме? Тамшының отбасына қауіп төніп тұр. Ол бізді нағыз су сақтаушылары деп, осылай су сақтаушылар қатары көбейсе екен деп қиялдайды. Балалар енді тамшының тілегін орындап бізде өз қиялымызбен шығармашылық жұмысымызды бастайық. Барлығың келісесіңдер ме?
Балалар өз еркімен шығармашылық жұмыстарын жүргізеді.(Балалар тамшының бейнесін шеберлікпен мүсіндейді, суды қалай қорғау керектігін.
Саусақ жаттығулары орындалады.
Бұлт қабағын түйіп – ап
Бүркіп алды аспанды,
Тырс - тырс - тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.
- Балалар сендер өз жұмыстарыңды орындап, жатқанда мен де суды сақтаудың белгісін әзірледім. Бұл белгіні қайда ілеміз?
– Жуынатын бөлмеге.
Барлық кезде осы белгіге қарап, біз суды үнемдеп, қорғайтын боламыз. Балалар тамшы сендерге риза болып, мынадай кітапшаны сыйға тарту етеді.

Тәрбиеші: Әшірбекова Гүлназ
2 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Мөлдір су. Ермексазды жұмсартайық
Мөлдір су. Ермексазды жұмсартайық
Балалардың сөз байлығын, сөздік қорларын молайту, тәжірибе жасай білу қабілеттерін дамыту, өз бетінше әрекет ете білу, бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау
Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау
Су – тіршілік көзі екенін, оның пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының «Балауса» тобының ІІ санатты тәрбиешісі Кемалова Маржанкүл Тасмағамбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×