Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс қызығы

09 қаңтар 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қыс қызығы
Естияр тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға үйретуді жалғастыру, балаларды анықтауыш синонимдерін жинатуға жаттықтыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Тіл дамыту дәптері
Ұйымдастырушылық - қозғаушылық
Жұмбақ шешкізу.
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
- Ол не, балалар?
- Ендеше қар қай мезгілде жауады?

Ізденіс – ұйымдастырушылық
Есік қағылып топқа Аққала кіреді.
Балаларға «Ақшақар»өлеңін оқып береді.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып - жылтыр боп қатады.
(А. Тоқмағамбетов)
- Балалар, қар қандай болады?
- Балалар, аязды күні қарды басып жүрсең, қандай дыбыс шығарады?
- Қыста қандай ойындар ойналады?
- Ия, тағы қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
- Балалар қар күн жылынып кетсе, не істейді?(Ериді)
- Еріген қар күн суытса неге айналады?(Мұзға айналады).
«М», «Н» дыбыстарына жаттығу орындату.
М - м - м - мұз,
Ма - ма - ма - марал,
На - на - на - нан,
Н - н - н - нар.
«М», «Н» дыбыстарының дауыссыз дыбыс екенін айтып өту.
Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз
Мойынымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ - топ басып,
Орнымызға барамыз.
Дәптермен жұмыс.
Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындату.

Рефлексті - түзетушілік
Балаларды соңынан оқу іс - әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: бірінің сөзін бірі тыңдай білу;
Игереді: бояуды игерді;
Меңгереді: әңгімелей білуді;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 880
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Аққала балаларда қонақта
Аққала балаларда қонақта
Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру. Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым құбылыстары (қардың жауғаны, аяз) туралы түсініктерін кеңейту.
Қош, келдің жаңа жыл!
Қош, келдің жаңа жыл!
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, МКҚК №18 балабақша тәрбиешісі Рустемханова Айгерим Сериковна
Қысқы ойындар
Қысқы ойындар
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы МАД тобының тәрбиешісі - Дюсемалиева Гүлсім Жексенқызы
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Көкөністер
Көкөністер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×