Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 саны және цифры

13 қаңтар 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тәрбиеші: Абильмажинова Айгерим Серикбековна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: Жас толқын
Саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 3 саны мен цифры
Мақсаты:
1. Балаларды 3 саны және цифрымен таныстыру, тура және кері санауға үйрету, 3 санын жаза білуге, сандарды заттармен сәйкестендіре білуге үйрету.
2. Ақыл ойын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: видео ролик, тапсырма салынған конверт, жұлдызшалар, деньиш блоктары, математикалық планшет, күзгі жемістердің суреттері, дәптер қарындаш.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, топтық жұмыс, сұрақ жауап, ойын т. б.
Тілдің үштұғырлығы: бір – один – one, екі - два – two, үш – три – three

Мотивациялық қозғаушылық - Балалар бүгін бізде ерекше күн. Себебі бізге көптеген қонақтар келді. Енді қонақтармен амандасайық. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып музыка әуенімен үш тілде амандастыру.
Хабарлама келеді.
- Балалар бізге бейне хабарлама келіпті, қане ашып көрейік. (Теледидардан алдар көсе сөйлейді. Өзінің балаларға арнап тапсырмалар тығып кеткенін хабарлайды. Тапсырманы тиянақты орындап, тәртіпті болса топқа сыйлығымен келетінін айтады).
Балалармен тапсырманы қайда жасырғанын табу.

Ұйымдастыру – ізденістік 1 конверттегі тапсырма:
(үш санын таныстыру)
3 топқа бөлу түстер бойынша. Деньеш блоктарын пайдаланып әр топ 1 пішін табады. Ол пішіндерді санау арқылы 3 санымен танысатынымызды айту.

Тілдің үштұғырлығы: бір – один – one, екі - два – two, үш – три – three
Үш тілде тура және кері санату.

2 конверттегі тапсырма:
(3 цифрын бейнелеу)
- Келесі тапсырмада Алдар көсе сендерге үш санын бейнелеп көріңдер депті. Ендеше ауада жазып көрейікші, енді бір - біріміздің арқамызға жазып көрейік, енді аяғымыздың ұшымен еденге жазып көрейік, столға саусағымыздың үшімен жазып көрейік. Өте жақсы енді қарындашпен дәптер бетіне жазайық. (дұрыс отыру ережесін естеріне түсіре кету).

Сергіту сәті:
(музыкамен карточка арқылы жаттығу)
Музыка ырғағымен үш рет секіреді, үш рет оң аяқпен секіреді, үш рет сол аяқпен секіреді, үш рет отырып тұрады, үш реттен ыйықты алға - арқа айландыру т. б

2 конверттегі тапсырма:
(сәйкестендіру тапсырмалары)
Әр баламен жеке жұмыс.
Күзгі жемістерді тақтадағы сандарға сәйкестендіріп жапсыру.

Рефлекциялық - түзетушілік - Балалар біз Алдар көсенің барлық тапсырмаларын орындап тастадық. Енді сыйқырлы сөзді айтып Алдарды шақырайық. Сыйқырлы сөзді жұмбақ шешу арқылы біле аламыз.
Ал, санаңдар, санаңдар,
Бізде қанша адам бар?
Ортасында тәрбиеші,
Оң жағында ұлы бар,
Сол жағында қызы бар,
Білмесеңдер, біліңдер,
Тағы саусақ бүгіндер
- Енді барлығымыз бір, екі, үш дегенде Алдар көсе келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді бағанадан бері бақылап отырмын. Барлықтарың белсенді менің тапсырмаларымды орындадыңдар. Менің тапсырмаларымнан сендер не үйрендіңдер, кәне айтып беріңдерші.
- Алдар біз сізге бүгін танысқан үш санын жазып көрсетеміз. Балалар математикалық планшетке үш санын жазады.
Алдар балаларды мадақтап аспаннан жұлдызша алып келгенін айтып, балаларға ұсынады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балаларды 3 саны және цифрымен таниды, тура және кері санайды, 3 санын жаза біледі.
Игереді: сандарды заттармен сәйкестендіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Балаларды 3 саны мен цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.
4 санымен танысу
4 санымен танысу
4 санымен таныстыру, дұрыс санай білуге үйрету. логикалық ойлауың, пәнге қызығушылығын дамыту.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі Қоңырова Нағира Аманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×