Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пирамида құрастыру (үшбұрыш)

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Пирамида құрастыру (үшбұрыш)

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Тараулар: Қарапайым математика
Мақсаты: Білімділік: Балаларға пирамида жайлы түсінік беру, үшбұрышпен таныстыру пішіннен пирамида құрап үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Пирамида суреті, үшбұрыш пішіні.
Әдіс – тәсілі: Көрсету, айту, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Пирамида
Билингивалды компонент: пішін – фигура

Танымды оятушылық
а) Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу: «Күнмен амандасу»№1
Мақсаты: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.
б) Назарларын сабаққа аударту

Ұйымдастыру - іздестіру
- Балалар, мынау үшбұрыш пішіні.
- Үшбұрыш деп аталу себебі, оның үш бұрышы бар: саусақпен жүргізіп бұрышын санайық: біреу, екеу, үшеу.
- Мынау біздің күнделікті ойнап жүрген ойыншығымыз, бұл ойыншықтың атауы - пирамида. Пирамида деп аталу себебі – оның астыңғы жағы жалпақ, ал үсті жіңішке болып келеді, пирамиданың пішіні - үшбұрыш.

Сергіту сәті:
Қызыл, жасыл, сары, көк
Алуан - алуан пішіндер.
Ал, қанекей балақан
Тап үшбұрыш ішінен.
- Ал балалар, қазір бәріміз бірге пирамида құрастырамыз.
- Пирамиданың ең астына қандай дөңгелек қоямыз?
- Үлкен.
- Оның үстіне қандай қоямыз?
- Орташа.
Ал ең үстіне қандай дөңгелек қоямыз?
- Кішкентай.
- Өте жақсы балалар енді келіп өздерің реті бойынша пирамиданы құраңдар.
Ойын: «Қай зат артық?»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Үшбұрыш пішінді заттардың арасына дөңгелек пішінді зат қойып, қайсысы артық екенін тапқызу.

ШҚО, Аягөз ауданы,
№4 аралас орта мектеп ішіндегі шағын орталықтың тəрбиешісі
Абдинова Назым Даутовна

Толық нұсқасын жүктеу
11 218
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбына есептер шығару
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбына есептер шығару
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбын білу, жүйелеу. Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын дамыту.
Пирамида құрастыру
Пирамида құрастыру
Балаларға пирамида жайлы түсінік беру, үшбұрышпен таныстыру пішіннен пирамида құрап үйрету. Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көлемді фигуралар
Көлемді фигуралар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 3. 1. 2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған
Пирамида бетінің ауданы
Пирамида бетінің ауданы
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: «Пирамида бетінің ауданы» ұғымымен, оның негізгі формулаларымен таныстыру.
Пирамида
Пирамида
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Құйған ауылы, Н. Бозжанов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Садыков Аскар Садыкович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×