Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан – менің мақтанышым

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Қазақстан – менің мақтанышым
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет, Тіл дамыту, Құрастыру, Музыка
Түрі: Кіріктірілген
Мақсаты:
1. Қазақстан Республикасының қалалары туралы әңгімелеу
2. Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту
3. Балалардың халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу. Туған өлкесіне қамқорлықпен, құрметпен қарауға баулу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, өлең оқу, ән айту, құрастыру
Көрнекіліктері: «Туған өлкем бұрышы»

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған Жер Ана
Сәлем саған нұрлы күн
Аман - есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.

Ұйымдастырушылық ізденімпаздық
Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақтар қояйын.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің қай айы?
- Нешінші күн?
- Біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

Қазақстан – біздің Отанымыз. Еліміз үлкен, бейбіт, тәуелсіз мемлекет. Қазір көп ұлт өмір сүреді: қазақ, орыс, неміс, украин т. б. Ал, Назерке Республика туралы тақпақ біледі екен, бәріміз тыңдайық!
Қазақстан туған өлкем,
Жер көп пе сендей көркем
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
- Балалар, бас қаламыз, Елордамыз қалай аталады?
- Астана қаласы
- Астана туралы тақпақ тыңдайықшы?
Құндызай. Заман жаңа, ел жаңа
Күлімдейді кең дала
Өз Астанам – өз Ордам,
Сүйсінерім сен ғана.
Өте керемет, рахмет, Құндызай!
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Қазақстанның рәміздерін атап беріңіздерші?
Ортамызда Нұрсаят туымыз туралы тақпақ біледі екен,
ортамызға шақырайық!
Өркенің өссін Нұрсаят, рахмет! өте тамаша!
Сонымен қатар, биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл. Ендеше мен сендерге Қазақстан туралы өлең оқып берейін.
Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан
Менің жерім, менің елім
Күн сәулелі Қазақстан!
Көкке тиген асқар тауы,
Жасыл киген бақша бауы.
Менің жерім, туған елім
Күн сәулелі Қазақстан!

- Балалар, алдарыңызда Қазақстан Республикасының картасы. Бұл картада еліміздің барлық облыстары мен қалалары, өзені мен көлдері, таулары бейнеленген. Сендер еліміздің қандай қалаларын білесіңдер?
1. Бұл – Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана.
2. Көмірді көп өндіріп, қыста бізді тоңбасын дейтін қала Павлодар
3. Қарағанды өте әдемі қала. Бұл қаланың жері үлкен, сонымен қатар кәмпиттерді дайындайды.
4. Бидайды мол өндіріп, нан беретін Қостанай, Ақтөбе қалалары
5. Орал тауы орналасқан Орал қаласы
6. Балық көп шығатын Ақтау қаласы
7. Мұнайлы өлке Атырау
8. Күріштің отаны Қызылорда
9. Мақталы өлке Оңтүстік Қазақстан
10. Ең үлкен апорт алмасы бар Алматы
11. Абай, Жамбыл аталарымыз туған жер Семей
12. Цементі бар өлке Тараз

Сергіту сәті.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ
Дидактикалық ойын: Ойлан, тап
Шарты: Сендер сұраққа жылдам жауап беріп, 14 облысты құрастыруларың керек.
Мысалы: Елордамыз қай қала?
Мақтаның Отаны?
Мұнайлы өлке? Т. с. с.
Балаларды мадақтау. Қорытындылау
Хор. Егеменді Қазақстан(Н. Алғашбаев)

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Өз елінің атын, облыстарды;
Игеруі: Әр облыста не өндірілетінін;
Меңгеруі: Отанына, туған жерге сүйіспеншілікті

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№2 «Айгөлек» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Диханбаева Гүлімхан Жақсылыққызы
13 280
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - қыркүйек – білім күні
1 - қыркүйек – білім күні
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
1 - қыркүйек – білім күні
1 - қыркүйек – білім күні
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Қазақстан - біздің үйіміз
Қазақстан - біздің үйіміз
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі № 12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×