Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тастың ерекшелігі мен қасиеті

18 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Тастың ерекшелігі мен қасиеті
Мақсаты: Балаларды тастардың әр түрімен, олардың ерекшеліктері мен қасиетімен таныстыру.
Міндеті: Тастар туралы білімдерін бекіту: түсі, пішіні, салмағы, суға бататыны.
Тастарды және оның қасиетін салыстыра білу. Тасты тұрмыстық жағдайда пайдалануға болатыны туралы түсінік қалыптастыру. Толық жауап беруге талпындыру. Өлі табиғатқа қызығушылыққа тәрбиелеу

Сабақ барысы.
Кел, балалар келіңдер!
Шеңберге айнала тұрыңдар.
Алдыменен балалар
Амандасып алайық
Амансың ба Алтын күн
Амансың ба Жер ана
Амансың ба достарым
Амансыз ба апайлар!

Тәрбиеші: Балалар, мен таңертең балабақшаға келгенде топтан «Сыйқырлы қорап» тауып алдық. Ол қорапты бізге кім әкелгенін білгілерің келе ме?
- Не бар екенін билегілерің келе ме?
(Қораптың екі жағында жең бар, соған балалар қолдарын салып, ішінде не бар екенін анықтайды)
- Ішінде не бар екен?(Тас. Қағаз)
Алып шығыңдар, бізде көрейік.
- Расында да тас екен, ал қағазды не үшін салды екен? Балалар бұл хат қой! (Қорапшаны ортаға қойып, алдымен хатты оқиды.)
Хатта: Балалар қалдарын қалай. Мен Таусоғармын сендерді пашалығыма қонаққа шақырамын. Бірақ маған жету үшін жол жөнекей тапсырмаларымды орындауларың керек. Менің тастарымды ұмытпаңдар.
Тәрбиеші:- Сонымен балалар, Таусоғарға қонаққа барғыларың келе ме? Жол алыс патшалыққа жету үшін автобуспен бару керек. Автобус жүретін аялдамаға бару керек.(балалар қозғала бастайды) Балалар автобус келіп қалған сияқты, тездетіп отырып алайық.
(Балалар автобусқа отырады)
Тәрбиеші:- Балалар мына жерде қағаз жатыр. Бізден басқа автобуста ешкім жоқ, мүмкін бұл бізге шығар. Ашып оқиық. Балалар бұл Таусоғардың бірінші тапсырмасы екен.
1 - тапсырма
Тастың сыртқы қасиетін анықтау.
Балалар тастарды алақанымызға алайық, қолдарымен сипап көріңдер. Абай болыңдар қолдарыңды кесіп алмаңдар.
Шешімі: Тастар бұжыр, тегіс, қисық, түзу болады.
(Автобус тоқтайды)
Тәрбиеші:- Балалар ары қарай жаяу барамыз.(Балалар автобустан түседі)
Тәрбиеші:- Балалар тіз орманға келіп қалдық(орманға кіреді) Орманның іші қандай әдемі. Сендер нелердің дауысын естіп тұрсыңдар? Ой, балалар мынау не қылған қағаз екен (алып көреді) Балалар бұл Таусоғардың екінші тапсырмасы екен.
2 - тапсырма
Түсін және пішінін анықтау.
Тәрбиеші:- Балалар мен сендерге тастарды көрсетіп отырамын ал сендер түсімен пішінін айтасыңдар.
Шешімі: Тастардың түстері әртүрлі, пішіні әртүрлі болады
Тәрбиеші:- Балалар сендер тастар туралы мақал - мәтелдер билесіңдер ме?
(Балалардың мақал - мәтелдері)
- Жарайсыңдар балалар тастар жайында көп мақалдар біледі екенсіңдер. Жақсы ары қарай жолға шығайық. Балалар сендер шаршаған сияқтысыңдар сергіту сәтін жасап, шаршағанымызды басып, бойымызды жазып алайық.

Сергіту сәті:
Жолмен келе жатып, таптым көп тасты
Отырдым, жинап алдым сұр тасты
Оңға бұрылдым, таптым шұбар тасты
Отырдым, алдым, шұбар тасты
Солға бұрылдым, таптым ақ тасты
Отырдым, жинап алдым ақ тасты
Жолмен келе жатып, таптым көп тасты
Қуанышпен бақшама ала келдім тасты.
Тәрбиеші:- Жақсы балалар енді сапарымызды жалғастырайық. Балалар қараңдаршы жолда тастар жатыр екен, ал мына тастың үстінде тағы қағаз жатыр. Бұл Таусоғардың тағы бір тапсырмасы болар. (ашып көреді) Ия балалар бұл Таусоғардың келесі тапсырмасы екен.
3 - тапсырма
Өлшемін / размер/ және салмағын анықтау.
Ең үлкен, ең кіші, ортаншы тастарды табу. Салыстыру арқылы, екі алақанын

пайдалану арқылы тастарың размерін анықтайды. Үлкен тас алақанға сыймайды, ал кіші тас алақанының ішінде көрінбей қалады.
Шешімі: Үлкен, орташа, кішкентай және ауыр, жеңіл тастар болады.
(Таусоғар шығады)
Таусоғар: Сәлеметсіз бе балалар! Қош келдіңіздер. Төрлетіңдер. Менің тапсырмаларымды орындадыңдар ма?
Тәрбиеші: Орындадың солай ма, балалар?
Таусоғар: - Жарайсыңдар балалар мен сендерге ризамын, енді сендерге мен тастардан жасалған бұйымдарды көрсеткім келеді. Көрмеге апарып, тастан жасалған бұйымдар мен олардың суретін тамашалайды.
(Көрмеден кейін балалар ортаға жиналады. Тастардың қасиет жайында айтып кетеді)
Тәрбиеші: Қандай керемет Таусоғар біздің оралатын уақытымыз болды.
Таусоғар: Жақсы онда мен сендерге өз көрмемнен мына Бурабайдың макетін ескерткіш ретінде сыйлаймын.
Тәрбиеші: Рахмет сау болыңыз! (балалар қоштасады)
Қорытындылау:
– Балалар біз кімге қонаққа бардық?
– Таусоғар бізге не сыйлады?
– Балалар тездетейік біздің автобусымыз кетіп қалайын деп жатыр.
(автобусқа отырады)
– Балалар тастың қасиеттерін есімізге түсірейікші түсі, салмағы, пішіні қандай болады екен? Топқа да жеттік.
(автобустан түседі)
– Балалар сендерге саяхат сабақ ұнады ма? Сабағымыз аяқталды.
3 088
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып моншақтар әлемі
Ғажайып моншақтар әлемі
Балалардың тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Заттың салмағын қасиеттерін ажырата білуге жаттықтыру. Қиял – ойлау есте сақтау қабілетін дамыту.
Алма ертегісі
Алма ертегісі
Ертегі желісі арқылы балалар өз көзқарастарын білдіруге, әңгімелесуге баулу. Эмоцияларын білуге үйрету. Сахналауда кейіпкерлерді дұрыс қолдануды үйрету.
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Үлпілдек жүнді балапан» жапсырып үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Менің сүйікті мысығым
Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиеші Телманова Әсия
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×