Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балабақша!

21 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Қош бол, балабақша!»
Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері бүгін ерекше күн. Өйткені бүгін бір бірнеше жыл тәрбиеленген бүлдіршіндерді ұядан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Балабақша түлектерін қарсы алайық!

Тақпақтар:
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.

Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын.
Бүгінгі той ерекше.

Бес жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата - ананы,
Мектепке кетіп барамыз.

Ана тілін ардақтап,
Сурет салып, ән жаттап.
Ана салтын біз көрдік,
Оқып жазып үйрендік.

Хор: «Анашым»
Аудандық «Жауқазын» өнер фестивальі байқауында көркем сөз оқудан 3 орын жүлдегері атанған Утепберген Альбина мен Тұрлан Абзалдың көркем сөзін тыңдаңыздар.

Жүргізуші: - Балалар «5» деген бағаны білесіңдер ме?
Балалар: - Білеміз.
Жүргізуші: Қане айтыңдаршы бестік баға қандай балаларға қойылады?
Балалар: - Тәртіпті, сабақты өте жақсы оқыған балаларға қояды.
«5» баға Құрметті де сүйікті балалар! Мен сендерге «Білім ханшайымы» балаларды мектепке барар алдында білімдерін тексеріңдер деп жіберді. Менің қолымда тапсырмалар жазылған билеттер бар. Сол билеттердің жауабын орындалуын талап етеміз. Мен сендердің жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін. Мен билеттерді алып оқимын, ал сендер сұраққа жауап беріңдер.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар бір жыл бойына осы бүлдіршіндердің балабақшадан қандай тәрбие алды екен, не оқып білді екен деген сұрақтарыңызға жауап алады деп ойлаймын.

«5» баға: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қ. Р. президенті кім?
- Қ. Р. әнұранын орындаңдар.
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар. Атаңдар қазір қай мезгіл?
- 1 - 10 дейін тура және кері санаңдар.
- Геометриялық фигураларды ата.
- Сендердің балабақшаларың қалай аталады?
- Бақшамыздың директоры кім?
- Әдіскерінің аты кім?
- Топта неше баласыңдар?
- Топтарың қалай аталады?
Балалар хормен, жекелеп жауап береді.

Бестік баға: Рахмет балалар. Енді сендермен қоштасатын кез келді. Мен « Білім ханшайымына» сендердің мектепке дайындықтарыңды жақсы екенін айтып барайын. Балалар мен сендерге «Білім ханшайымының» табыс ет деп берген «Білім кілтін» апайларыңа тапсырайын.
Ал балалар сабақты жақсы оқып, тек бестік баға алыңдар. Сау болыңдар!
Ер балалар биі: «Қуыршақ»

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, апайлар, балғын бүлдіршіндер, өздерін тәрбиелеп,
мәпелеп өсірген тәрбиеші апайларына алғыстарын бір-бір шумақ өлең
жолдарымен білдіргелі тұр.

Орын берген бақшадан,
Директор апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Орны бөлек басқадан.

Витамин жеп қолыңнан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер апай сіздерге,
Алғыс айтып барамыз.

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
"Боранқұл бөбекжайында" тәрбиеші
Кыдырбаева Амангул Жарылгасыновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 182
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Қош сүйікті бақшамыз!
Қош сүйікті бақшамыз!
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №12 балабақша тәрбиешісі Сарыбаева СағынышШегебайқызы
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×