Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ажарлы күз арулары

30 қараша 2019, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ажарлы күз арулары
Жүргізуші - 1: Армысыздар, көрермен!
Жүргізуші - 2: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі де, мерекелі алтын күз құтты болсын! Бүгінгі өткелі отырған «Ажарлы күз арулары» байқауына қош келдіңіздер!
Бүгінгі байқаудың жүргізушілері: «Ақжелкен» тобының тәрбиешісі: Умирзакова Жанар және «Айгөлек» тобының тәрбиешісі: Атамбаева Ельмира.

Ж: Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын
Көңілді серіппелі күйін ашсын,
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып
Береке бірлікпенен ортақтассын.

Ж: Өнерпаздар жарысып сан - салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бұл байқаудың ашылу құрметіне,
Әуеленген ән мен би жолданады.

Ж: Сөз кезегін мектебіміздің мүдірі: Тастанбеков Қ. Т беріледі
Ж: Олай болса Жанар бүгінгі сайысымыздың шымылдығын әсем әнмен ашсақ деймін.
Ж: Әрине Эльмира, олай болса қарсалайық. Ән «Күзгі құбылыс» орындайтын Алихан Аяла
Ж: Келесі «Ақжелкен» тобының бишілерін қарсы алайық. Вальс «Күзгі ханзадалар мен ханшайымдар»
Ж: «Айгөлек»тобының ұлдарының тамаша саңырауқұлақтар биін тамашалаңыздар.
Ж: Жомарт көңіл жарқын күз,
Сары алтынға малынған.
Жетті міне Алтын күз,
Сары алтыннан бұрында,
Сары пүліш көйлегі,
Алтын күзді шынында,
Ару дерсін бейнелі.
Келістіріп бар сәнін,
Берген өзі табиғат.
Ажарлы күз аруларын қарсалайық жамағат!
Құрметті көрермендер жұптарымызды қошеметпен ортаға шақырайық!
Ж: 1 - жұп: Ал келіндер, келіңдер,
Бір біріне еріндер
Ару қыздар Эльвира мен Жанелді
Бұл сайыста тек биіктен көрінер, анасы Махамбетова Эльвира, Рамазан қызы Жанел қошеметпен ортаға шақырайық!
Ж: 2 - жұп: Айдай сұлу ажарлы
Аруды кім сүймеген.
Ардақ пенен Арайлымдай аруларға
Кімдер басын имеген. Алдарыңызда сайысымыздың екінші жұбы, анасы Барышева Ардақ пен Төлеген Арайлым қошемет.

Ж: 3 - жұп: Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгіне бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға келіп тұрған
Анасы Жадыра мен айдай сұлу Еркеназды
Қошеметпен қол соғып шақырамыз! Алдарыңызда келесі жұп анасы Каженова Жадыра. Ануар Еркеназ.

Ж: 4 - жұп: Анасы дейді қызын сұлу еркем
Бойжетер бүлдіршін қыз әлі ақ ертең.
Бәйшешек гүлдей болып Назгуль, Даяна
Келіп тұр бұл сайысқа бүгін көркем.
Сахнаға қошеметпен анасы Мухамадиева Назгуль, Берікқызы Даянаны шақырайық.

Ж: 5 - жұп: Бала бақша жұлдыздары өнер асқан
Билейді мың бұралып бала жастан
Жанерке мен анасы Самал ару
Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.
Ортада ару қыздарымыз анасы Абуова Самал мен Қайратбек Жанерке

Ж: 6 - жұп: Ал балалар қонақтар
Мұнда назар салыңдар
Анель менен Жұлдызды
Қол соғып қарсы алыңдар Алдарыңызда анасы Чаева Жулдыз бен Арманқызы Анель.

Ж: 7 - жұп: Ай десе ару, анасы көркем
Ортаға шығар Айару мен Маржандай еркем. Алдарыңызда байқауымыздың соңғы жұбы ерке қыздарыңыз Рақымғазы Айару мен анасы Омарова Маржанды зор қошеметпен ортаға шақырайық.
Алдарыңызда тұрған тамаша жұптарға тағы бір мәрте қол соғып қойындар

Ж: Әділ қазы шешеді
Істің ақ пен қарасын
Бүгінгі бұл сайыстың
Әділ берер бағасын - деп сайысымызға баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар
1. Мектебіміздің кітапханашысы:
2. Мектебіміздің психологы:
3.

Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтың күзді тойлаймыз. дей келе бүгінгі сайысымыз 4 бөлімнен тұрады
1. Таныстыру
2. Шығармашылық өнер
3. Күздік сән үлгісі
4. Үй тапсырмасы: «Күз сыйы»

Ж: Байқау шарты таныс болса, сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, сұрақтар қойып көрсек қалай қарайсың Эльмира.
Ж: Ия Жанар олай болса мен сұрап көрейін.
- Бүгінгі сайысқа дайынсыз ба? Қобалжу бар ма?
- Құпия болмаса, қандай өнерлеріңізбен көрермендерді тәнті етпексіз?
- Көңіл-күйің қалай балақай?
- Сайысқа қатысушыларға және өзіңізге не тілер едіңіз?
Рахмет, барлықтарыңызға сәттілік, олай болса сахна сыртына шығып дайындала берулеріңізге рұқсат.
Өнер қуып қыздарымыз өтер деймін.
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Жарысқа түскен қыздар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер деймін.
1. Махамбетова Эльвира, Рамазанқызы Жанель
2. Барышева Ардақ, Төлеген Арайлым
3. Каженова Жадыра, Ануар Еркеназ
4. Мухамадиева Назгуль, Берікқызы Даяна
5. Абуова Самал, Қайратбек Жанерке
6. Чаева Жұлдыз, Арманқызы Анель
7. Омарова Маржан, Рақымғазы Айару

Шалқытып Алтын күзде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Өз өнерін біздерге алып келген
Аруларды ортаға шақырайық. Келесі кезекте шығармашылық өнеріне өтсек (7 қатысушы)

Ал, халайық ықылас пен демелік,
Жұптарымыздың сән үлгісін көрелік
Сырыменен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берелік. Ендігі бөлім күздік сән үлгісі.
1. Махамбетова Эльвира, Рамазанқызы Жанел
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісін
Күзге біз де ризамыз
Аянбаған ел үшін.

Сайысымыздың келесі бөлімі Үй тапсырмасы: күз сыйы
Бұл бөлім бойынша сайыскерлеріміз үйден дайындап әкелген тағамдарымен таныстырады.
Ж: Бала ғой ата-ананың қаны-жаны
Бақшадан басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі мерекені қыздырайық

Ж: Ортада «Айгөлек» тобының биші қыздары «Қол шатыр» биі
Ж: Керімтаева Еркеназдың орындауында «Ертегілер» әні
Ж: «Айгөлек» тобының тамаша тақпақтарын тамашалаңыздар
Ж: Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық

Ж: Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерін өрлей берсін қайыспаңдар,
Құттықтаймыз жеңіспенен баршаңызды
Өскен елдің жұртынан қайыспаңдар

Ж: Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!

Бүгінгі Ажарлы күз арулары байқауын аяқтаймыз. Назарларыңызға көп рахмет!

Аягөз №4 мектеп шағын орталық тәрбиешісі
Атамбаева Елмира Победовна
2 397
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
Күз - береке, молшылық
Күз - береке, молшылық
«Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылдық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жомарт күз!
Жомарт күз!
Алматы облысы, Талғар қаласы, «№ 7 Айгөлек бөбекжай - балабақшасы» Мектепалды даярлық «Жас ұлан» тобының тәрбиешісі Ташкенбаева Ақерке
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Ұстаз болу – дүниеге нұр шашу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ешепетова Айгүл
Арайлы алтын күз
Арайлы алтын күз
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×