Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы жануарлар - Дикие животные - Wild animals

24 қаңтар 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жабайы жануарлар - Дикие животные - Wild animals

Мақсаты: Әрбір аңның атын атауларын ағылшын тілінде үйрету және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой - өрісін, ауыз екі сөйлеуін дамыту. «Who is it?/ I see a…/ This is the…» лексикасын пайдалану. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мультимедиа. Жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтары, муляжы. Сиқырлы қорапша.
Әдіс - тәсіл: Топтастыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойындар, айтыс, сөйлем құрастыру.
Билингвальді компонент: Түлкі - лиса - fox, волк - қасқыр - wolf, қоян - заяц - hare, аю - медведь - bear, кірпі - еж - hagehog

Жүру барысы:
Шаттық шеңбері. (2 минуттық)
Time to make a circle. [Everyone rushes to the center of the room and holds hands in a circle.]
Make a circle, big big big. [Make the circle bigger.]
Small small small. [Make the circle smaller.]
Big big big. [Make the circle bigger.]
Make a circle, small small small. [Make the circle smaller.]
Hello hello hello. [Everybody waves to each other. Try to make eye contact with each child.]
Make a circle, round and round. [Holding hands, walk around in a big circle.]
Round and round.
Round and round. [If you like, move the circle in the other direction.]
Make a circle, round and round.
Hello hello hello.
Make a circle, up up up. [While holding hands, everyone reaches up high!]
Down down down. [Crouch down low.]
Up up up. [Reach high!]
Make a circle, down down down. [Crouch low.]
Now sit down. [Everyone sits down.] ♫

- What season is it now?
Балалар табиғат дегеніміз не? Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Бізге берер сыйы да көп. Естеріңде ме балалар, кеше серуенге шыққанда хабарландыру көрдік. (балалармен серуен кезіндегі хабарландыру көріп, оны оқығандарын видеомен көрсетіледі. Не хабарландыру екенін естеріне түсіреді, яғни аңдар саябағынан аю қашып кеткен екен. Тапқан адамға сүйіншісі болады.)
- Ал балалар осы аюды табуға көмектесемізбе? Ендеше орманға саяхатқа шығайық.

This is a choo - choo train,
Puffing down the track.
Now it’s going forward,
Now is going back.
Now the bell is ringing.
Now the whistle blows.
What a lot of noise it makes.
Everywhere it goes.

Орман көрінісімен слайд арқылы таныстыру. Орман - лес - forest
Ал мына жерде сиқырлы қорапша тұр екен.
Сиқырлы қорапша - волшебная коробка - The magic box. Оның ашылуы үшін тапсырма орындауымыз керке!

«Жұмбақ шешу». Жұмбақтың жауабын, слайдпен көрсетіп, сипаттама беріп кету.

1 Өзі сұр түсті, ақсиған көп тісті.
Неге ұқсайды? Итке я! Тәк құлақ, аузы қара. Ол - батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар қауіпті жыртқыш аң.
2 Өзі айлакер, өзі қу.
Жүрген жері айқай шу.
Түсі қандай, қандай мінездеме бересіздер?
3 Үсті толы ине
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме.
Үстінде тікенегі бар я? Кім көрді?
4 Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.
Ол - икемсіз, балды жақсы көретін, судан балық аулап, жидек теріп, құстар аулап жейтін жыртқыш аң.
5 Ұзын құлақ, сақ өзі.
Қаша берсең орманға,
Қорқағым деп ат қоям.
Ол - қорқақ аң. Нені жақсы көреді? Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды.
Билингвальді компонент:
Түлкі - лиса - fox, волк - қасқыр - wolf, қоян - заяц - hare, аю - медведь - bear,
кірпі - еж - hagehog

Бұл жануарларды балалар біз "Жабайы аңдар" - Дикие животные - Wild animals деп айтамыз. Жабайы аңдар елсіз далада болады. өз азығын өзі тауып жиді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далда жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар.

Сергіту сәті:
Teddy bear, teddy bear, turn around,
Teddy bear, teddy bear, touch the ground,
Teddy bear, teddy bear, nod your head,
Teddy bear, teddy bear, close your eyes and go to bed.

- Мына тапсырмаларды керемет орындадық. Ал мына сиқырлы қорапшаны ашайық! (сиқырлы әуен дыбысымен педагог қораптың ленталарын шешіп ашады.)
Қараңыздар, қандай әдемі, бұл да орманның бір бөлігі. Мұнда кейбір жабайы жануарлар жасырынып қалыпты. Іздеп жүрген аюымызда ішінде екен. Сол аю еркіндікте жүргені дұрыс болар я, балалар?
Аружан: - Я аюдың бостандықта жүрсін. Оны адамдардың жеке бас пайдасы үшін, торда қамап ұстауы дұрыс емес!
Пойызбен балабақшаға оралу. «Чух - чух - чух»
Пиктограмма
I see a … лексикасын қолданып, жабайы жануарлардың аудармаларын айтады.
Қорытындылау. Мадақтау. Смайлик арқылы балалардың көңіл - күйін білу, көру.

Атырау қаласы,
№25 «Еркемай» балабақшасы
Ағылшын тілі маманы
Ақмырза Асел Маратқызы
6 067
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Аңдарды қорғауға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу
Farm and wild animals
Farm and wild animals
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы түсіндіру, олар туралы әңгіме құрауға үйрету. Әр бір жануардың ағылшын тілінде айтылуымен таныстыру.
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін оят
Ормандағы аңдар
Ормандағы аңдар
«Жасырылған аңды тап» дидактикалық ойын. Шарты: педагог үстелдің астына жұмсақ ойыншық қоянды жасырып қояды да, бала екеуі іздейді. Не жасырылғанын бала іздеп табады. Педагог қоянның суретін көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі. Қоян – жабайы аң. Оның
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Мақсаты: Жабайы жануарлармен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Қойылған сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беруге үйрету. Балаларға жаңа сөздерді қазақ тілінде дұрыс айта білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×