Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

24 қаңтар 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілік
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Ата-мекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
(Екі топтың балалары саппен, музыкамен залға кіреді)
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар! Біздің бүгінгі "Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік” атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
- Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
"Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік” атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

(Балалар ән ырғағымен залға кіреді.)

Тәрбиеші: Біз тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй - тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. Ең алдымен біздің мақтанышым рәміздеріміз. Бәріміз бір адамдай тұрып гимнімізді орындайық.
(Балалар, қонақтар орындарында тұрып ҚР Мемлекеттік гимнді орындайды)

Тәрбиеші: Олай болса біздің «Ботақан» тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек берейік.

Жансая
Отан - туған үйіміз,
Отан - туған жеріміз.
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

Бақтияр
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Ясмина
Туған жерім
Туған жерім, кең далам,
Сенен қуат, нәр алам.
Мақтан етем белдеріңді,
Мөлдіреген көздеріңді.

Жүргізуші: Балалар, біз сендермен бір ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар? Ендеше ойын қалай аталатынын, шартын мұқият тыңдап алыңдар.
Біз қазір «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынды «Ботақан» тобымен өткізсек. Ойын шарты былай: қазір мен сендерге бір сұрақ қоям, сол сұраққа сендер жылдам әрі дұрыс жауап беруге тырысыңдар. Келістік пе, балалар? Түсіндік пе ойын шартын?
Балалар: Иә, түсіндік.

Абилев Даулет

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл - қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығын оқушы бойына ұғындыру.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.
Тәуелсіздік – бақыт жолы ертеңгілік сценарииі
Тәуелсіздік – бақыт жолы ертеңгілік сценарииі
Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
16 - желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Мерекеде ел қуанып Шаттанып ән салған күн
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×