Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суды жақсы көретіндер

25 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Суды жақсы көретіндер
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Экология негіздері.
Мақсаты:
Білімділік: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету. Судың ерекшелігіне, қажеттілігіне және қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Балаларды сөйлету арқылы тілін дамыту. Ойындар ойнатып, қызығушылығын арттыру. Жануарлардың аттарын, олардың тіршілігі туралы түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, суды таза сақтауға, лас қоқыс тастамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд, балық суреті, аквариум, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: Балық, су.
Билингвальды компонент: Балық - рыба, су - вода.
Әдіс тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, ойын, жұмбақ, тақпақ, мақал - мәтел, слайд.

Шаттық шеңбер:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын кун келді.
Келіп шықты кун бугін!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Жұмбақ:
1. Қанаты бар - ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
- Дұрыс айтасыңдар балалар!
Бұл - балық. Балық суда тіршілік етеді. Ол желбезектерімен тыныс алады.
2. Аппақ жүнді үлпілдек,
Жалғыз жүрген тым сирек. (Қоян)
- Қоян да құрлықта тіршілік етеді. Ағаштың бұтақтары мен тамырларын қорек етеді. Қоянның тіршілігі үшінде су өте қажет.
3. Шелектеп су құйсаң да су жұқпас (Үйрек)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Үйрек - үй құсы. Жабайы үйректер де болады. Олар - су құстары. Суда жүзеді.

Слайд тамашалау:
Су және суда тіршілік ететін жануарларды таныстыру.
- Адамға, өсімдікке, жануарларға тіршілік ету үшін не қажет екен?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Су - түссіз, дәмсіз, иіссіз, сұйық, мөлдір болады. Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тіршілік ете алмайды. Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет. Сусыз ас дайындау да мүмкін емес. Суды ішеміз, сумен жуынамыз, кір жуамыз. Суды үнемді пайдалану керек. Суды ретсіз шашып, ысырап етуге болмайды.
Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет. Суды тамақ пісіруге, ішуге, кір жууға, бояуларға қосуға, тіпті судан электр қуатын өндіреді.
Суда тіршілік ететін жануарлар да бар. Су олар үшін мекені. Жануарлар да суда шомылады. Өсімдікпен қоректенеді. Ал өсімдік сусыз өспейді.

Сөздік жұмыс: Балық, су.
Билингвальды компонент: Балық - рыба, су - вода.
Ғажайып сәт:
Алтын балық келеді. Балалармен амандасып, олардан көмек сұрайды. Тәрбиеші алтын балықтың не үшін келгенін балаларға айтып береді.
- Алтын балық достарын таба алмай жүр. Сендерден достарын тауып беруді өтінеді.
- Қане, балалар, алтын балыққа көмектесеміз бе?

Дид. ойын: «Көлеңкесін тап!»
Шарты: Балалар балықтарды көлеңкесіне орналастырады.
- Балалар, сендер балықтарды көлеңкесіне дұрыс орналастырып, алтын балықтың достарын тез тауып бердіңдер.
Алтын балық балаларға достарын тауып бергендері үшін ризашылығын айтып қоштасады.

Сергіту сәті:
Таза суда балық жүзді,
Аққу мойнын созды.
Қаз қанатын жайды,
Үйрек келіп қонды.
Кім балық туралы тақпақ біледі?
Тақпақ айту:
Әділет: Су астында балықтар
Сазан, шортан, бекіре,
Неше түрлі балық бар
Шошытасың секірме.
Амина: Айқайлама, ұрыспа,
Тіпті аңырын тыныста,
Сазан нағыз сақ балық.
Жоламайды дыбысқа...
Амира: Білем десең, біліп көр.
Қармағыңа іліп көр.
Жайын үшін сөз бе екен.
Бақа, шаян, сүліктер.
Мақал – мәтел:
Балалардан өздері білетін мақал – мәтел сұралады:
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер - береке,
Ел жүрген жер - мереке.
Су - ырыстың көзі,
Еңбек - кірістің көзі.
Судың да сұрауы бар.
Сусыз жердің шөбі – арық.

Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?»
Шарты: Суда және құрлықта мекендейтін жануарларды ажыратып, оларды орналастыру.
Сұрақ - жауап:
- Балалар, адамға, жануарларға, өсімдіктерге, балықтарға тіршілік ету үшін не керек екен?
- Су қандай болады?
- Суды қалай пайдаланамыз?
- Балалар, сондықтан да үнемі суды үнемдеп, қорғап отыру керек.
Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

Атырау қаласы
№25 «Еркемай» балабақшасы
Мажиева Динара Бауыржанқызы
5 470
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суды жақсы көретіндер
Суды жақсы көретіндер
Суда тіршілік ететін жануарлар жайлы түсінік беру, құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету.
Су өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар
Су өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар
Табиғат байлығына қамқор бола білу дағдыларын жетілдіру. Аквариумда жүзіп жүрген балықтар суретін салу, дәстүрден тыс сурет салу дағдысын қалыптастыру, ұқыптылыққа үйрету.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының «Балауса» тобының ІІ санатты тәрбиешісі Кемалова Маржанкүл Тасмағамбетқызы
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы.«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Гүлжазира Махмутова Сиражеденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×