Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буратиноға көмектесу

06 ақпан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Ағылшын тілі»
Тақырыбы: «Буратиноға көмектесу».
Мақсаты: «Тілдердің үш тұғырлығы» бағдарламасы мақсатындағы ағылшын тілінде.
Балалар жеміс-жидектердің атауын, геометриялық пішін атауларын, үш тілде дұрыс айтуға үйрету.
Балалар дыбыстарды дұрыс айтуын жетілдіру, сөздік қорларын байыту.
Балалардың танып білуге, тілдерге деген қызығушылығын арттыру.
Сөйлемді грамматикалық жағынан дұрыс құрастыруға үйрету.
Білімділік: Балаларды ағылшын тілінде дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа ұйымшылдыққа, тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Слайд шоу, тақырыпқа сай суреттер жинағы және үн таспа.
Қажетті көрнекіліктер: Слайд шоу, тақырыпқа сай суреттер жинағы және үн таспа.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті,
Қорытынды мадақтау.

Жүру барысы: Good morning, children!
How are you?
I'm fine, thank you.
I'm glad to see you!
Sit down!
Амандасу сәті: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қалайсыңдар?
Жақсы, рахмет!
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы:
Рефлексифті корекциялаушы:
Мұғалім балалармен амандасады:
- Hello children!
- How are you?
I’m O’K
I am happy, thank you!
I’m glad to see you!
Stand up, please.
Sit down!
Make the wish circle.- балалар мұғалімнің жанына келіп шаттық шеңберін құрады.
- Олай болса балалар оқу іс - әрекетімізді бастамастан бұрын шаттық шеңбермен бастайық, көңіл күйлерімізді көтерейік.

Шаттық шеңбер.
Қайырлы таң ұстазым
Қайырлы таң достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық

Доброе утро учитель!
Доброе утро друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожелаите добра

Good morning, good morning
Good morning to you.
Good morning, good morning
We are glad, to see you!

Мұғалім:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар осыны ағылшын тілінде, орыс тілінде қалай айтамыз?

- Осы күз мезгілінде неше ай бар?

- Енді осы айларды екі тілде қалай атаймыз?

- Балалар күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?
- Күздің келгенін қалай білеміз?
- Өте жақсы!

- Балалар бүгінгі
оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Буратинаға көмектесу»

Осы кезде есік қағылып «Буратино» кіреді.

Мұғалім: - Ой балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміздегі тақырыбымызға сай
Буратиноның өзі де келіп қалыпты

Буратино: - Сәлеметсіздер ме
балалар!

Буратино: «Қарлығаш» тобы осыма?

Мұғалім: - Ия, Ия осы
«Қарлығаш» тобы.
- Буратино саған не болды?

Буратино: -«Ақбота» балабақшасының «Қарлығаш» тобында
ағылшын тілінен ашық сабақ өтеді дегенді естіп досым Мальвина екеуіміз келе жатыр едік.
Балабақшаның іші өте үлкен екен, бір - бірімізден адасып қалдық.
Мальвина «Көгершін» тобына шатастырып кіріп кетіпті. Мен сол жаққа барсам маған досымды балалар жібермеді. Үш тілде тапсырма береміз соны орындасаң ғана жібереміз деді.
Мен тек екі тілді ғана білемін, ағылшын тілін білмеймін маған көмектесесіңдер ме?
Мұғалім: - Буратино тапсырмаңызды көрсетіңіз, біздің балалар сіздің тапсырмаңызды орындап береді.

Буратино: - Тапсырманы электронды түрде жібереміз дейді.
Электронды деген сөзді қалай түсінуге болады?

Мұғалім: - Ой Буратино электронды деген қазір техниканың дамыған заманы.
- Біз компьютер арқылы хабарламаларды жібере аламыз.

Буратино: - Ее енді түсіндім жарайды.

Мұғалім: (компьютерін қарап алады хат келді ме екен.)
- Буратино хабарлама әлі келмепті «Көгершін» тобынан хабарлама келгенге дейін сен біздің балалар мен танысып ал.

Буратино: - Ал, сенің атың кім?
Буратино: - А как тебя зовут?
Тәрбиеші: - What is your name?

Буратино: - Сен қайда тұрасың?
Буратино: - Ты где живешь?
Мұғалім: - Where are you from?

Буратино: - Ой, балалар есімдерің қандай керемет.
- Бәріңіз де ағылшын тілін сөйлей білесіңдер екен.
(хабарлама келеді) видео қосылады. (Буратиноның досы Мальвина біздің тобымызда алдымен тапсырмамызды орындасаңдар биз Мальвинаны жібереміз)

Тапсырма слайдтан:
І. Мен сендерге «Оқу құралдарын көрсетемін соларды үш тілде атап беріңдер».
Кіта - книга - The is a BOOK
Дәптер - тетрать – The is a Copy book
Қалам - ручка – The is a Pen Карандаш – карандаш – The is a
Pencil

Мұғалім: - Өте жақсы

ІІ. Түсін ажырату: үш тілде
- Қызыл – красный - RED
Сары – жёлты - YELLOW
Жасыл – зеленый - GREEN
Көк - синий - BLUE

Мұғалім: - Жарайсыңдар балалар!
III. Сандар санау үш тілде
1 - Бір - Один - ONE
2 - Екі – Два – TWO
3 - Үш – Три – THREE
4 - Төрт – Четыре – FOUR
5 - Бес - Пять – FIVE

(Видео «Көгершін» тобының балалары: тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, тапқыр балалар екенсіңдер үш тілді жақсы меңгерген екенсіңдер. Ендеше біз Мальвинаны жібереміз)

Буратино: - Менің досым тағы адасып кетер барып өзім алып келейін.
Буратино мен Мальвина келеді (әуен қосылады)

Мальвина: - Амандасады.
Ризашылығын білдіреді.

Тәрбиеші: - Біздің балалар тапсырманы орындаймыз деп шаршап қалды, сенде шаршаған боларсың.
Кәне бәріміз бірге сергіп алайық.

Сергіту сәті:
Stand up.
Hands up
Hands down
Sit down
Stand up
With my hands
I clap, I clap.
With my foot
I tap, I tap.
Round and round
One, two, three

Мұғалім: - Өте жақсы балалар
Ал енді балалар біз екі топ болып ойын ойнап жіберейік.
- Ойынның аты «Кім жылдам»?!
- Балалар менің алдымдағы пішіндермен өз еркімен қалағандарыңды құрастырыңдар.
Пішіндерді екі топқа бөліп беремін, жарысып құрастырамыз. Олай болса балалар, пішіндерді құрастырайық. Кәне балалар бастайық.
Балалар өте жақсы сендер жылдам жинадыңдар, кәне енді балалар жинаған жапырақтарды санайық.
Ойынның шартты: Балалар алдарына қойған М. Монтессори элементтерін қолданып балалар өз еркімен құрастырады.
Мақсаты: Баланың саусақ моторикасын дамыту, ой қиялын кеңейту.

Буратино мен Мальвина: - Кәне балалар мен көрейін, жарайсыңдар өте әдемі.
Мұғалім: - Ал олай болса біздер Мальвина мен Буратиноға тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақ:

Буратино мен Мальвина:
- Ой балалар сендердің ойындарың маған ұнады, сіздерден ағылшын тілін үйрендім.
Балалар сендерге рахмет, маған көмектестіңдер, мені құтқардыңдар. Мен сендерге жемістерді алып келдім, маған осы жемістердің атауларын айтып беріңдерші.
. Буратино мен Мальвина балаларды мадақтап, балаларға жемістерді таратып, жемістердің атауын сұрайды, балаларға алтын кілтін сыйға тартады, қоштасып кетеді

Қорытынды:
Мұғалім: - Бүгінгі оқу
іс - әрекетіміз де не
үйрендік?

Мұғалім: - Бізге қонаққа кімдер келді?

Мұғалім: - Біз кімге көмектестік?

Мұғалім: - Бүгінгі оқу іс - әрекетіне барлықтардың
Жақсы қатысып, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер.
Сендерге рақмет балалар.
Жарайсыңдар балалар,
Сонымен балалар оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Балалар оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Әнмен аяқтаймыз.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутино ауылы
"Ақбота"балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі
Қосаева Бақытжамал Қосайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 968
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып түстер – Funny Colors
Ғажайып түстер – Funny Colors
Мақсаты: Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Journey to history - Тарихқа саяхат
Journey to history - Тарихқа саяхат
Мақсаты - Aim: 1. тәрбиелік: Балаларды Отанды сүюге, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
The Penguin
The Penguin
Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Балалардың танып білуге деген қызығушылығын арттыру. Сөйлемді грамматикалық жағынан дұыс құрастыруға үйрету.
How old are you?
How old are you?
"How oldare you?", “I am …” лексикалық бірліктерін беру. Тыңдау, сөйлеу, сәлемдесу және өзін - өзі таныстыр дағдыларын дамыту. Шет тіліне қызғушылыққа тәрбиелеу.
Аа әріпі. Apple, airplane сөздері
Аа әріпі. Apple, airplane сөздері
Аа әріпі. Apple, airplane сөздерін үйрету; балалардың ойлау, есту, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту, ертегіні қоя отырып, олардың сөйлеу тілін дамыту, ағылшын тілінде ертегі айтуға үйретту, сөздік қорларың молайту, қатесіз сөйлеуге дағдыландыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×