Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алмастың тіс жуғышы. Адамдар

23 ақпан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Алмастың тіс жуғышы». «Адамдар»
Білім саласы: «Коммуникация» «Таным»
Ұйымдастырылып кіріктірілген оқу қызметі: Көркем әдебиет. Құрастыру.
Мақсаты: 1. Өз жанұясына деген сүйіспеншілікке, құрметтеуге, қамқорлауға тәрбиелеу. Өз іс тәжірибесінен әңгіме айтуға үйрету
2. Қол моторикасын дамыту, майлықтардан умаждаудың әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі пішіндерден бөліктерді қосу
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, саусақ моторикасы.
Көрнекілігі: тазалыққа арналған суреттер, майлық, желім, үлкен ақ қағаз
Сөздік жұмыс: Салауатты өмір салты
Билингвальды компонент: Тіс жуғыш - зубная паста, жанұя - семья.

Мотивациялық қозғаушылық
Психологиялық сәт
Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын құру.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп.
Үлгі аламыз жақсыдан
- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.
- Қайырлы күн!
- Сабағымызды жақсы оқиық
- Аман болайық

- Балалар, Алмастың суретіне бір қарайықшы.
- Дене бітімі сымбатты, мейірімді, оның маржандай аппақ тістері әдемі күлкісіне көрік беріп тұр.
- Алмасқа ұқсағыларың келеме?
- Ол өзінің бөлмесін таза және ұқыпты ұстады, үйін күтуде ол өзінің ата - аналарына көмектеседі. Егер сендер Алмас сияқты өскілерің келсе, ол үшін салауатты өмір салтының ережелерін сақтау керек, шынығу, дұрыс тамақтану, күн ережесін сақтау, табиғатпен, қоршаған ортамен сәйкестікте өмір сүру керек.

Ойын: Көрініс. «Темекіні тарпа»
Шарты: Қасқыр мен қоянның әңгімесі арқылы темекінің денсаулыққа зиян екенін түсіндіру.

Сергіту сәті
Кірпідей жиырылып
Қояндай секіріп
Керіктей керіліп
Бой түзеп аламыз
Билингвальды компонент: тіс жуғыш - зубная паста, жанұя - семья
Қозғалмалы ойын: «Автобус ішіндегі көрініс»
Шарты: Көлік ішінде үлкенге орын беру сияқты әдептілік қағидаларына үйрету.
- Балалар, мына ережелерді мұқият естеріңе сақтаңдар!
1. Әке - шешеңді, ата - әжеңді сыйла, оларды күт, ренжітпе!
2. Ауланың және үйдің тазалығын сақтауға үлкендерге көмектес.
3. Өз бөлмеңнің тазалығын сақта, лас, ұқыпсыздық адамның денсаулығына кері әсерін тигізетінін есіңе сақта!
4. Әркімнің өзінің жеке заттары және ойыншықтары өз орнында болуы керек.
5. Бөгде тарақпен таранба!
- Енді балалар, майлықтарды умаждау
Арқылы адамдардың бейнесін жасайық
Ол үшін үлкен бір бет қағазға желімді
Жаға отырып бірінші адамның басын қағаздан умаждап,
содан соң денесін, қолын, аяқтарын
жасаймыз. Қағазды умаждай отырып, қолдарын жасаймыз.

Рефлексиялық түзетушілік
Қорытындылау
Жағымсыз әдеттер кедергі келтірсе
Бір - бірімізге көмек бере жеңеміз
Саусақ салып ауызға, тырнақты тістелемей
Жуылмаған жемісті біз жемейміз.

Сагынгалиева Сулупан Сагынгалиевна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға селосы.
"Ақмарал"бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 175
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
Балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
Қатынас білім беру саласы бойынша «Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары.
Әтешті құрастырамыз
Әтешті құрастырамыз
Әтешпен таныстыру, ұжымдаса әрекет ете отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. балалардың сөздік қорларын дамыту.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет
Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×