Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол реттеуші

10 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Жол реттеуші
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін үйрете отырып, жол реттеушіні меңгерту, білімдерін пысықтау. Көшеде жүру ережесін білу арқылы, өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.
Балаларды жолда жүру мәдениетін үйретіп, байқағыштыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, көліктер немесе рульдер, жол белгілерінің суреттері.

Ұйымдастыру кезеңі: Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.
Жол ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы.
- Күн салқындап, жапырақтар түседі.
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Атырау қаласында тұрамыз.
- Дұрыс айтасыңдар Атырау қаласында тұрамыз. Біздің қаламыз үлкен, көшелері кең және көліктер көп. Осы көліктер көшеде бір – біріне кедергі жасап, соғысып қалмау үшін оларды көшеде реттеуші реттеп тұрады.
- Реттеуші деген кім?(балалар сұрайды)

Тәрбиеші: Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған. Оның негізгі міндеті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл құралын пайдаланады. Оны көпшілік ала таяқ деп те атайды.
Балалар бізге бүгін жол реттеуші қонаққа келді.
Реттеуші: Сәлеметсіздер ме балалар.
Балалар мен сендерге жұмбақ алып келдім.

Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақта,
Бақылаған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)

Алғашқы бағдаршам темір жолда пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ең алғаш бағдаршам Лондон қаласында пайда болған. Қазіргі заманда жол реттеушіні бағдаршам алмастыруда.
Тәрбиеші: Ендеше бағдаршамды тыңдайық.

Жанерке. Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Серікбол. Сары жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша!

Шаттық. Жасыл жарық: Жасыл жарық жол ашық,
Зымырай бер бел асып.
Барлығы: Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтседе
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Ойын: «Бағдаршам түстерін табу»
Реттеуші: Балалар бағдаршамның түстерін дұрыс тауып, ойынды жақсы ойнадыңдар. Біздің әрбір қозғалысымыз адамдарға, көліктерге берген ескертпелеріміз.

Тәрбиеші: Енді балаларымыздың жол реттеуші туралы тақпақтарын тыңдайық.

Жанерке: Бақылап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін
Реттеушіні көрдім мен.
Қиылыста дәл бүгін,
Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек тұрса егер
Реттеуші жолыңда?

Алдиар: Тік көтерсе таяқты,
Баспа алға аяқты.
Бағдаршамның бұл белгі
Сары шамы сияқты.

Жанель: Кеудесімен бұрылса
Қарап саған бетпе - бет.
Тұрғаны оның, ұғынсаң
Жолды жаптым өтпе деп.

Ерсәт: Арқа жағын қаратса
Өтіп кетпе аңғармай.
Бағдаршамның бұл белгі
Қызыл түсі жанғандай.

Арайлым: Оң иық не сол иық,
Бұрылса егер сен жаққа
Тұрып қалма мөлиіп
Алға қарай тез атта.

Реттеуші: Ендеше балалар жолдан өту ережелерін көрсетейік.
Балалар көліктерге мініп реттеушінің бағыт беруімен жолдан өтіп көрсетеді.
Бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты: «Белгілерді құрастыр және айтып бер»
Ойынның мақсаты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып, құрастырып, содан кейін айтып беруі керек.
Тәрбиеші: Балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Мұхамеджан: Реттеуші бұрылды,
Бір қырындап тік тұрып.
Жасыл жанды дегенді
Жүргіншіге ұқтырып.

Сабина: Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта, сақтан, жол ашық
Жүрме жолға таласып.

Оразбек: Мен көшеден өтерде
Бағдаршамға қараймын
Қоймаған ғой бекерге,
Жәрдемшісі ол талайдың.
Реттеуші: Балалар сендер өте алғыр, ақылды екенсіңдер. Жол ережелерін жақсы білдіңдер. Мен басқа да балаларға баруым керек, сондықтан сендермен қоштасамын.
- Сау болыңыздар балалар!
Қорытындылау:- Балалар бүгін немен таныстық?
- Жол реттеушімен, бағдаршаммен таныстық.
- Жол реттеуші не істейді екен?
- Жолды реттеп тұрады.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар.
- Түстері қандай?
- Қызыл, сары, жасыл. Көшелерден белгілерге қарамай жүгіріп өтуге болама?
- Жоқ.
Балалардың жақсы, белсенді қатысқандарын мадақтау.

Атырау қаласы
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай – балабақшасының
ортаңғы топ тәрбиешісі
Бектлеуова Дина Сагинбаевна
6 809
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Реттеуші белгілері
Реттеуші белгілері
Жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету.
Жолда жүре білесің бе, балақай?
Жолда жүре білесің бе, балақай?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Енсегенов Калыбай
Көшеде сақ бол!
Көшеде сақ бол!
Шалқар қаласы, №3 орта мектептің ҰКТ тәрбиешісі Өтепова Бақытгүл Сайлаубайқызы
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Реттеуші және оның ескертпелері
Реттеуші және оның ескертпелері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сеидова Джупар Худайбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×