Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді ойындар

17 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Көңілді ойындар
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Сенсорика.
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: домалақ

Билингвалды компонент: доп - мяч
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, математика.
Қолданылатын көрнекі құралдар: магнитті тақта, түрлі - түсті магниттер, әр түрлі ойыншықтар, суреттер, қуыршақ Айсұлу.

Мотивациялық - қозғаушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері
Қане, шеңбер құрайық
Алақанды ашайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған бар шуақты
Бір - бірімізге сыйлайық
Қонақтармен амандастыру.

Ұйымдастырушылық - ізденістік кезең:
«Ғажайып сәт»
- Балалар, бүгін бізге тағы бір қонақ келмекші еді, көрінбейді ғой. Қане, әйнек жаққа қарайықшы, бар ма?
(Балалар әйнек жаққа мойындарын бұрады)
- Жоқ.
- Енді есік жаққа қараңдар (Ол жақтан қуыршақты көреді)
Қуыршақпен балаларды амандастыру және таныстыру. Қуыршақ Айсұлудың балалардан көмек сұрай келгенін айту.
- Балалар, Айсұлу шарларды әдемілеймін деп магниттерді дайындап қойғанда қатты жел соғыпты да, магниттер араласып кетіпті. Енді ол қай магнитті қай шарға қоятынын білмей жылап отыр.
- Балалар Айсұлуға көмектесейік пе?
(Көмектесуге келіседі.)

1 - ойын:
Шарларды сол түстес магнитпен әсемдеу.
(Магнитті тақтадағы салынған шарларға сол түстес магниттерді жапсырады)
- Балалар, қызыл шарға қандай магнитті орналастырдық? (Қызыл магнитті)
- Ал көк шарға ше? (Көк магнитті)
- Балалар, назар аударыңдаршы, магниттер көп пе, аз ба? (Магниттер көп)
- Ал шарлар ше?( Шарлар аз)

2 - ойын:
Үстел үстінде көлемдері әртүрлі ойыншықтар жатады. Қуыршақ Айсұлуды сол жерге жақындату және ең кішкене ойыншық допты тауып беруін сұрау.
- Балалар, Айсұлу мына ойыншықтардың қалай аталатынын және олардың қайсысы кішкене, қайсысы үлкен екенін айыра алмай тұр. Сендер айта аласыңдар ма?
Балалар тұрған ойыншықтарды атайды, санайды және үлкен - кішісін көрсетеді.
Билингвалды компонент: доп - мяч
Балалар «доп - мяч» деп қайталайды
Доптың пішіні туралы сұраққа оның домалақ екенін айтады.
Сөздік жұмыс - домалақ

Саусақ жаттығуы:
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Тәрелкені сындырдың
Үстел үстін бүлдірдің
(Балалар екі қолдың саусақтарының бастарын біріктіріп доптың пішініне келтіреді, қол қимылдарымен домалаған доптың қимылын көрсетеді)
Д\о: «Ұқсас заттарды тауып бер».
Мақсаты: балаларға бір затты көрсету, балалар алдарында тұрған суреттерден соған ұқсас затты көрсетеді. Мысалы: шар. Оған ұқсайтын доптың, күннің, алманың т. б. суреттерін көрсетулері керек.
- Балалар, Айсұлу сендерге өте риза болды, балабақшада көп нәрсе үйреніпсіңдер. Енді балабақшаға мен де келем деп отыр. Ал қазір онымен қоштасайық.
Балалар қуыршақ Айсұлумен қоштасады.

Рефлексиялық - түзетушілік кезең:
- Біз бүгін кімге көмектестік?
- Айсұлуға көмектеспесек не болар еді?(Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді)
Балаларға Айсұлуға көмектесіп жақсы іс жасағандарын, үнемі бір - біріне көмектесіп жүрулері керектігін айтып мадақтау.
Келген қонақтармен қоштастыру.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: түсті ажыратуды, аз - көп ұғымдарын, үлкен - кішкене ұғымдарын, салыстыруды;
Игереді: ойлай білуді, қойылған сұраққа толық жауап қайтару керектігін;
Меңгереді: қайырымдылық жасауды, бір - біріне көмектесудің жақсы іс екендігін.

Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы, Солоновка ауылы
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Гульбаршын Какановна Захарьянова
22 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Жаздық киімдер
Жаздық киімдер
Жаздық киім түрлерімен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне - өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сиқырлы сандық
Сиқырлы сандық
Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай әр түрлі болатынын түсіндіру. «Біреу» және «Көп» ұғымын қалыптастыру.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Менің көңілді добым (сипаттау)
Менің көңілді добым (сипаттау)
Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Доп туралы мағлұмат бере отырып, оның түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×