Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй құстары

17 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Үй құстары
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Білімділік міндеті: Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту.
Дамытушылық міндеті: балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Тәрбиелік міндеті: үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, дидактикалық материалдар, слайд көрсету.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Қостілділік компоненті: тауық - курица, әтеш - петух, шөже - цыпленок

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрек жылуымызды,
Қонақтарға сыйлайық.
- Жақсы балалар, енді орындарыңа жайғаса қойыңдар.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, біз қандай құстарды білеміз?
- Құстар қандай болып бөлінеді?( Үй құстары және дала құстары болып екіге бөлінеді).

- Үй құстарына қандай құстар жатады? (қаз, үйрек, тауық, қораз).
- Дала құстарына ше?(торғай, қарлығаш, қарға, тоқылдақ, көкек).
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ал бұл құстардың айырмашылығы, балалар, үй құстары үйде бағылады, адамның көмегін қажет етеді. Дала құстары болса, өз бетінше өмір сүре алады, өз тамақтарын өздері аулап өмір сүреді.
- Балалар, үй құстары бір - бірімен қалай амандасатынын білесіңдер ме? құстар сөйлей білмесе де өздеріне тән дыбыс шығарып, өзара бір бірімен амандасып, адамдар сияқты қарым қатынаста болып, бірін - бір жақсы түсінеді және сезінеді екен.

Дидактикалы ойын:
Құстардың үнін балаларға тыңдата отырып, қай құстардың дауысы екенін сұрау.
Кәне, бір - бірімізбен үй құстары сияқты амандасайық. (Балалар үй құстарының дыбыстарына салып, бастарын изеп амандасады.)
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді балалар құстардың дене мүшесін атап өтейік.(денесі, басы, тұмсығы. қанаты, аяғы.)
- Өте дұрыс айтасыңдар!
- Тұмсығымен шоқиды, қанатын қағып ұшады.

Ғажайып сәт:
Топқа балапандарын жоғалтып алған тауық келеді.( Балалар қуана қарсы алады)
Ол балаларға өзінің шөжелерін жоғалтып алғаны туралы айтып мұңаяды және шөжелерін тауып беруге көмектесулерін сұрайды.
Тәрбиеші:
- Балалар, тауыққа балапандарын табуға көмектесеміз бе?(әрине, көмектесеміз.)

Сергіту сәті:
«Балапандар» биі. Тауықпен бірге балалар билейді (балалар қуанады).
Жұмбақ жасыру:
Күн бата қонақтап қалғыған,
Таң ата жерден жем аңдыған. (Тауық)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (балапан)
- Ал енді, балалар, тауыққа шөжелерін табуға көмектесейік.
Тапқан балапандарды тауықтың қасына қою.
Тәжірибелік жұмыс.
Ыдыста аралас болған тары мен бұршақты бір – бірінен ажыратып шөжелерге тарыны беру.

Рефлекциялық - түзетушілік
- Балалар сонымен біз бүгін қандай тақырыпта танысып, әңгімелестік? (Үй құстары)
- Үй құстарына қандай құстар жатады? (Тауық, үйрек, қораз, қаз).
- Дала құстарына ше? (қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, тоғай).
- Біз неге көмектестік? (біз тауыққа балапандарын тауып беруге көмектестік).

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй құстарымен дала құстарын ажырата білуді;
Игереді: Үй құстарының атауларын және олардың қалай дауыстайтынын;
Меңгереді: Құстарға қамқор бола білуді;

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Солоновка ауылы, «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Мамиева Салтанат Кожаевна
28 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй құстары (тауық, балапан)
Үй құстары (тауық, балапан)
Балаларға тауық пен балапанмен таныстыру. Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Тілдерін дамыту.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Үй құстары
Үй құстары
Атырау облысы, Атырау қаласы, А. С. Пушкин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тұрғанова Айман Тұрғанқызы
Үй құстары
Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×