Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақпен саяхат

25 наурыз 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Конспект
Ашық сабақ тақырыбы: Бауырсақпен саяхат
Білім беру саласы: «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға сыйлайық.
(есік қағылады)

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалар қараңдаршы бізге қарай домалап біреу келе жатыр. Бұл кім болды екен.
Бауырсақ: Ля - ля Мен Бауырсақпын
Сәлем кішкентай достарым
Балалар бауырсақ қайдан тап болды?
Балалар бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?
- Бауырсақ сен қайда бара жатырсың? Мен балалар ата мен әжемді таба алмай жүрмін.
Бауырсаққа көмектесеміз бе?
Ендеше Бауырсақпен бірге орманға саяхатқа шығайық.
(Бауырсаққа ұқсап домалап жүреміз)
(Орманға келеді)
(экранда көрсету)
Бір кезде алдарынан секіріп - секіріп қоян шығады
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Сүйкімді аппақ қоян. Жемеші мені мен саған өлең айтып беремін.
Қоян: Жоқ жоқ менің өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ. Егер сендер мына шашылып жатқан пішіндерді, атап, үй құрастырып берсеңдер мен бауырсақты жемеймін.
Мына шатасқан сандарды рет – ретімен қойып беріңдер, сосын Бауырсақты жемеймін
Д/ойын «Шатасқан сандар»
«Сандарды тура және кері санау» ойыны

Билингвальдік компонент: сәлеметсіз бе – здравствуйте, бір – уан, екі – ту, үш – фри, төрт – фо, бес - файв
Қоян: Жарайсыңдар балалар.
Менің тапсырмамды орындадыңдар Бауырсақты жіберейін
Ендеше саяхатымызды жалғастырайық. (Домалап, домалап бауырсақпен саяхаттап келеміз).
Қасқыр: Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін.
Жемеңізші, Қасқыр аға, біз сізге өлең айтып береміз.
Қасқыр: Жоқ, жоқ менің өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ, менің тапсырмаларымды орындап беріңдер, сосын Бауырсақты жіберемін.
Затпен санды сәйкестендіру.
- Мына картинкада неше шырша бар?
- Үш санын тауып сәйкестендір.

- Неше сәбіз бар?
- Неше қоян бар?
- Үш көппе әлде төрт көппе?
- Тең болу үшін не істеуге болады? Т. б
Қасқыр: Жарайсыңдар балалар рахмет сендерге мен бауырсақты жемеймін, жақсы достары бар екен.
Балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық.
Бауырсақ домалап, домалап келе жатады, алынан Аю шығады.
Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Жемеңізші, Аю аға, біз сізге өлең айтып береміз.
Аю: Ойланып тұрып Жарайды ендеше менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі
- Қыс айларын атаңдар! Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Жұмбақ шешу:
Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз.
- Әжемізге ереміз, бақшамызға келеміз.
Бұл қай кезде болады?
- Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз,
Серуенге шығамыз, қыдырамыз.
Бұл қай кезде болады?
- Күн батады қызарып, мамамызды күтеміз. Бұл қай кезде болады?
- Үйлерде шам жанады, дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем. Бұл қай кезде болады
Д/ойын: «Кім жоқ»
Балалардың зейінін, ойлау, көру қабілетін дамыту;
кеңістікті бағдарлау – оң жақ астына, ол жақ үстінде, ортасында ұғымдарын қалыптастыру.
Шарты: Экранда Бауырсақ кейіпкерлерін көрсету, кезе - кезек біреуін алып тастау.
Аю: Бәрекелді, Жарайсыңдар балалар, мен сендердің достарың бауырсаққа тимеймін.
Жолдарың болсын!

Сергіту сәті:
Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы
Ортан терек кезекші
Шылдыр шүмек көмекші
Бәріне ортақ алақан
Бір қолда нешеуміз
Бір қолда біз бесеуміз.
Балалар домалап, домалап бауырсақпен бірге саяхаттап келеді. Алдарынан түлкі шығады
Түлкі: Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін.
Жемеші, Түлкі, мен сізге өлең айтып беремін
Түлкі: Ой мен өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ. Менің қарным ашып тұр.
Егерде менің тапсырмамды орындасаңдар бауырсақты жемеймін.
Д/ойын «Салыстыр, ата әрі сана»
Тақтада тірек сызба картинкалары
Картинкадағы айырмашылықты атап айту, санау, салыстыру.
Түлкі: Бәрекелді! Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге
Мен енді айтқан уәдемде тұрамын Бауырсақты жемеймін.
Балалар қараңдаршы біз кімнің үйіне жетіп қалдық?
Бауырсақтың ата - әжесінің үйіне келдік.
Бауырсақ: Балалар сендерге көп - көп рахмет, сендер нағыз доссыңдар. Сендер сияқты ақылды, мейірімді, достар көп болсын. Сау болыңдар, балалар!

Теміртау қаласы, № 14 «Карлығаш» бөбекжайы»
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
Дайындаған: Умирзахова Айхан Култаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауырсақ ертегісін сахналау
Бауырсақ ертегісін сахналау
Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Геометрикалық пішіндері ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ертегі арқылы қамқорлыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат
1-ден 10-ға дейінгі сандар
1-ден 10-ға дейінгі сандар
Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандар (Қайталау)
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері (ертегі)
Бауырсақпен орманға саяхат
Бауырсақпен орманға саяхат
Мақсаты: Балалардың бауырсақ ертегісі мен саяхат жасата отырып ертегіде кездескен бауырсақ пен аңдар арасындағы қиыншылықтар жұптаса көмектесіп орындатуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×