Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат және Адам

08 қыркүйек 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Табиғат және Адам.
Мақсаты: Табиғатпен пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту.
Дамытушылығы: Табиғатқа деген қамқор қарым - қатынас дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Тазалыққа ізгілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия

Мотивациялық қозғаушы
Ізденушілік - ұйымдастырушылық
Рефл - коррекциялаушы Шаттық шеңбер
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды
Неткен ашық күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы.
Әңгімелеу
Тәрбиеші балаларға түсіндіріп шығады. Біз бүгін табиғаттың не екенін білдік. Оны аялаудың, қадірлеудің қамқорлыққа алудың қажеттігін түсіндік. «Табиғат - Ана» деп бекер айтпаған. Сол себепті табиғатты қоршаған ортаны қорғап, қамқорлық көрсетіп аяласақ, ол біздің Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғағанымыз екен.

Ойын: «Табиғатқа қалай көмектесе аламын»
Балалар шеңберге тұрып, доп арқылы сұрақтарға жауап береді.
Судағы жәндіктерге қалай көмектесе аласың?
Ауа таза болу үшін не істеу керек.
Ағаштарға қалай көмектесе аласың?
Гүлдерге қалай көмектесе аласың?

Дәптермен жұмыс.
Берілген дәптердегі суретті салыңдар.
Сергіту сәті
Қимыл - қозғалыспен көрсету.
Ғажайып сөздер.
Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Табиғат – айнала қоршаған әлем
Адамдар - табиғат бөлшегі

Жүректен - жүрекке.
Табиғатқа деген ризашылығын айтады.
Қолдарын көтеріп құшағын жайып, қимыл - қозғалыспен жасайды.

Балаларға әңгімелеу.
Ойын ойналады.
Ауасыз өмір жоқ
Ағашқа су құямыз.
Гүлдерге су құямыз.

Дәптермен жұмыс жасалады.
Сергіту сәті жасалады
Балалар сөздерді айтады.

Күн сәуле шашқанын үшін рахмет!
Таза ауа саған рахмет!
Ағаш көлеңкең үшін рахмет!
Балалар өте жақсы қатысты
Балалар мадақталды.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Табиғат және Адам
Игереді: Балалардың қызығушылығын арттыру.
Меңгереді: Табиғат - айнала қоршаған әлем.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Дощимова Жемісхан Қаратонқызы
9 798
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат - біздің досымыз
Табиғат - біздің досымыз
Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады. Адамның табиғатпен етене жақындасуы
Мен елімнің кішкентай азаматымын
Мен елімнің кішкентай азаматымын
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отанға деген ел туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғат және адам
Табиғат және адам
Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы білімдерін кеңейту; Табиғатқа деген қамқор қарым - қатынас дағдыларын дамыту;
Табиғат – біздің анамыз
Табиғат – біздің анамыз
Табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту. табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін, жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Таза болса табиғат, аман болар адамзат
Таза болса табиғат, аман болар адамзат
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Кужабекова Нуркия Бауыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×