Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшедегі қауіпсіздік

08 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Көшедегі қауіпсіздік»
Мақсаты:
Білімділік: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диаграмма, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету, мультфильм, жол макеті, әуендер.
Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.
Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ - жауап.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки.
Инклюзивтік әлеумет: Тілді жетік түсінбейтін бала аңғарымдылығын арттыру, ұялшақ балаға көмек беру.
(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)

Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)
Алтын сәуле арайлы.
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң қонақтар!
- Сәлеметсіздер ме?!
Тәрбиеші: Біздің тобымыз: - «Қызғалдақ»
Ұранымыз:
- Ережені білеміз,
Көшеде еркін жүреміз.
Біздің ұран осындай,
Сіздерге айтып береміз.
Біз бақшаға барамыз.
Оқу білім аламыз.
Тәрбиешінің айтқанын,
Есте сақтап аламыз
- Айтыңдаршы балалар, біз автобуспен қайда саяхат жасадық?
Көшеге саяхат жасадық
- Көліктер қайда жүреді? - Жолда.
- Көшедегі жолдар қандай болады екен? - Ұзын, қысқа, тар - кең
- Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді? - Жаяу жүргіншілер.
Қазір қай мезгіл? - Күз мезгілі.
Күздің қандай аттарын білесіңдер? - Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз, берекелі күз, жемісті күз, салқын күз. қара күз.
Ендеше теледидарға қарайық. Слайд көрсетіледі

Өлең оқу:
Жапырақтар ұшады,
Айналады дөңгелеп.
Жапырақтар түседі,
Желмен бірге желбіреп.
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар ойнайды,
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Қане, күз мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.
Жапырақтар сарғайып, жел тұрады, жаңбыр жауады, күн суытады.
- Қандай дыбыстарды естідіңдер?
- Ш - ш - ш - ш — жапырақтардың шулағанын.
Тырс - тыр жаңбыр жауғанын, желдің гуілдегенін, у - у - у - у. (Балаларлың жауаптары).

Күзді орысша не дейміз? - Осень
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» оқу іс - әрекетінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.
Айтыңдаршы, балалар!
Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?
- Бізді қауіптен қорғау.
Слайд: «Сақта жолдың тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп тұрады).
Тәрбиеші:
Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.
Сұрақ - жауап алу.
Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшеде жүруге бола ма? Балалардың жауаптары.
- Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
Ой толғаныс: «Венн диаграмма»
Ортақ қасиетін салыстыру. Ескерту, тыйым салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.
Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопастность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі - пешеходный переход, тыйым салатын белгілер - запрещающие знаки. Дұрыс, жақсы айтты.

Ерасыл:
Ерасыл деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы

Белгісі бар жерлерге.
Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады.
- Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі. - Фариза
- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы). - Темірлан
- Мынау белгі автобус аялдайтын орын. - Аяулым
- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады дегенді білдіреді. - Ақерке
- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады.
- Нұрбек
Жұмбақ жасырылады:
Үш көзі бар қаз – қатар.
Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасам
Үш түрл і нұр шашады. Бағдаршам
Қызықтыру сәті: (әдемі көңілді әуенге бағдаршам келеді). Балалар амандасады.

Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Қаратау қаласы "Бәйтерек" балабақшасының тәрбиешісі
Сейдашева Жанар Атырханқызы

Көшедегі қауіпсіздік жүктеу
14 449
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Көшедегі қауіпсіздік
Көшедегі қауіпсіздік
Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
Астана қаласы, №48 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Өмірзақов Нұржан Тұтқабайұлы
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жәнібек колледжінің информатика пәні мұғалімі Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович
Қай жерде ойнауға болады?
Қай жерде ойнауға болады?
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабиева Амалхан Тлеубаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×