Білімділер поралы

Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»

Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Экология. Мүсіндеу.
Мақсаты: Балаларды айналадағы дүниемен таныстыру. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сондықтан нанды қастерлеу, жерге тастамау керектігін білдіру. Еңбек адамын құрметтеуге баулу. Ауылшаруашылығындағы техника атауларымен таныстыру; ауылшаруашылық адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Ермексаздан мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолданып пішіндер жасау. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа үйрету
Қолданылатын көрнекі құралдар:: Фото - сурет, «Көктемгі егіс алқабы» «Нан өмір тірегі», «Тұқым себу», «Колхоз даласында», «Элеватор», «Наубайхана», бауырсақ, бауырсақтың суреті,
Қажетті құрал - жабдықтар: тақтайша, ермексаз, сүрткіш, таяқша, қатты қағаз.

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай екен?
- Ал қыста қандай өзгерістерді байқайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Ал біз таңертең ұйқыдан тұрғаннан соң не істейміз?
- олай болса күнде тамақтанған уақытта біз дастарханға қандай тағамды қоямыз екен?
- Әрине нан. « Ас атасы нан» деп бекерге айтпаған екен ата бабамыз. Ал олай болса осы басты тағамымыз нан дастарханға қалай келді?
- Әрине үлкен еңбектің арқасында келеді екен.
- Балалар нанның қалай жасалатын жолын мына суретке қарап айтайықшы. Көктемде диқаншылар егін саласына сепкен тұқымы жаздай өсіп, масақ бастары дәнге толып күзде сары алтындай жайқалған алқапқа айналады. Сол кезде егіс даласына комбайндар шығады. Комбайн егін орады, жинайды, бастырады. Бастырылған дән комбайнның жанына жүк машинасы келеді. Арнаулы тетік комбайн өңеші арқылы қауызынан аршылған дән машина қорабына құйылады. Машина астықты тиеп алып, қырманға әкетеді, қырманда астықты тазалап, кептіреді. Содан соң барып элеваторға жөнелтеді. Элеватордан астықты қажет кезінде диірменге жібереді, диірменшілер оны тазартып, ұн жасайды. Ұнды нан пісіру үшін наубайханаларға жібереді. Наубайханадан наубайханашылар нан пісіреді де, оны дүкендерге жібереді екен.

Атырау қаласы, Атырау облысы,
Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Кузембаева Лайла Сеиткалиевна

Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ» жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 21
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 21
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика