Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша

02 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Балабақша.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Қазақ тілі.
Мақсаты: өткен жылғы сөздерді еске түсіру, жаңа сөздер үйрету; қазақ тіліне тән дыбыстарды (і, ө) дұрыс айтуға жаттықтыру; тіл үйренуге деген қызығушылықтарын ояту. Қолданылатын көрнекілік құралдар: балабақша суреті (1 - кес - те), үлестірмелі суреттер (есік, терезе, кілем, төсек, үстел, орындық).
Қажетті құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, түрлі түсті қарындаш.
Сөздік жұмыс: есік, терезе, кілем, төсек.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Интерактивті тақтада балабақша суреті көрсетіледі.
- Балалар қайда келді? Тақтадағы суретке көңіл аударады.
- Балалар қайда?
- Топта не бар?
Жаңа сөздермен таныстыру (жұмыс дәптеріндегі суреттер арқылы).

- Мынау - есік.
І - і - і - ік - ік - міне, есік.
Мынау - ееік.
- Мынау не?
- Мынау - терезе, те - ре - зе.
- Мынау - кілем, кі - лем. І - і - кі - кі - кі - лем. Әдемі кілем. Үлкен кілем.
- Мынау - төсек. Ө - ө - өс - өс - төс - төс - төсек.
Сергіту сәті өткізу.
Отырамыз!
Тұрамыз!
Бір, екі, үш.
Біз жинаймыз күш! (2 - 3 рет қайталату).
«Дұрыс қайтала, көрсет» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі қима суреттер - мен жұмыс жүргізіледі.
«Сақ бол» дидактикалық ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі «Біздің балабақшамыз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіреді. Кейбір сөздерді балаларға бірнеше рет қайталатады.
Жұмыс дәптеріндегі кілемді (түскиізді) бояту.

Рефлексиялық - түзетушілік
Балалар қайда барады? Қандай сөз үйрендің? Кілем қандай?

Күтілетін нәтиже:
төсек, кілем, есік, терезе сөздерін білу;
казак тіліне тән дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуды игеру; сөздерді түсініп, саналы түрде есте сақтау дағдысын меңгеру керек.

Балабақша. жүктеу
48 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық - түлік
Азық - түлік
Азық – түлік аттарын қазақша атай алуға, естеріне сақтауға жаттықтыру; қандай?. Сұрағына жауап беру дағдысын жетілдіру. Тағамды қадірлеуге тәрбиелеу.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ойыншық атауларымен, қимыл - әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру (кел, отыр, тұр, бар, ал, әкел). ерекше дыбыстармен таныстыру.
Күнтізбелік жоспар
Күнтізбелік жоспар
Күнтізбелік жоспар Ұйымдастырылған оқу әрекетінің тақырыптық перспективтік жоспары Топ: Ортаңғы
Балабақша
Балабақша
Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Мақсаты: Жабайы жануарлармен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Қойылған сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беруге үйрету. Балаларға жаңа сөздерді қазақ тілінде дұрыс айта білуге үйрету.
Әжеме әдемі орамал
Әжеме әдемі орамал
Атырау қаласы, №16 «Дюймовочка» балабақша тәрбиешісі: Шалтақова. Э. Ж
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×