Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әркімге өз үйі

12 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім бері саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика
Тақырыбы: Әркімге өз үйі
Мақсаты: Балаларға жануарлар туралы түсініктерін тереңдету. Оларды бір - бірінен ажырата алуға үйрету. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Жануарлардың да үйлері болатындығын айтып, үйлерімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: бейнеролик, жануарлардың суреттері мен үйлері жабыстырылған шырпы қораптары, ит үйшігі, аю апаны.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап

Мотивациялық қозғаушы
- Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Сәлемдесу
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бізге келген қонақпен!
- Сәлеметсіздер ме!

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, «Жануарлар әлеміне» саяхатқа шығамыз ба? Ол үшін сиқырлы кітабы бар Аю мен тышқанды шақырайық.
Әлемде бар көп жануарлар
Бір - біріне ұқсай беретін
Банан жейтін, суда жүзетін,
Тау мен тасты паналайтын
Өзен - көлді жағалайтын
Асыр салып ойнайтын,
Білгің келсе олардың бәрін
Аюдың ашып көр кітабын
Достар бар ғой көмектесетін
Аю мен тышқан, аю мен тышқан.
Ғажайып сәт
Тышқан: Сәлем, достар!
Аю: Сәлем, балалар!
- Сәлем, аю мен тышқан. Аю, тышқан сендерді шақырған себебіміз бізге «Жануарлар әлеміне» саяхатқа шығуымыз үшін сиқырлы кітаптарың керек болды.
Аю: Жақсы, сиқырлы кітабымды берейін.
Тышқан: Алақай, «Жануарлар» әлеміне саяхаттайтын болдық.
- Ендеше, бізбен бірге отырыңдар.
- Балалар, бүгін біз сиқырлы кітаптан қандай қызық көреді екенбіз, қане ашып көрейік?!
- Бұл не?
- Дұрыс айтасыңдар! Бұл – құмырсқа. Құмырсқа өте кішкентай болады екен, солай ма?! Балалар, ал мынау оның үйі. Оны илеу деп атайды. Не деп атайды екенбіз? Құмырсқа илеулерін өздері жасайды.
- Қане, кітабымыздың келесі бетін ашайық. Ал мынау не?
- Дұрыс айтасыңдар! Бұлар – құстар. Құстар қанаттары арқылы ұшады. Ал мынау оның ұясы. Құстар ұясын ағашқа шыбықтарды өру арқылы жасайды екен. Құстың үйін не деп атаймыз?
- Қане, келесі бетін ашайық. Ал мынау не?
- Бұл – ит. Балалар қараңдаршы ит біз жасап берген үйшікте жатыр екен, солай ма?! Балалар, иттің үйшігі қандай пішіндерге ұқсайды? Төртбұрыш және үшбұрыш.
Аю: Жарайсыңдар, балалар! Ақылды екенсіңдер! Ал енді балалар менің үйімді көргілерің келе ме?
Тышқан: Қане, ендеше кеттік!
- Балалар, қараңдар, бұл аюдың апаны. Аю мұнда қыс бойы ұйықтайды. Балалар, аюдың апаны үлкен екен, иә?!
Аю: Менің апаным өзіме қатты ұнайды. – Балалар, қане бір сергіп аюмен бірге би билейік.
Сергіту сәті
«Аюдың әні»
- Жарайсыңдар! Балалар, қараңдаршы, мына жерде біз жаңа сиқырлы кітаптан көрген жануарлар бар екен және олардың үйлері. Қане, әр жануарды өздерінің үйлеріне кіргізіп қояйық.
Ойын: «Мекеніне апар»

Қызылорда қаласы.
Балабақшада тәрбиешісі Төрахмет Тоқжан

Әркімге өз үйі. жүктеу
2 521
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл бойы не үйрендік, не білдік?
Жыл бойы не үйрендік, не білдік?
Жануарлардың төлдерін ажырата білуге, пішіндерді, түстерді ажыратуға, үй құрастыруға үйрету.
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Суды жақсы көретіндер
Суды жақсы көретіндер
Суда тіршілік ететін жануарлар жайлы түсінік беру, құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету.
Жануарлар әлеміне саяхат
Жануарлар әлеміне саяхат
Мақсаты: 1. Жануарлардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Негізгі топтарымен (үй жануары, жабайы жануарлармен) таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×