Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кірпінің жанұясы

19 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Шығармашылық, Қатынас, Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: Кірпінің жанұясы
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін нығайту, сөздік қорларын молайту, үлкен – кіші туралы түсініктерін бекіту, қағазды қию және желімдеу икемділіктерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Балалардың желіммен жұмыс істеу икемділіктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа үйрету, тазалықты сақтау т. б.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты сурет салынған плакат, ойын атрибуттары, т. б.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрсету т. б.
Беленгвизм компоненттері: Жанұя, отбасы – семья, ине – иголка, кірпі – ёж.
Бастауыш сынып, сабақ жоспары, Отбасы туралы түсінік, сөздік қорларын молайту

Ұйымдастыру - қозғаушы
Амандасады. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады
Ізденушілік
Бөлме есігі қағылады. Ішке Дымбілмес кіреді. Ол қолындағы Ғажайып қоржын мен хатты Жұмбақбай атайдың беріп жібергенін айтып, тәрбиешіге береді. Дымбілместі балалардың қасына отырғызып, олармен бірге білім алуға шақырады. Тәрбиеші оқи бастайды.
Жұмбақ: Денесі ине,
Тұмсығы түйме. Ол не?
Кірпі – ёж, ине иголка, түйме – пугвица.
Олай болса, балалар, бүгінгі тақырып осы кірпіге байланысты болмақ.
Сұрақ қою арқылы балалардан кірпі туралы білетіндерін айтқызады.
Ғажайып қоржындағы балаларға арналған сыйлықтарды таратады.
Тақтаға суретті іледі және әңгімелейді.
Суретте неше кірпі бейнеленген? Көлемдері қандай?
Неге? Үшеуі неге бірдей емес?
Балалар, сендердің отбасыларыңда үлкені кім? Сен ше?
Балалар, олай болса суретте және сендердің қолдарыңда кірпінің жанұясы бейнеленген екен. Жанұяның отбасы деген мағынаны білдіретінін түсіндіру.
Жанұя, отбасы – семья.
Жеке жұмыстар. Жапсыру. Бейнені үлкенінен бастап жапсыруын қадағалау. Назар салып қарасаңдар кірпі денесінде инелері аз жерлер бар.
Сендер қағаздан инешелер қиып, қажет жерлерге жапсырасыңдар.
Ойын: «Қайсысы нені жейді?»
Ойын шарты: Бейнелерді сәйкестендіру.

Кірпінің жанұясы. жүктеу
2 886
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
My family
My family
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы
Менің отбасым
Менің отбасым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" тәрбиешісі Шораханова Жансулу
Отбасылық мерекелер
Отбасылық мерекелер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Отбасы
Отбасы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жапы орта мектеп МАД тәрбиешісі: Сулейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×