Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар біздің досымыз

16 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.
Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Баланың ой - өрісін дамытып, сөздік қорын молайту. Табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекіліктер: Құстардың суреті, тақта, үнтаспа. күн, үшып жүрген құстар, гүлдер.

Жылулық шеңбері:
- Балалар келіңдер шеңберге тұрып жылулық шеңберімізді орындайық.
- Балалар бақшаға келгенде ең бірінші сендерді кім қарсы алады?
- Апай
- Апайды басқа сөзбен қалай айтуға болады?
- Тәрбиеші.
- Дұрыс балалар мен сендер сияқты кішкентай кезімде мұғалім болуды армандайтынмын, міне бүгін сендердің алдарында тәрбиеші болып тұрмын.
- Ал балалар сендер өскенде кім болғыларың келеді.
- Балалар өз армандарын айтып қолдарындағы гүлдерін тақта бетіндегі ақ қағазға жапсырады.
- Балалар қараңдаршы біздің армандарымыздан не шықты?
- Жүрек шықты
- Дұрыс балалар біздің арманымызда, бір бірімізге деген сүйіспеншілігіміз де, қоршаған ортаға деген құрметіміз де барлығы осы жүрегімізден шығады екен балалар.
- Келешекте осы армандарын орындалсын, Қазақстанның мақтан тұтар азаматы болуларыңа тілектеспін.
Өсті ақыл санамыз
Қонақтармен ең алғаш
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздер ме апайлар.
Жарқырасын күніміз
Жайнап тұрсын гүліміз
Жақсы ниет тілекпен
Бастайық оқу іс - әрекетін біз.

Ұйымдастыру кезеңі.
Ал қане балалар орнымызға отырып оқу іс - әрекетімізді бастайық.
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда 4 мезгіл бар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың көктем мезгілі
- Ендеше көктем туралы кім тақпақ айтып береді?
Арнұр:
Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен,
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен.
- Жарайсың Арнұр отыра ғой.
- Балалар бүгін аптаның нешінші күні?
- Қазір бізде қандай оқу іс - әрекеті
- Қоршаған ортамен таныстыру.
- Балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын, өткен тақырыпты есімізге түсірейікші.
Балалар өткен тақырыпты естеріне түсіріп айтады.
Жарайсыңдар балалар. Осы ағаш бұтақтарына нелер қонақтайды, кімдер ұясын салады?
- Құстар
- Дұрыс балалар, ерте көктемде ұшып келетін құстарды есімізге түсірейікші
Ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын ал сендер көктем құстарын естеріне түсіріп шешіп көріңдер.
Шарлап келіп даланы
Үйіме, үйін салады.
(Қарлығаш)
Тақылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді, зиян кесті тазалап.
(Тоқылдақ)
Балалар көңілімізді тақтадағы құстардың суретіне аударайық.
Құстар жайлы түсіндіріп өту.

- Құстар немен қоректенеді?
- Құрт құмырсқалармен
- Осы құстар нені қорғайды?
- Ағаштарды
- Ағаштар бізге не үшін керек?
- Ағаштар таза ауа шығарады.
- Ендеше балалар мына тақтадағы құстарды ағашқа қондырайықшы.
- Балалар бір бірден шығып алған құс жайлы айтып ағашқа отырғызады.

Тосын сәт:
Сол сәтте Түлкі балапандарымен кіреді:
- Сілеметсіңдер ме балалар!
- Сәлеметсіз бе, түлкі.
- Менің қарным ашып тұр еді орта жолдан бір үш балапанды ұстап алдым, жақсы болды енді қарным бір тоятын болды. Мен бұларды үйшігіме апарып жеп алайыншы.

- Түлкі түлкі сіз бұларды қалайша алып кетесіз, сіздің салып алатын қалтаңыз жоқ қой.
- Ой расымен мен балапандарды жеткізгенімше қашып кетер.
- Түлкі біз балапандарыңызды қарай тұрамыз сіз барып себетіңізді алып келіңіз.
- Түлкі себетін алып келуге кетеді.
- Балалар, балапандарды құтқарып, балапандарға қамқор болдық.
- Балалар өлең жолдарын айтып балапандарға нан қоқымын тастайды.
- Балалар келіңдер балапандар тамақтанып алғанша біз сергіту сәтімізді орындайық біраз шаршағанымызды басайық
- Теледидардан сергіту сәті.
- Балалар сергіту сәтін орындайды

Қорытынды
- Балалар біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізде нені білдік? Не үйрендік
- Көктем құстарының түрлерін
- Қандай құстарды білдік атап шығайықшы?
- Балалар атап шығады,
- Құстар немен қоректенеді екен
- Құрт құмырсқалармен
- Құстарға қамқор болуымыз керек
- Олар біздің досымыз.

Осы сәтте топ ішіне тауық кіреді: құт – құт - құт - құт сәлеметсіңдер ме балалар

- балалар осы балабақша маңында менің балапандарым ойнап жүреді сол балапандарымды жоғалтып алдым, сендер көрмедіңдер ме?
Балалар көрдік сіздің балапандарыңызды түлкі ұстап алыпты, біз оларды құтқарып қалдық, міне сіздің балапандарыңыз.
- Рахмет сендерге балалар. Менің балапандарымды құтқарып алғандарыңа.
- Балапандарыма мынадай ақылды балалар қамқорлық жасағандарыңа алғыс айтамын және өз сыйлығымды бергім келіп тұр.
- Тауық сыйлықтарын береді
- Рахмет, сау болыңыз!
- Түлкі кіреді: Балалар менің балапандарым қайда?
- Түлкі түлкі мұңаймаңыз келіңіз бізбен бірге бір билеп көңіліңізді көтеріңіз. Жолдан әлі талай балапанады кезіктіресіз.
- Балалармен би билейді
- Балалар түлкіні балабақшамызды көрсетуге серуенге шақырады.
3 327
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстардың ұясы (қағазбен жұмыс)
Құстардың ұясы (қағазбен жұмыс)
Құстар туралы түсінік пен олардың адамға деген пайдасы туралы жетілдіру. Іскерліктерін дамыту. Құстардың тіршілігін ажырата отыра, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Жас бүлдіршіндердің құстар туралы білімін толықтыру, немен қоректенеді, қайда мекендейді. Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету. Құстар туралы ой - өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×