Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шалқан ертегісі

16 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ашық оқу қызметі «Шалқан» ертегісі
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу - қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамыту.
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.
Түрі: Көрініс, ертегі
Алғы сөз:
Құрметті балалар! Бүгінгі өткелі отырған «Күншуақ» ортаңғы тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. «Шалқан» ертегісі орыс халық ертегісі, балалар.
Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:
1. Қиял - ғажайып ертегісі.
2. Шыншыл ертегі.
3. Жан - жануарлар туралы ертегі.
4. Тұрмыс - салт ертегісі, болып бөлінеді екен. Ал, осы, «Шалқан» ертегісі балалар, тұрмыс - салт туралы ертегі екен.«Шалқан» орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар. Ендеше, апайлар және балалар, мен сіздері, осы «Шалқан» ертегісін «Күншуақ» ортаңғы тобының балаларының сахналағанын көріп - тамашалауды ұсынамын.
«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Ролдерде ойнағандар:
Автор: Байбатыр Ақлима.
Шалқан: Кәдірберді Ақторғын
Атай: Саматұлы Марғұлан
Әжей: Көшербай Айзере
Немере қызы: Түлейбай Айназ
Күшік: Тоқсанбай Ертарғын
Мысық: Өсер Әмина
Тышқан: Базарбай Айназым
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: - Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады. (1 - сурет)
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
Әже: - Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.
Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: - Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады. (2, 3 - сурет)
Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тағамнан ауыз тиеді. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
Тышқан: - Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса, мені шақырыңдар. Мен шалқанды өте жақсы көремін.

Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы
«Ақ шағала» балабақшасы МКҚК
Тәрбиеші: Кулбаракова Роза Онгалиевна

Шалқан ертегісі. жүктеу
39 544
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі.
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау. Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеті мен жүріс тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
- Балалар, қараңдаршы қарлығаш өзімен бірге көптеген суреттер әкеліпті. Қанекей көрейік, қандай суреттер бар екен? - Пияз, орамжапырақ, шалқан, сарымсақ. - Балалар мұның бәрін бір сөзбен «көкөністер» деп айтамыз.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту, ертегіні қоя отырып, олардың сөйлеу тілін дамыту, ағылшын тілінде ертегі айтуға үйретту, сөздік қорларың молайту, қатесіз сөйлеуге дағдыландыру.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Достыбаева Айсамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×