Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көлік түрлері

17 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Көлік түрлері
Оқу іс – әрекеті: Айналамен таныстыру
Мақсаты: Көлік түрлері туралы білім беру.
Білімділік: Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ - жауап.
Қолданылатын құрал: Техникалық құрал - жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
─ Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Көтеріңкі көңіл күймен қонақтармен «Шаттық шеңберге» тұрып амандасып алайық
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

─ Жарайсыңдар балалар, орындарымызға отырамыз!
─ Айтыңыздаршы балалар, бүгін аптаның 4 - ші күні. Ол қалай аталады?
─ Қазір жылдың қай мезгілі?
─ Күз мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?
─ Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
─ Күзді «Жомарт күз» деп неге атаймыз?
─ Өте жақсы, жарайсыңдар! Балалар күз мезгілін суреттейтін қандай тақпақтарды білеміз?
Ақтілек: Миуа мол - ақ,
Алма мен жүзім.
Атымтай жомарт,
Секілді күзің.
Нұрай: Түсті алтын жапырақ,
Ағаштан үзіліп.
Ұшты ұзақ сапарға,
Тырналар тізіліп.

Азамат: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін алтын күз.
─ Өте жақсы жарайсыңдар.

ІІ. Өткенді қайталау.
─ Балалар өткен оқу іс - әрекетімізде «Туған өлке» деген тақырыпта түсінік алдық. Ал, енді балалар айтыңыздаршы біз қай Республикада тұрамыз?
─ Қазақстан Республикасының президенті кім?
─ Ұлтымыз қандай?
─ Ана тіліміз қай тіл?
─ Біз қай қалада тұрамыз?
─ Жаңаөзен қаласын және қалай атауға болады?
─ Балалар, Жаңаөзен қаласы күн күннен көркейіп, әсем қалаға айналып келеді. Онда әдемі сәулетті үйлер, балабақшалар, мектептер, ойын алаңдары көбеюде.
─ Енді балалар бүгінгі жаңа тақырыбымызға назар аударайық!

ІІІ. Жаңа тақырып: «Көлік түрлері»
Ғажайып сәт:
Балалармен амандасып топқа жол полиция қызметкері кіріп келеді. Балалармен көңілді амандасып, өзін таныстырады
─ Балалар, сендердің бүгінгі тақырыптарың көлік түрлері болғандықтан мен сендерге жолда жүру ережелері жайында түсінік беруге келдім.
Бағдаршам туралы, бағдаршамның көздерін түсіндіреді, жолда жүру тәртібін үйретеді.
─ Балалар, сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме? Олай болса маған кім түсіндіріп береді?
Жандос: өз бағытымыздағы қызыл түсте тоқтаймыз, сары түсте жүруге дайындалып тұрамыз, ал жасыл түсте жүреміз.
─ Өте жақсы балалар, сендердің бағдаршам туралы түсінгендеріңізге өте қуаныштымын. Қош сау болыңдар, жолда аман – есен жүріңдер
─ Сау болыңыз, жолыңыз болсын!
─ Балалар, жол полициясының бағдаршам жайлы айтқан әңгімесінен кейін бүгінгі жаңа тақырыбымызды жалғастырамыз.
Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа – сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған (жануарлар дыбысы)
Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер.
Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т. б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады.
Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№6 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі
Рабиға Көшкінбайқызы

Көлік түрлері. жүктеу
5 306
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Бағдаршам біздің досымыз
Бағдаршам біздің досымыз
Торап, жүргінші жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Transport (Көліктер)
Transport (Көліктер)
Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету.
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Г. Агайдарова
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×