Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қойшы, түлкі жəне аю (қуыршақ театры)

09 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет, Шығармашылық
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Қойшы, түлкі жəне аю (қуыршақ театры)
Мақсаты: үйлесімді қимылды дамыту, əртүрлі дауыс күшін қолдана отырып, кейіпкердің эмоциялық бейнесін бере білу, түрлі қуыршақтарды қолданып, олармен ойнау тəсілін игере білуді дамыту, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану; тапқырлыққа, табандылыққа тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Қойшы, түлкі жəне аю» ертегісін оқу, жұмбақтар, тыныс алу жаттығуларын оқу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), театр
иллюстрациялары: драма театры, опера жəне балет театры, қуыршақ театры,
перде, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: уəде, белбеу, бүйрек, шаң.
Билингвальді компонент: қойшы - чабан, түлкі - лиса, аю - медведь,
қасқыр - волк.

ҰОҚ кезеңдері
Педагогтің басқару іс - əрекеті Балалардың іс - əрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Біз əдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
«Сəлеметсіздер ме?» – деп,
Сəлемдесіп аламыз.
Балабақшам, армысың!
Сені жақсы көремін.
Достарым менің, бармысың!
Құшақтасып алайын.
Балалар бүгінгі күні сəтті өту үшін бір - біріне жақсы тілектер айтып, шаттық шеңберіне жиналады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, бүгін бізді Ерден атай ертегілер əлеміне шақырды. Саяхат
жасағыларың келе ме? Ол жерде тамаша көріністер бейнеленген.
Жануарлар сөйлеп, қуыршақтар түрлі бейнеге ауысып, қимылдар
жасай алады. Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару.
Балалар қызығушылық танытып, ертегілер əлеміне
саяхат жасауға келіседі.
- Бұл театр ғимараты. «Театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда əртүрлі көріністер қойылады.
- Театрдың бірнеше түрі бар, есімізге түсірейікші.
Айарудың тапсырмалары.
1 - тапсырма.
Суретке қарап, театр түрлерін ата.
Саған қай театрда ойнаған ұнайды?
Театрда ойнайтын адамдарды кім деп айтамыз?
Біз шын актер бола аламыз ба?
Нағыз əртіс болу үшін не білу керек?
Тыныс алу жаттығулары:
1. «Қолымызды жылытайық».
Балалар, біз қыста қолғап кимесек, қолымыз тоңады. Ендеше қолымызды өз демімізбен жылытайық.
Жаттығуды 4 - 5 рет қайталату.
2. «Ыстық сүт (шай) ішейік». Сүт өте ыстық болғандықтан, бірден
іше алмаймыз. Оны суыту үшін көпіршігін (бетіндегі қаймағын) итере үрлеп ішеміз. Кəне, ыстық сүтті үрлейік.
Жаттығуды 2 - 3 рет қайталату.
Ойын: «Жұптасу, топтасу».
Музыка əуеніне қарай əртүрлі қимылдар жасап жүреді. Музыка əуені тоқтағанда, өзінің серігін тез тауып тұру керек. Келесі ретте төрт немесе бесеу болып жұптасады.
Ойын: «Қай аң екенін тап».
Педагог үстелдің үстіне аңдардың суретін теріс қаратып қояды.
Балаларды кезекпен шақырып, бір сурет таңдап алуын ұсынады.
Балалар суретке қарайды. Қуыршақ театры, драма театры, опера жəне балет театры.
Балалар өздеріне ұнаған театр түрлерін айтады.
Актер деп айтамыз. Мəнерлі сөйлеп, көркем қимылдап үйренеміз.
Балалар жаттығуды қайталайды. Қолдарын үйкелеп, ыстық дем шығарады.
Балалар жаттығуды қайталап, созып үрлеп үйренеді. Балалар музыка əуеніне
қарай көркем қимылдар жасайды. Ортаға шыққан бала суреттегі аңды қимыл - əрекетпен əрекетпен көрсетуі тиіс.
2 - тапсырма. Бірге жаттайық.
Аю жүрген орманнан
Жидек тере мен барғам.
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның деп.
Педагог «Қойшы, түлкі жəне аю»ертегісін естеріне түсіреді.
Ертегідегі жағымды жəне жағымсыз кейіпкер қайсысы? Ертегі қалай аяқталды?
Сөздік жұмыс: уəде, белбеу, шаң.
Билингвальді компонент:
қойшы - чабан, түлкі - лиса, аю - медведь, қасқыр - волк
Ертегіні кейіпкерлер арасында диалог құрып, қуыршақ театры арқылы көрсетуді ұсынады.
3 - тапсырма. Өзің ойнағың келетін ертегі кейіпкерінің суретін сал.
Ойнап көрсетеді. Қалған балалар қай аңды меңзеп тұрғанын табады.
Балалар тақпақты əртүрлі екпінде қайталайды. Ертегіні естеріне алады,
сұрақтарға жауап береді. Жағымсыз кейіпкер түлкі, ал жағымды кейіпкер қойшы.
Балалардың жауабы. Сөздерді қайталайды. Балалар рөлдерге бөліну үшін, текшелерді таңдап алады. Текшедегі кейіпкердің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.
Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
- Балалар бүгінгі театрдан қандай əсер алдыңдар?
- Қуыршақтарды қимылдату, қозғалту қиындық туғызды ма?
Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады.
1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды.
2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.
Сұрақтарға жауап береді. Балалар алған əсерлерін қоржынды таңдау арқылы білдіреді.

Күтілетін нəтижелер:
жасайды: сахнада өз құрдастарымен қарым - қатынас жасай біледі;
түсінеді: қуыршақ театры түрлерін ажырата біледі;
қолданады: дауыс ырғағы, дене бітімінің жағдайы мен жүріс - тұрысы арқылы нақты бейнелерді қолданады.
14 015
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Ақылды лақ (қуыршақ театры)
Ақылды лақ (қуыршақ театры)
Әртүрлі дауыс күшін қолдана отырып, кейіпкердің бейнесін бере білуді, өз əрекетін серіктесінің əрекетімен сəйкестендіре отырып, түрлі ырғақта қозғалуды қалыптастыру, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану; тапқырлыққа,
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Қуыршақ театры жəне оған қолданылатын қажетті құралдарды қалай пайдалануын үйрету, сөздегі дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, диалогпен сөйлесе білуге дағдыландыру, адамгершілікке, достық қарым - қатынасты бағалай білуге, шығармашылыққа тəрбиелеу.
Үйшік (театрландырылған ойын)
Үйшік (театрландырылған ойын)
Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту, сахналау барысында жағымды - жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез - құлқын келтіру, түрлі дауыс күшін қолдана білуді жетілдіру, үйлесімді
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
«Мақтаншақ қоян» ертегісі (киілмелі қуыршақ театры) Мақсаты: кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің
Театр əлемінде
Театр əлемінде
Балаларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; балалардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру; - театр өнеріне құрметпен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×