Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрле, төрле, Жаңа жыл!

13 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Музыка ойнап тұрады.
Залдың ортасында сәнді шырша.

Жүргізуші:
Даламызға, қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Таңырқаныпт ұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер, келіңіздер,
Биде билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер. Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Сәуле Сатыбалдықызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Темірлан:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Сезім:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен біргеміз,
Орманға кеп жетеді.
Назым:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Балалар біздің арамызға өткен жыл иесі - мешін келіп тұр екен.
Алихан:
Жыл иесі – мешінмін
Қалмайын деп кешігіп
Ала таңнан ояндым
Келер жылда көңілің
Былтырғыдай ақ болсын
Мәнді болып өмірдің
Барлығына бақ қонсын

Әмина:
Рахмет саған өткен жыл
Көп қуаныш төккен жыл
Бесте едік, бір жылға
Бізді есейтіп кеткен жыл

Жүргізуші: Бізге көп қуаныш сыйлаған мешінді құрметпен шығарып салайық.
Мына дауысты естідіңдер ме? Кім деп ойлайсыңдар, балалар?
Аяз Ата
Сендердің ойыншықтарыңды, сыйлықтарыңды алып келем деп шаршап ұйықтап қалған болар. Аяз Атаны оятайық.(шапалақтайды)
Сәлеметсіндер ме, қонақтар! Құтты болсын Жаңа жыл!

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата!(Осы кезде Жалмауыз Кемпір келеді)
- Аха Аяз Атаны көріп мәз болып тұрсыңдар ма? Ал Аяз Аталарыңнан сендерге арналған сыйлығы бар ма сұрадыңдар ма?
- Әй зұлым кемпір бүгінгі кештің шырқын бұзба. Тағы не бүлдіргің келіп тұр.
- Маған немере қызың керек. Бермесең мына балаларға арналған сыйлықтарыңды бермеймін.
Сен мейірімділікті үйренсеңші. Міне саған сыйлық - деп таяқпен түртіп қалады.(Жалмауыз Кемпір мейірімді болып шыға келеді.
- Мен көп қателік жіберіппін. Мені кешіріңдерші балалар, мен сендермен дос болайыншы.
(Қоян келеді.) Аяз Ата менің көжектерімді қасқыр ұрлап кетті табуға көмектесіңізші. Балалар көмектесеміз бе?

Ән: «Шырша жыры»
Балалар аққаланың сәбізін кім ұрлады?
Қасқыр келеді.(балаларды қуады)
Қасқыр: Мені ешкім қонаққа шақырмайды. Менімен ешкім дос болғысы келмейді. Мен барлығына ашуландым. Менен барлығы қорқады. Мен мейірімді болғым келеді. Аңқаулығым да бар, ана қу түлкіден алданып қалдым. Аққаланың сәбізін ақ қояндарға беру үшін алдым. Ақ қояндарды мен алдым.
Аяз Ата: Балалар біреуден зат алғанда қандай сиқырлы сөз айтамыз «Өтінемін» Алғыс ретінде «Рахмет». Қасқыр олай істеуге болмайды. Біздің балаларымыздың айтқан сөздерін ұғып ал. Енді қайталама. Екеуіміз ойын ойнайық. Егер сен ұтылсаң маған қояндарды қайтарасың.
Қасқыр: Жарайды.
Ойын: «Балық аулау»Қасқыр ұтылып көжектерін қайтарып береді.
Жарайсыңдар балалар!
- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Атырау облысы,
Исатай ауданы, Исатай ауылы
Бегимбетова Асел Болатовна
3 532
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Құтты болсын, жаңа жыл!
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады,
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін міне, 1 сынып оқушыларының жаңа жылды қарсы алуға арналған «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×