Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл шырша жанында

03 желтоқсан 2021, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Жасыл шырша жанында
Мақсаты:
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата аналар, қымбатты тәрбиешілер және біздің бала бақша бүлдіршіндері. Жана жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін, әр отбасына шаттық көңіл күй ала келсін!
Ақ көңілім айналды аппақ қарға
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға
Қыс қызығы басылмай ұласады
Қуанышы көп болсын Жаңа жылға,- дей отырып
«Балапан» екінші кішілер тобының «Жасыл шырша жанында» атты мерекелік ертенгілігімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы залдың іші қандай әдемі. Біздер қандай мерекені тойлауға келдік?
Балалар: Жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік. Балалар, қараңдаршы ортадағы тұрған не?
Балалар: Шырша
Тәрбиеші: Иа, шырша. Ал, шыршаның түсі қандай?
Балалар: Жасыл
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы шыршада әдемі ойыншықтар ілінген екен. Ендеше балалар бізге шыршамыздың көңіл - күйін көтеруге бір адам қонаққа келіп тұр екен ол кісі сиқыршы қарсы алайықшы.
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді).
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймын сіздерді.
Сиқыршы: Сәлеметсіздер ме балалар және құрметті қонақтар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Сиқыршы: Мені таныдыңдар ма мен сиқыршымын сендерді мерекелеріңмен құттықтауға келдім. Айнала неткен керемет, әдемі мына шыршамызда ойыншықтар неткен көп еді. Балалар, сендер де өте әдемі болып Жаңа жылдық киімдеріңізді киіп алған екенсіңдер! Балалар бірақ біздің шыршамыз көңілсіз сияқты, шыршамызға не жетіспейді.
Балалар: Шыршаның шамдары
Сиқыршы: Дұрыс шыршаның шамдары жетіспейді. Олай болса менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамдарын жағайық.

Балалар: Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
(3 рет) айтылады. Шырша шамы жағылады.
Тәрбиеші: Бәрекелді ендеше шыршамызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
Алуа: Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.

Атика: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.

Ақниет. Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар! Жаңа жыл мерекесіңде бізге тағы қонаққа кім келуші еді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар келеді.
Тәрбиеші: Қанекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық Аяз атамызбен ақшақарымызды ортамызға шақырайық.
Балалар: Аяз ата Ақшақар ау ау ау
Балалар: Ақшақар, Ақшақар.
(Залға аяз атамен ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Күміс сәуле тарайды
Ақшақармын аппақпын.
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Аяз ата мен Ақшақар: Ендеше балалар уақытты көп созбай өнерлеріңді тамашалайық.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер төрлетіңіздер! Олай болса жаңа жылдық тақпақтарға кезек берейік.

Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы
"Балдырған" балабақшасы КМҚК тәрбиешісі
Куванышбаева Меруерт Азатказыевна

Жасыл шырша жанында. жүктеу
8 735
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жаңа жыл 2023 жыл
Жаңа жыл 2023 жыл
Бүгін келді жаңарып, Қонжық тобы тағы да. Би билейді, ән салады, Жасыл шырша жанында.
Жасыл шырша ортада
Жасыл шырша ортада
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 Ж. Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық жетекшісі Смағұл Гүлжан
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×