Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс ғажайыптары

19 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
І – ші кіші тобы «Қуыршақ» (2 - 3жас)
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу.
Тақырыбы: Қыс ғажайыптары
Мақсаттары: Қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын артыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балаларды табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілдер мен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға үйрету.
Билингвальді компонент: Қыс - зима, ақ - белый

Мотивациялық қозғаушылық
Жылулық шеңбер.
Қар суық, болса да
Кәне бәріміз, осы ұлпа
Қар арқылы жылулығымызды білдірейік.
- Сәлеметсіздер ме!
- Здраствуйте!
- Good morning!
- Аниоң - хасие!
Орманда түлкіні кездестіреді.

Ұйымдастырушылық ізденушілік Жұмбақ:
Қол созсаң ақ күміс
Алақанға қонады
Ашып – жұмсаң, із - түссіз
Лезде жоқ болады.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар орманға барлығарын келе ме?
Ендеше мен сыйқырлы шапанды киіп алайын. Соның көмегімен біз орманға барамыз.
Кәне, бәріміз көзімізді жұмамыз.
Міне, балалар біз орманға келдік.
Орманда нелерді көріп тұрмыз?

Балалар қыста не жауады?
Балалар кім қыс туралы тақпақтар біледі?
Шыршаның түсі қандай?
Шыршаның бойлары бірдей ме?
Орманда тағы нелер бар екен?
Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады.
Қоян: Ой, Сәлеметсіздер ме! балалар? Орманда не істеп жүрсіңдер?
Қоянның бізге қоятын жұмбағын шешейік.
1) Қыста ақ, жазда сұр
Бұл қандай аң?
Қоян: Жарайсыңдар балалар!
- Менде сендер мен бірге жүрейін.
- Жарайды. Бізбен бірге еріп жүрсін.
Ағаш басында ақпақ болып тұрған нелер екен?

«Шырша биі»
Балалар мына жерде апан бар екен. Кәне, қарайық ненің апаны екен?
Балалар қыста аю ұйықтап жатады. Сондықтан біз тыныш жүрейік. Біз айқайласақ, шуласақ аю оянып кетеді.
Балалар мынау тұрған не екен?
Міне, біздің алдымызда балалар орманға саяхаттап келген екен. Солар аққала жасап кетіпті. Аққала қандай болды?
Жарайсыңдар балалар!
Мына жерде әдемі үйшік тұр.
Бұл үйшік кімнің үйі екен?
Терезесін қағып көрейікші?

Түлкі: Менің тереземді қағып тұрған кімдер?
Түлкі: Амансыңдар ма балалар!
Мен түлкімін - түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін.
Балалар сендер тоңып қалған шығарсыңдар? Ойын ойнайық.
Қимылды ойын: «Қар жинау»
Балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Менде сендермен жүрсем болама?
Көзімізді жұмып сыйқырлы шапанның көмегімен балабақшаға қайтайық.
Міне, балалар балабақшамызға да келдік.
Орманда нелерді көрдіңдер?
Сөздік жұмыс: Ақ қар, ұлпа қар, аққала.

Сергіту сәті.
Бала, бала балақан
Кәне қайсы алақан,
Саусақтарым әйбат
Былай - былай ойнат

Орнымызға тұрып, тіс пастасы арқылы ұлпа қардың суретін салайық. Оң қолымызды созайық, саусақ ұшымен қар суретін бейнелеп салайық.
Тәрбиеші салу технологиясын көрсетеді.

Қыс ғажайыптары. жүктеу
3 486
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаз келді алақай!
Жаз келді алақай!
Ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдап, дұрыс жауап беруге баулу. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ерекше саяхат
Ерекше саяхат
Балалардың үлкен және кіші ұғымдары туралы білімдерін кеңейту. Заттарды көлеміне қарай бөліп, топтастыруға дағдыландыру.
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Көрікті қыс
Көрікті қыс
Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық
Ұлпа қарлар мерекесі
Ұлпа қарлар мерекесі
Балалардың шығармашылық қатынасын ояту. Балаларды түсті қағаздарға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігін баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×