Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Маша мен аю

24 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Маша мен аю
Мақсаттары:
Білімділік: Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру. Ұсақ қол маторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды театр мәдениетіне баулу. Өз ойын еркін жеткізе білуге, өзін - өзі көрсете білуге, ұл балаға және қыздарға тән мінез - құлық ерекшеліктеріне тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, сахналау, ойын, көрнекілік.
Көрнекілігі: театр түрлері, ертегі кейіпкерлері.
Оқу қызметінің түрі: кіріктірілген, аралас.
Сөздік жұмыс: Ымырт, бәліш.
Билингвальды компонент: Аю - медведь, апа - бабушка, ата - дедушка.
Пәнаралық байланыс: Әлеумет, таным
Қолданылатын технология: Монтессори

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері.
Қане шеңбер құрайық,
Қуанып шаттанайық.
Салем досым, сәлем күн,
Күшті өтеді күн бүгін.

ІІ. Өткенді қайталау.
- Біз өткен оқу қызметінде қандай ертегімен тныстық?
- Ақымақ қасқыр.
- Ал, енді балалар кім осы ертегіні сахналап береді?
Балалар ертегіні сахналайды.

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, кіші топқа қойылым қойып беруге барғыларың келеме?
- Барғымыз келеді.
- Ендеше сапқа тұрайық.
Балалар саппен кіші топқа барады.
Алдарынан кіші топтың тәрбиешісі шығады.
Кіші топ тәрбиешісі: Сәлеметсіңдер ме балалар, біздің қош келдіңдер!
Балалар амандасады.
- Сендер қай топтан келдіңдер?
- "Қошақан" тобынан келдік
Тәрбиеші: Біз сіздерге қойылым көрсетуге келдік. Балалар сендер ертегі тамашалағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар жауап береді.
- Ендеше, "маша мен аю" ертегісін қабыл алыңдар.
Балалар маша мен аю ертегісін сахналайды.
- Ертегіні сахналаған балалармен таныстырамын.
Маша - Ақниет
Аю - Жалғас
Ата - Нұрасыл
Апа - Аружан
Автор - Сұлтан
Құрбылары - Азиза, Жанерке.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?

ІV. Сөздік жұмыс: Ымырт, бәліш.
Билингвальды компонент: Аю - медведь, апа - бабушка, ата - дедушка.
Балалар жауап береді.
- Қане балалар өз тобымызға қайтайық.
Кіші топтың балалармен қоштасып, саппен топқа оралады.

V. Тапсырма. "Аюлардың ыдыстарын тауып көр"
Аюдың көлеміне қарай ыдыстарын тауып, орналастырады.

VІ. Бекіту.
Ойын: "Ертегі кейіпкерлерін ата"
Шарты: Балалар ертегі кейіпкерлерін тауып өз орнына орналастырып, ертегі мазмұнын қысқаша айтып береді.

VІІ. Қорытынды.
Балалар шеңберге тұрып, "ғажайып гүлді" қолдарына алып, оқу қызметінен алған әсерлерін айтады.

VІІІ. Үйге тапсырма: Маша мен аю ертегісінің сюжетін бояп келу.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата біледі, театр жанрларын біледі.
Болу керек: Ертегілер туралы түсініктері болу керек, ертегіні сахналауға деген қызығушылықтары болу керек.
Істей білу керек: Таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналай білу керек. Берілген тапсырманы орындай алу керек.

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы, Ақтоғай бекеті,
№3Ақтоғай балабақша - бөбекжайының тәрбиешісі
Мурумбаева Жанар Аманжолқызы
7 793
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай - ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Қысқы баспана
Қысқы баспана
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі»балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Бекмұханова Жібек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×