Білімділер поралы

Дидактикалық ойындар жинағы «Ойындар еліне саяхат»

Дидактикалық ойындар жинағы
«Ойындар еліне саяхат»

Дидактикалық ойындар жинағында 3 - 6 жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту. Мемлекеттік стандарты бойынша балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отырып балалардың ойлау мен даму қабілетін анықтауға арналған дидактикалық, сюжетті - рөлдік, дамытушылық, драматизациялау, қимылды ойындар, саусақтармен ойын - жаттығулар ұсынылады.

Түсінік хат
"Ойын бала үшін ойын емес, білім мен
тәрбие негізін қалайтын басты құрал"
Ыбырай Алтынсарин
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен - бірі ептілікті үйренеді.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай - ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады, жеке қасиеттерін қалыптастырады. Ойын кезінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш - жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым - қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс - әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандарты бойынша балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отыра балалардың көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын анықтауға арналған дидактикалық, сюжетті - рөлдіr, дамытушылық, драматизациялау, қимылды ойындар, саусақтармен ойын - жаттығулар жинағын ұсынамыз.
Ойын жинағының мақсаты: Балалардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну, зерттеп салыстыру қабілетін ұштап, сөздік қорын молайту; ізденімпаздық, тапқырлық, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін ояту, қырағылығын, зеректілігін, тапқырлығын, ептілігін арттырып, сезімталдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Ойын жинағына қойылатын міндеттер:
1. Ойын түрлерімен таныстыру, балаларға жеткізе білу
2. Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру
3. Ойын кезінде бір - біріне деген достық қарым - қатынастарын қалыптастыру
4. Ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану
5. Балалардың ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру
6. Балалардың өздеріне ұнаған ойынды, рөлді өзі таңдай білуі
Ойын жинағын қолдану барысында күтілетін нәтиже:
Білу: Балалардың ойын түрлерін біліп, заттарды белгілері бойынша танып, салыстыра білуі
Болу: Әрбір ойынның шарты болатындығы жайлы түсініктерінің болуы
Қолдану: Балалардың өз беттерінше ойынды ұйымдастыра білуі, өз ойларын толық жеткізе білуі, балалармен қарым - қатынаста болып, ойын шартын бұзбай ойнауы
Бұл жинақ 5 бөлімнен тұрады:
1. Дидактикалық ойындар. Оның мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу. Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. «Таным» Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру, «Таным» Экология негіздері, «Қатынас» Тіл дамыту, «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен таныстыру білім беру салалары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындардың мақсатын екі нұсқа түрінде ұсынамыз.
2. Сюжетті – рөлдік ойындар. Сюжеттi - рөлдiк ойындар мектепке дейiнгi балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Олар балалардың ой - өрісін, танымын кеңейтіп, олардың іс - тәжірибелерін толықтыра түседі.
3. Драматизацияланған ойындар. Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.
4. Қимылды ойындар. Бұл ойындарда баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Сонымен қатар ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Балалар ойын ережелерін бұлжытпай орындауға үйренеді, олардың санасында достық, жолдастық сезімдердің алғашқы элементтері қалыптаса бастайды, ұжымдық қарым - қатынасқа түсу мәдениетін меңгереді.
5. Саусақтармен ойын - жаттығулар. Бұл жаттығуларды саусақ қимылымен көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды. Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, бала қолының ұсақ моторикасы жақсы дамиды. Бұл тілдің дамуына ғана әсер етпей, баланы бейнелеуге және жазуға дайындайды. Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой - қабілетін, қиял, ес процесстерін де дамытуға болады. Бұл жинақтағы ойындар 3 - тен 6 жасқа дейінгі балаларға арналады. Тәрбиешілер ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алып, оқу - тәрбие үрдісінде қолданады.

Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойын кезінде баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Ойын іс - әрекетінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш - жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым - қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс - әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір баланың мінез – құлқын анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоциялық қатынасын анықтайды.
Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру, математика, тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жүйелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.
Құрылым реті:
«Таным» Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру, «Таным» Экология негіздері, «Қатынас» Тіл дамыту, «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен таныстыру білім беру салалары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындардың мақсатын екі нұсқа түрінде ұсынамыз:
1 нұсқа - 3тен 5 жасқа, 2 нұсқа - 5тен – 6 жасқа дейін.

«Таным»
Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру

«Ұқсас затты тап»
1 нұсқа (3 - 5 ):
Ойын мақсаты: Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.
2 нұсқа (5 - 6 ):
Ойын мақсаты: Геометриялық пішіндерге, денелерге ұқсас заттарды тауып, атын атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы ой - қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, денелер, суреттер.
Ойын барысы:
Ойынға басшылық. Тәрбиешi үш түрлi пiшiндердi көрсетiп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерiн сұрайды. Бұдан кейiн балаларға тапсырма бередi. Тәрбиешi: - Таратып берiлген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетемiн, соған ұқсас сурет тауып көрсетiңдер. (тіктөртбұрышты көрсетедi, дөңгелектi көрсетедi). Балалар өздерiндегi ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенiн, түр - түсiн сипаттап айтуды талап етедi. (Үшбұрыш сызғыш, үйдiң төбесi). Топ бөлмесiнде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?
Тiк төртбұрыш: кiтап, терезе, есiк т. б.
Дөңгелек: доп, алма, шар т. б.
Суреттегi заттар жайында кiмнiң қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар бiлетiнiн сұрау. Ендi балаларды үш топқа бөлiп, үш түрлi пiшiндi таратып бередi. “Өз орныңды тап” қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындағы пiшiндер көлемi жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың iс - әрекетiн бекiтiп, талдау жасайды.

“Қай қолымда көп»
1 нұсқа (3 - 5 ):
Ойын мақсаты: Заттарды сипап сезу және көру тәсілдері арқылы салыстырып зерттеу іскерліктерін дамыту.
2 нұсқа (5 - 6 ):
Ойын мақсаты: Заттың екi жиынтығын салыстыра бiлуге үйрету. Көз мөлшерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Ұсақ нәрселер.
Ойын барысы: Топ екi топқа бөлiнедi, оның әрқайсысы алма - кезек тәрбиешiнiң столына өз топ басшысын жiбiредi. Стол басына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешi, одан соң балалардың бiрi оның қолына кубик, түйме, шарик секiлдi әртүрлi ұсақ нәрселердi ұстатады, бiрақ олар бiр қолда көп, екiншiсiнде аз болуы тиiс. Бала алдымен көз мөлшерiмен нәрсенiң қай қолында көп екенiн анықтауы, одан кейiн нәрселердi бiрiнiң артына бiрiн қойып, қайсысының қатарында көп, қай қатарда аз екенiн салыстыруы тиiс.
Тәрбиешi екi қатардағы нәрселердiң санын теңестiру үшiн не iстеу керектiгiн 2 тәсiлмен орындауы керек.

«Кім алғыр?»
Мақсаты (5 - 6 ): таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: ( + - = ) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.
Ойынның барысы: Балалардың қолында сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргенде кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерлі құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындайды.

МКҚК «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Костанай қаласы әкімдігінің№8 бөбекжай - бақшасы»
Құрастырушылар: Есеналина Ә. Қ.

Дидактикалық ойындар жинағы «Ойындар еліне саяхат». жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 26
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 26
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика