Білімділер поралы

Тәуелсіз елім - Қазақстан!

Тақырыбы: Тәуелсіз елім - Қазақстан!
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Балаларға туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, компьютер, экран (слайд - шоу).

Барысы:
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.- Бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл – қыздарымызды еске аламыз.
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың ырза болсын. (1 минут үнсіздік)
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгін де дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналған. Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Ел таңбамыз, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз. Қазақстан Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты.

Хор: Әнұран
1 - бала Асылбек
Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш - жігері жастардың сарқылмаған.
2 - бала Ырысгүл
Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті,
26 жыл тәуелсіздік алдық біз,
Жалғастырып баба жолын елдікті

3 - бала Темірхан
Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай,
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке шақырып бізді жатқандай

4 - бала Бағдагүл
Тәуелсіздік мәңгілікке сақтасын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату - тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықта сақталсын.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
5 - бала Айәділ
Егеменді ел болдық алға басып,
Мерекені қазақ тойлар асып - тасып
Төрткүл дүние өзімді танып отыр,
Мойындатқан тарихы мен даңқың асып.

6 - бала Алдияр
Шаттанатын бар әлем бүгін жайын,
Биіктерден көрінетін Туым дәйім
Құтты болсын ата - баба арманы
Тәуелсіздік туған ел, алғандайын.

7 - бала Бұлбінұр
Жаныма ыстық нұрлы шақ,
Мінекей ашып гүл құшақ
Арайлы таңдай алтын Заң,
Өзіңмен елім мәңгі шат.

8 - бала Айсұлтан
Әділет құшып барлығы,
Жаңғырды адам тағдыры
Жасай бер, жанға сая боп,
Алтын Заң - алтын таң нұры!

Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы, Алакөл негізгі орта мектебінің
«Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі:
Шонаева Гулдаурен Нурлыбаевна

Тәуелсіз елім - Қазақстан! жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 350
Қолданушылар: 4
Қонақтар: 346
Роботтар: 2
toma гаухар547 aiboll login
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика