Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз мереке, күз береке

05 ақпан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Күз мереке, күз береке.
Мақсаты: Күз мезгілінің мерекелі, берекелі екенін ұғындыру, жемістер мен көкөністерді ажырату, пішінін ажыратуға үйрету, күз ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын дамыту.
Әдіс - тәсілдері: күзгі мезгілі бейнеленген суретке қарап әңгіме құрастыру.
сұрақ - жауап, түрлі тапсырмалар мен жұмбақтарды табу.
Көрнекіліктер: Күз мезгілі бейнеленген сурет, жапырақтар, слайд тақта.

Шаттық шеңбері.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың күз мезгілі.
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Күз мезгілі үш айдан тұрады, қыркүйек, қазан, қараша.
- Бұл мезгілдің табиғат ерекшелігі қандай болады?
- Жаңбыр жауады, құстар жыл жаққа ұшады, жапырақтар сарғайып түседі, егін піседі …
- Мына тақтадағы суретке қарап кім әңгіме құрайды?
Балалар слайд тақтадағы суретке әңгіме құрайды
Күз ханшайымы:
- Тук, тук, тук
Есіктен күз ханшайымы кіріп келеді.
- Балалар, бізге қонаққа күз ханшайымы келіпті амандасайық.
- Сәлеметсіз бе, хош келдіңіз, төрлетіңіз.
Күз ханшайымы:
- Амансыздар ма балалар, қандай әдемісіздер бүгін күн қандай тамаша.
Мен сіздерге өзіммен бірге бірнеше тапсырмалар ала келдім, сіздер менің
тапсырмамды дұрыс орындасаңыздар мен жақсы дем алым қаламын.

Балалар күз ханшайымының тапсырмаларын орындайды

Дидарбек:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Арай:
Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым қарадым,
Танымастай болыпты.

Света:
Көбейді құт – береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Ағарыс:
Қамба толы астыққа,
Рахмет саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштықта,
Қап - қап жеміс алдық біз.

Айзере
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Алтын астық айналам.

- Балалар жарайсыздар!, күз өте керемет мезгіл бұл кезде егін пісіп, жеміс – жидектер
теріледі. Қыс қамы жасалады.
Ханшайым:
- Сіздермен бірге би билегім келіп тұр
Слайд тақта қосылып би қимылдары қайталанады.
Ойын: «Дауысты ажырат»
Балалар сылдыраған судың, ұшқан құстың, жауған жаңбырдың …т. б. дыбыстарды табады.
Күз ханшайымы:
- Рахмет, балалар жақсы демалып қалдым, мен жүрейін, сау болыңыздар.
- Сау болыңыздар.
Миға шабуыл:
(балалардың тез ойлау қабілеттерін тексеру)

1. Күз мезгілінде жапырақтың түсі жасыл болама, сары болама?
2. Көкөністер талда өсе ме әлде жерде өсе ме?
3. Құстар күз мезгілінде қайда кетеді?
4. Бүгін ауа райы қандай?
5. Күз мезгілінде қар жауа ма?
6. Бізге кім қонаққа келді?
- жарайсыздар балалар бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңыздар.
Рахмет сіздерге. балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: күз мезгілінің ерекшеліктерін.
Игереді: суретке қарап әңгіме құрауды.
Меңгереді: күз туралы өлең жолдарын, тақпақтарды.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Борашева Гүлжан Доғдырбайқызы
4 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аппақ қар
Аппақ қар
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Жомарт күз
Жомарт күз
Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларға күз сыйлығы, жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру мен түстер мен пішіндерді ажыратуға үйрету. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Қыс мезгілі
Қыс мезгілі
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Көрікті көктем
Көрікті көктем
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі аракөз Асарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×