Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желбіре, Жеңіс жалауы

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы
Тәрбиеші: Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері 67 бейбіт жыл артта қалды. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды.
Аңсар: Алақай –ай! Әйгілі!
Тоғызыншы май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының

Анель: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Ануар: Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді, алақай!
Тоя жейтін нан болып
Алан: Әлем бізді ұққан күн
Жауды ініне тыққан күн
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн
Тәрбиеші: Жеңіс атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

Ән: «Солдат болам мен ертең»
Тақпақтар:
Расул: Баламын мен бүгінде
Кіп-кішкентай баламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын
Жібек: Туған жердің әр тасы
Маған ыстық қашаннан
Бұйраланған аршасы
Қорғайтын –ер боламын!

Малик: Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін!

Тәрбиеші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
-Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, Н. Әбдіров т.б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Тәрбиеші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Халқымыздың біртуар ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал –мәтелдер қалдырған.

Олжас: Отанда –опасызға орын жоқ
Дана: Ерлік –бірлікте емес жүректе
Лиза: Ерлік –тәрбиеден туады
Сағыныш: Үлкенді ізетте
Кішіні күзетте көр
Тәрбиеші: Балалар жер шары балаларының тілегі не?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар бір –бірімен тату, дос болсын!
- Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне би ұсынамыз.

Би: «Катюша» «Вальс»

Тәрбиеші: Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге – дей отырып келесі өлең жырларына берейін.
Ақерке: Ағалар саптан шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйықтасын

Жанель: Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс –құт!
Бекзат: Жер бетінде тыныштық
Баянды бақыт адамға
Орнатуға далаға
Сәбилік таза көңілмен
Ант етеміз!

Тәрбиеші: Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! –деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындаймыз.
38 727
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бәрімізге ортақ – Жеңіс!
Бәрімізге ортақ – Жеңіс!
Балаларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру.
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
Желбіре, жеңіс жалауы!
Желбіре, жеңіс жалауы!
Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Ер есімі-ел есінде
Ер есімі-ел есінде
Хромтау қаласы, №5«Ақбота» мектепке дейінгі ұйымы МКҚК әдіскері Есжанова Света Ташкенбайқызы
9 май Жеңіс күні
9 май Жеңіс күні
Бұл жинақтан сіздер 9 май жеңіс күніне арналған сапалы суреттерді таба аласыздар!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×