Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кім аяздан қорықпайды?

03 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Кім аяздан қорықпайды?».
Кіріктірілген: «Денсаулық», «Шығармашылық»
Мақсаты: Табиғаттың сауықтырушылық күшін пайдалана отырып, балалардың денсаулығын сақтап нығайтуға ықпал ету. Қимыл - қозғалыс қабілеттерін жетілдіріп, сергек, шат көңілді және белсенді болуға, ептілікке, жылдам қимылдауға, батылдыққа, төзімділікке баулу. Досқа көмектесу, сыйластық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Қажетті - құрал жабдықтар: 2 шана, әр балаға ойыншықтар, қар жапалақтары - бала санына.
Кейіпкерлер: Қар - адам.
Өткізетін орын: Балабақша ауласы.
Мотивациялық қозғаушылық
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Амандасу деген не?
- Аман - саулық немесе денсаулық деген не?
- Бүгін сендерді шынығып шымыр болып, аязға қарсы тұру үшін, батырлар мен батылдардың еліне саяхатқа шақырамын. Аяздан қорықпай, қызықты саяхатқа аттануға дайынсыңдар ма?
- Ендеше, сиқырлы пойызға отырып, саяхатты бастайық!
- Балалар, бірінші аялдамаға жеттік.
Бірінші аялдама: «Жаттығу қаласы».
- Балалар, қараңдаршы, бізді кім қарсы алып тұр? (Аялдамада Қар - адам тұрады).
- Қар - адам: Амансыңдар ма, балалар! Денсаулық мықты болу үшін, шынығып шымыр болу үшін әр күнді неден бастау керек?
Әдемі: Таңертеңгі жаттығуды орындаймыз күнде біз.
Кәусар: Нығайтамыз денсаулықты, болу үшін бізде күш.
Нұрағат:«Қыстың суық күндерінен,
Аяз соққан желдерінен.
Қорықпайды бүлдіршіндер,
Шұғылданған спортпенен!»
Музыка сүйемелдеуімен балалар көңілді жаттығуды орындайды.

Ұйымдастырушылық - Ізденістік
1 - ші жаттығу:«Қарлы мүсіндер».
Аяқтарды - топылдат!
Соқ қолыңды - шапалақ!
Бастарыңды шайқалтып,
Соз қолыңды аспанға.
Отыр бүгіп тізеңді,
Қайта секір түзеліп.
Жүгір шеңбер бойымен!
Үшке дейін санаймыз!
Қарлы мүсін жасаймыз!
Бір, екі, үш!
2 - ші жаттығу: «Спортшы қоян».
Құлақтарын шошайтып,
Отыр аппақ қояным.
Басын бұрып жан - жаққа,
Қайта - қайта қарайды.
Тоңып қалды қояным,
Жылдам ойын ойнайық,
Соқ - соқ, шапалақты соқ!
Топ - топ, аяғыңды соқ!
Секек - секек қозғалып,
Шеңберде жүгір айналып!
Қар - адам: Жарайсыңдар, мені өздеріңмен бірге саяхатқа алыңдаршы!
- Балалар, сиқырлы поезға отырып, саяхатымызды жалғастырайық!
Келесі аялдама «Спорттық қала»
Қар - адам: Спорттық қалада жарыстар өтеді. Сендер жарысқа дайынсыңдар ма? Ал менің жолдастарым аю мен қоян бір - бірімен жарысқанды ұнатады.
Эстафета: «Аңдар жарысы»
- Саяхатымызды жалғастырамыз.
Сиқырлы пойызға отырыңдар.

Келесі аялдама - «Ойын қаласы».
(Балалар бір тізбекке тұрып жүреді).

Қар - адам: Мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар қызықты ойын ойнаймыз.
Жұмбақ:
1. Шанамен сырғанап келемін,
Шаңғы, коньки тебемін,
Аққала жасап ойнайтын.
Қай мезгіл деп ойлайсың?
2. Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны.
3. Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.

Ойын: «Қар қиыршықтары»
Шарты: Екі топтың балалары екі жаққа бөлініп, алдарында тұрған қар қиыршықтарын бір - біреуден алып межелі жерге тасу.
Қай топта қар қиыршықтары көп болса, сол жеңімпаз болады.

Ойын: «Кім тапқыр?».
Шарты: Екі топтың алдарында тұрған шыршаның артына сәбізді қоян болып секіріп жүріп апарып, тығады. Келесі бала барып тығылған сәбізді тауып алуы керек.

- Сиқырлы поезға отырып, келесі аялдамаға аттанайық.
Келесі аялдама:
«Музыка қаласы»
Қар адам: - Қазір жылдың қай мезгілі?
- Далада жерде не жатыр?
- Музыка қаласында би билеп, ән айтады. Мен сендерді би билеуге шақырамын.
Би: «Қар жапалақтары».

- Балалар, келесі аялдама «Балапан» балабақшасы. Қар – адам әрі қарай суық жаққа саяхатқа кетеді.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» бөбекжай - балабақшасы
Тәрбиеші: Исаева Кигаш Нагашыбаевна

Кім аяздан қорықпайды? жүктеу
1 893
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық еліне саяхат
Денсаулық еліне саяхат
Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту, Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа
«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы
«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы
Балаларға ойындардың мазмұны мен ерекшелігін, ойын түрлерін, ережелерін меңгерте отырып, қимыл – қызығушылығын ескере шапшаңдыққа, ептілікке баулу, дене бұлшықеттерін дұрыс қалыптасуын, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Спорт еліне саяхат
Спорт еліне саяхат
Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Орманға саяхат
Орманға саяхат
«Шаттық» бөбекжайының әдіскері: Мыңбаева А.А.
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×