Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағдарлама «Сиқырлы театр»

09 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Бағдарлама «Сиқырлы театр»

Түсінік хат
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Болашақ жеткіншектеріміздің көзі ашық көкірегі ояу, тілге шешен, өзін де өзгені де сыйлай білетін, жан - жақты мәдениетті, білікті етіп тәрбиелеуде балаларға арналған көркем шығармаларды сахналық қойылымға айналдырып, өздерін кейіпкер ретінде қатынастырып отырудың маңызы орасан зор.
Әрбір ата - ана, тәрбиеші, қысқа ертегі - әңгімелерді, өлеңдерді рөлдерге бөліп сахна көрінісін жасап балабақшада қойылым жасауға да мән бергені жөн.
Бағдарламаның мазмұны:
«Сиқырлы театр» бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы балаларға арналып, ойын әдістері арқылы бала тілін дамытып, іс - қимыл әрекеттерін жетілдіріп, теориялық және практикалық жағы ескеріліп отырып құрылған. Балалардың өзара қарым - қатынасын табуға, достыққа, қамқорлыққа тәрбиелеуге, фантазиялық ойлау қабілеттерін, өнерге қызығушылығын, ертегі кейіпкерлерінің қимылын салуға, нақышын келтіріп сөйлеуін, театр ойындарына белсенді араласып ойнауын дамытуға бағытталған. Барлық бөлімдер бір - бірімен тығыз байланысты, бірте - бірте күрделеніп сахналай білу машықтарын дамытуға арналған.
Бағдарламаның мақсаты:
Балалардың көркем - өнер шеберліктерін жан - жақты дамыту, әртістік қабілеттерін қалыптастыру. Баланың жанына жақын тақырыптар мен таныс ертегі кейіпкерлері бейнесін сомдайтын ертегілер көрсетуге қатынастыру. Ертегі кейіпкерлерін салыстыра отырып айнала қарым - қатынас туралы пікірлерін білдіруге, ойын ашық жеткізуге үйрету. Үлкендер мен басқа балалармен жақындасу ниетін қолдау. Құрдастарына ешқандай қиянат жасамай, бір - біріне көмек бере білуге тәрбиелеу.
Бағдарламаның тапсырмаларын орындауда балалардың сөздік қоры молайып, көркем - өнер әрекетімен әртістік өнері қалыптасады. Театрлық ойындар балаларды бір - бірімен жақындастырады, жалпы әртістік дамуына әсер етеді. Балаларға қуыршақтарды өз қолдарымен жасап олардың қызығушылықтарын арттырып, театр деген ғажайып әлемімен таныстырады. Рөлдерді орындауда икемді болуға баулу, ойынды ортақ мүддеге сай дамыта білу және өзінің жеке тілектестігін көрсету. Сахналанған және мерекелік - шеру, атрибуттарды қолдануға үйретуге, ойындарды ұйымдастыруға ықпалы зор.
Бағдарламаның міндеті:
- балаларды театр өнерінің қызықты сәттерімен таныстыру;
- өзара еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- көңіл - күй сезімімен, ұжымдық қатынасқа тәрбиелеу;
- ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімен театр көріністерін ұштастыру.
Күтілетін нәтиже:
Бала бойында мейірімділік, адамгершілік, қайырымдық басқа да игі қасиеттер қалыптасады. Ертегі, әңгімелер, өлеңдер тыңдап, кейіпкерлерге мінездеме беруді үйренеді. Бірлесіп ойнау арқылы жолдастық қарым - қатынас орнайды. Бала бойында өзіне деген сенім орнап, өнерге деген оң көзқарас қалыптасады.
«Сиқырлы театр» бағдарламасы ІІ кіші, ортаңғы және ересектер топтарына арналған, 36 сағатқа есептелініп құрастырылды. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті әр топта аптасына бір рет өткізіледі, ұзақтығы ІІ кіші топта 15 - 20 минут, ортаңғы топта 20 - 25 минут және ересектер топтары да 25 - 30 минут. Бағдарламаның жалпы мазмұны әр топқа арналған тақырыптық жұмыс жоспары мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Театр бұрышымен таныстыру.
2 «Бауырсақ»
ертегісін түсіндіру.

3 «Бауырсақ»
ертегісін сахналау
4 «Екі әтеш» ертегісі
5 Ойыншық театры «Екі әтеш»
6 «Шалқан» ертегісі
7 Фланелеграф театры «Шалқан»
8 «Түлкі мен торғай» ертегісі
9 Үстел үсті сурет театры «Түлкі мен торғай»
10 «Үш аю» ертегісі
11 Саусақ театры «Үш аю»
12 «Шұбар тауық» ертегісі
13 Би - ба - бо қуыршақ театры «Шұбар тауық»
14 Лақ пен қасқыр
15 Ойыншық театры «Лақ пен қасқыр»
16 «Мысық пен тышқан» ертегісі
17 Фланелеграф театры «Мысық пен тышқан»
18 «Маша мен аю» ертегісі
19 Би - ба - бо қуыршақ театры «Маша мен аю»
20 «Түлкі мен қасқыр» ертегісі
21 Үстел үсті сурет театры «Түлкі мен қасқыр»
22 «Мысық, әтеш және түлкі» ертегісі
23 Саусақ театры «Мысық, әтеш және түлкі»
24 «Қолғап» ертегісі
25 «Қолғап» ертегісін сахналау
26 «Саңырауқұлақ астында» ертегісі
27 Фланелеграф театры «Саңырауқұлақ астында»
28 «Мақтаншақ қоян» ертегісі
29 Ойыншық театры «Мақтаншақ қоян»
30 «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады» ертегісі
31 Би - ба - бо қуыршақ театры «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады»
32 «Мақта қыз бен мысық» ертегісі
33 «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау
34 «Құйыршық» ертегісі
35 Фланелеграф театры «Құйыршық»
36 Ертегілер әлемінде (қорытынды)

Құрастырғандар: Жауынбаева Г. Н., Умралина А. Т.

Бағдарлама «Сиқырлы театр». жүктеу
9 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай - ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең.
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың рөлі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың рөлі
Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауда балалардың рольді сомдау шеберлігін дамыту
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауда балалардың рольді сомдау шеберлігін дамыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изенова Зухра Жеткергенқызы
Тіл дамыту сабағындағы саусақ  ойындарының маңызы
Тіл дамыту сабағындағы саусақ ойындарының маңызы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиеші Шахметова Анар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×