Білімділер поралы

Ертегілер әлеміне саяхат

Білім беру саласы: Қатынаc
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Балаларды сюжетті – желілі рөлдік ойындарды ойнату арқылы арқылы тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
3. Тәрбиелік: Өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау. Әдептілікке, сыпайы болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: театр түрлері: қуыршақ, саусақ, қолғап, үстел – үсті театрлары, сиқырлы кілемше, театрға билет, афиша, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері.
Сөздік жұмыс: театр, афиша, билет
Билингвалды компонент: саяхат – путешествие – traveling; жеті – семь – seven; лақ – козленок – goatling

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбірі:
Алақанды ашайық
Күн жылуын салайық,
Ана мейірімін салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Қонақтарға шашайық.

Іздену - ұйымдастырушылық
Балалар, біз бүгін сиқырлы кілеммен ұшып, театр әлеміне саяхатқа барамыз.
Мынау балалар театр түрлері. Театрдың түрлері көп.
– Сендер мұнда қандай ертегіні көріп тұрсыңдар?
– Өте дұрыс балалар, бұл қуыршақ театры.
– Ал, үстел үстіндегі қандай ертегілер?
– Дұрыс, бұл үстел – үсті театры екен.
– Ал, мынау балалар афиша. Афишада болашақта қойылатын қойылымдар
жайлы жазылады
– Ал, мына афишада қандай ертегілерді көріп тұрсыңдар?
– Өте жақсы, енді осы театр әлемінен бір ертегіні тамашалайық. Қазір бір бала барып билет алып келсін. Бірінші балаларды санап ал, неше бала бар екен? Біз күте тұрайық.
Касса алдындағы әңгіме:

Билет сатушы: Саусақ театры бойынша «Жеті лақ» ертегісі.
– Жақсы олай болса театрда шуламаймыз, ертегіні тыныш отырып тыңдаймыз.
– Ертегі ұнады ма?
- Ертегі не туралы екен?
– Есікті бөтен біреуге ашуға бола ма екен?
– Балалар ертегіні тыңдап шаршадық қой деймін, олай болса серігіп алайық. «Көңілді лақтар» - көңілді әуен қойылады,
Шөре - шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Желілі - рөлдік ойын: «Жеті лақ».
Балалар арнайы бет – перделерін киіп, рөлдерге бөлініп, шағын ертегі қояды.

Ертегілер әлеміне саяхат. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 241
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 240
Роботтар: 2
Жанна Кенжебекова
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика