Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алма ертегісі

15 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Барақ батыр мектебінің шағын орталығының оқу жұмыстарын ұйымдастырған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аймағы: «Қатынас»
Бөлімдері: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Алма» ертегісі
Мақсаты: балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін тереңдету, сөздік қорларын байыту. Өз қалауымен, тәжірибесіне сүйене отырып, ертегіні сахналай білуге үйрету. Балалардың әдеби шығармаға деген қызығушылығын дамыту. Балаларды ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: суреттер, теледидар, бақ пен бақша көрінісі, слайд.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сергітулер, өлең - тақпақ, сахналау.

Мотивациялық – қозғаушы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Қане, балалар, бізге келген қонақтармен сәлемдесейік.
«Сәлемдесу - әдептіліктің белгісі». Балалар қонақтармен амандасады.
- Балалар, тілек шеңберіне тұра қалыңдар. Қазір күз мезгілі болғандықтан, күзге деген жақсы тілегімізді білдірейікші.
Әр бала өзіне тиісті көкөністермен жемістерді қолдарына алып, күзге деген жылы лебіздерің білдіреді:
Қайырымды күз, тіл үйірер жемістерің мен көкөністерің үшін саған рахмет!

Тәрбиеші: Бүгін, біз көкөністер мен жемістер туралы әңгімелесеміз.
Кәзір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар? Олар қалай аталады?
Тәрбиеші балаларға күз туралы, слайд көрсету арқылы әңгімелейді.
Күз мезгілінде дастарханымыз жеміс пен көкөністерге толып кетеді. Олар дәрумендерге өте бай. Сондықтан, күнделікті дәрумендерді жеп тұруымыз керек. Жемістер мен көкөністерді көп жеген баланың дені сау, ақылды болып өседі. Оларды жегенде жуып, тазалап жеуіміз керек.
Дәрумендер дастарханымызға келіп жеткенше оған үлкен еңбек етіледі. Мысалы мына жеміс ағашын, көктемде отырғызамыз. Оны жаз бойы баптап, су құйып, күтеміз. Бірнеше жылдан кейін жеміс ағашы күзде өз жемісін адамдарға береді.
- Балалар, мынау – картоп. Оны көктемде жерге отырғызамыз. Бірнеше күннен кейін, жер бетіне сабағы шығады. Жаз бойы еңбек еткеннің нәтижесінде, күзде бір түйір картоп, бірнеше түйірге айналып, пісіп жетіледі. Жетілген картопты пайдаланамыз.

Сергіту сәті:
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық,
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.

Есік қағылып, Күз ханшайымы қонаққа келеді.

Алма ертегісі. жүктеу
2 965
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме
Абай «Жаз» өлеңі
Абай «Жаз» өлеңі
Өз ойларын ашық айтуға, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Біреу және көп
Біреу және көп
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы тәрбиеші Шахметова Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×