Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Себеттегі алма

15 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлім: Сурет салу
Тақырыбы: Себеттегі алма
Мақсаты: балаларды бір - бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге және дәстүрден тыс жолдармен орындауға үйрету; саусақпен алмалардың суретін салу. Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Гуашпен жұмыс жасағанда ұқыпты, тиянақты болуға дағдыландыру.
Көрнекілік пен құралдар: сурет, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: себет
Билингвальдік компонент: алма - яблоко, себет - корзина

Ұйымдастырушылық ізденістік
Жұмбақ жасыру:
Көкпеңбек еді көктемде,
қызарды күзге жеткенде.
- Алма туралы не білесіңдер?
- Алманың түсі қандай?
- Пішіні қандай?
- Алманың дәмі қандай?

Алма
Мен алмамын, алмамын.
Таңдай жұлар бар дәмім.
Игровизормен жұмыс.
Сергіту сәті «Алма»
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенің, дәмдісін
Анамызға сыйлайық.
Алмасы бар себетті жұмыс үстеліне қойып, бірнеше алманы себеттен шығарып қою. Алмалардың себеттің ішінде, үстел үстінде қалай орналасқанына назар аудару.
Жай қарындашпен себетті белгілеу. белгілеу.
Көрінбей тұрған алмаларды есепке ала отырып, бір - бірін қалқалап тұрған себеттен жартылай көрініп тұрған алмаларды белгілеп алу.
Себетті түрлі түсті қарындашпен бояу. Ал алмаларды саусақ арқылы гуашьпен бояу.
Көмек қажет балаларға бағыт беріп отыру.

Себеттегі алма. жүктеу
4 756
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алма (ертегі)
Алма (ертегі)
Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рөльдеріне
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Донской орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аубакир Күмісай
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Алма ағаш
Алма ағаш
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, 12 балабақша тәрбиешісі: Сартаева Жарқынай
Алма
Алма
Қарағанды облысы, Октябрь ауданы, № 65 жалпы білім беретін орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Бекова Акбота Токеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×