Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе "Рухани жаңғыру" мақаласы

26 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Н. Ә. Назарбаев
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан

“Басты ұстаным - Рухани жаңғыру»
Кіріспе
Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Елбасымыздың осы жылғы еліміз¬дегі рухани жаңғырудың тұжырым - дамалық бағдары қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғы¬нық¬ты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілген. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы - келешек ұрпақты кемел білімге сусындататын үлкен мүмкіндік. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ мақалының мән - маңызы ешқашан кемімек емес. Керісінше, уақыт өтіп, заман өзгерген сайын халық нақылының құндылығы артып келе жатыр. Өйткені алдағы дәуір - нағыз білімділердің дәуірі болмақ.
Негізгі бөлім:
Тақырыптың актуалдығы:
Қазір бәсекеден тыс қалған бірде - бір сала жоқ. Ал барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына тәуелді. Мұны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ҚР Президенті Н. Назарбаев ерекше атап көрсетті: «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын - соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атауды ертең - ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Иә, үрейлі көрінуі мүмкін, бірақ алдағы санаулы жыл ішінде бүгінгі қолданыстағы кәсіп түрлерінің тең жартысы қажетсіз болып қалары анық. Бұл мыңдаған адамға табыс көзінен айрылу қаупін тудырады. Мұндай қатер келешегін күні бұрын болжай білген мемлекеттер үшін ғана қауіпсіз. Жеткен жетістігіне тоғаймай, тың бағыт, жаңа бағдар таба білген елдер ғана осы сындарлы кезеңнен сүрінбей өтеді.
Жаңашылдығы:
Елбасы жолдауына мен де, тәрбиеші, ұстаз ретінде өз үлесімді қосу мақсатында білім жолындағы тың идеяларды іздеймін. Біздің ең биік мақсатымыз келешегі кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру - тәрбиешінің алдына қойған басты мақсаты деп білемін. Әр үйдің үміті болған кішкентай бүлдіршіндерді Отансүйгіштікке, ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру балабақша табалдырығынан бастау алуы қажет. Елбасымыздың алға қойған міндеттерінің бірі білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді көздеген. Мен осы бағытта өз тобымдағы балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру бағытын қосымша жоспар жасақтау арқылы алдыма мақсат қойып алдым. Менің міндетім балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу арқылы, балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар туралы нақты жалпылама түсінік қалыптастыру болды. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында ең алдымен экология оқу қызметімен пәнаралық байланыс ұйымдастырдым, ертеңгілік жаттығуларды, оқу қызметтерін табиғат аясында өткізу арқылы табиғаттың әсемдігін сезіндіріп, оны қорғауға тәрбиелеу. Сонымен қатар күннің екінші жартысында табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктеріне қамқорлық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеймін. Өлкеміздің көрікті жерлерін балаларға дәріптеу мақсатында теңіз жағасына оқу қызметтерін өткіздім. Алдағы уақытқа қойған бағытым: Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін құру, аймақта қоныстанғандарды бақылау, табиғат бұрышын безендіруді әрі қарай жалғастыру, экологиялық акциялар ұйымдастыру. Балаларға экологиялық сапалы білім беруге арнайы жағдай жасау негізінде бейнелеу пәні жетекшісімен бірлесіп, жас эколог үйірмесі жоспарын жасақтап жатырмын. Барлық топтар арасында апталықтар, акциялар, көрмелер ұйымдастыру жоспарымда тұр. Отбасы және балабақша арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Құстарға қамқор болайық» тақырыбындағы экологиялық акцияны осы қазан, қараша айларына жоспарлап отырмын.

Қорытынды:
Сөзімді қорытындылай келе, мен өз балабақшамда ізденімпаз тәрбиеші ретінде балабақша бүлдіршіндерін білімге деген құштарлығын арттырып, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жеке тұлға қалыптастыруда аянбай еңбек етуге жұмыстанамын. Мен өз кәсібімнің, жасап жүрген білім ошағын беделін арттыру мақсатында өзіндік қадамдарымды жасап келемін. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі жан - жақты болуы шарт деп есептеймін. Мәселен, мамандығым тәрбиеші болса да, ағылшын тілі курсын оқып жатырмын. Мақсатым, ұрпақ тәрбиесінде үш тілділікке бағыт бұру. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп. Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балабақшадағы тәрбиеленіп жатқан балдырғандарымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс деп есептеймін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының әдіскері
Акжигитова Улмекен Мыратбаевна
47 821
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Рухани жаңғыру - жастарға жарқын жол!
Рухани жаңғыру - жастарға жарқын жол!
Тұңғыш елбасы Н. Ә. Назарбаев "Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру" мақаласында негізгі басымдықтарды айта келіп, "100 оқулық", "Әліпби ауыстыру", "Туған жер" қатарлы ерекше бағдарламаларды алға тартқан болатын.
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек.
2017 - 2018 оқу жылғы Рухани жаңғыру бағдарламасына арналған іс - шаралар жоспары
2017 - 2018 оқу жылғы Рухани жаңғыру бағдарламасына арналған іс - шаралар жоспары
2017 - 2018 оқу жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған іс - шаралар жоспары План мероприятии по реализации программы «Рухани жаңғыру» на 2017 - 2018 учебный год
Рухани жаңғыру стенд
Рухани жаңғыру стенд
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру стенд
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат - міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×