Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл!

28 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жаңа жыл!
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендірілген. Әдемі киінген балалар әуенмен залға кіріп, шыршаны айнала тұрады.
Арамыздағы құрметті қонақтар, ата – аналар, балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл мейрамы баршаңызға құт, береке әкелсін!
Мерекелік кешті бастамас бұрын «Құралай» ясли бақшасының меңгерушісі Қалдыбаева Ләззат апайдан салтанатты кешімізді ашып беруін сұраймыз.

Жүргізуші: Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлеңде әзір әнде әзір,
Ойында әзір бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл жаңа жыл.
Ендеше ортаға “ Еркетай” тобының бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырайық.
Әсем әуен ырғағымен балалар ортаға шығады, шыршаны айналып “шырша ” әнін хормен айтады. Осы кезде сайқымазақ кіреді. Балалармен амандасады. Балалар аяз атаға хат жолдағандарын, соны апарып беруді өтініп сұрайды.
Жүргізуші: Балалар бізге сайқымазақ аяз атаны ертіп келіпті олар сыртта тұр екен. Қане оларды барлығымыз бірге хормен шақырайық. Аяз ата, аяз ата, аяз ата. Аяз ата мен сайқымазақ кіреді. Балалармен амандасады. Балалар ақшақарды шақырады. Музыка ойнайды.

Ендеше аяз ата, ақшақар бізбен бірге мерекені тойлаңыз. Балалардың сіздерге арнаған тақпақтары мен билері, ойындары бар екен, соларды қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Құттықтаймыз жаңа жылдың мерекесімен,
Жаманшылық көрмеңіздер бұл өмірден.
Ізгі ниет шын жүректен тілек айттық,
Қабыл ал құттықтауды шын жүректен - дей отырып “Еркетай ” тобының өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.
Тақпақтар:
Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Тақпақ айтқан балаға.
Сыйлықтарын беріп тұр. Айсұлтан

Әкем таңдап әкелді,
Ең үлпілдек шыршаны.
Жұпар иісі аңқыды,
Анамды да мәз қылды. Бекайым

Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз ән саламыз. Бикош

Тоғайда баулар бар,
Ақ күміс жамылды.
Далада таулар да,
Өзіңді сатиды. С. Нұрислам

Әдемелеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз. Нұрбек

Жаңа жылым мол болсын.
Басқан қадам оң болсын,
Төрле, төрле жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын. Айкөркем

Тамаша, тамаша.
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы.
Көз тоймайды қараса. Айзере

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап. Ұлдана

Ән: Ақ қоян (хор)

Би: Ёлочка Ұлдана, Айзере, Бекай, Балнұр, Інкәр, Айкөркем.

Т. Нұрислам: Аяз ата қандайсың,
Тоқсандағы шалдайсың.
Өтірік сақал тағып ап.
Балаларды алдайсың.
“Еркетай” тобы бүлдіршіндерінің “Жаңа жыл” атты ертеңгілігі аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет. Тағыда мерекелеріңіз құтты болсын!

«Бекітемін»
«Құралай» ясли балабақшасы
Меңгеруші: Қалдыбаева Л.
Әдіскер: Тоғайбаева Н.
Тәрбиешілер: Қасымханова Б.
Әбіласанова М.
Исмайлова А.
8 212
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жасыл шырша қасында
Жасыл шырша қасында
Өскемен қаласы, "Ахмер орта мектебі" КММ шағын орталық тәрбиешісі Муканова Айгерим Бауыржановна
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Жасыл шырша төгілген алдымызда, Қош келдіңіз көрермен шыршамызға. Аман болсын отбасыңыз деп алайын, Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу – жыр әні. Мынау әсем шыршаға, Қош келдіңіз, балалар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×