Білімділер поралы

Күйзеліске – жол жоқ!

Күйзеліске – жол жоқ!
Мақсаты: күйзеліске теориялық тұрғыдан хабар беріп, оны бейтараптандыру мен шешу жолын көрсету, меңгерту.

Сәлемдесу, таныстыру.
Негізгі бөлім:
1. Күйзеліс туралы әңгіме - сұхбат жүргізу.
Ол төмендегі сұрақ арқылы жүзеге асырылады. (5 - 7 мин)
1. Күйзеліс дегеніміз не?
2. Ол неден пайда болады?
3. Оның белгілері қандай?
4. Оның адам өміріне немесе денсаулығына зияны немесе пайдасы бар ма?
5. Бар болса қандай?
6. Күйзелісті болдырмау жолын білесіздер ме?
7. Өз тәжірибесімен бөлісу?
8. Күйзеліске ұшыраған кезде, онымен күресу әдісі бар ма?
9. Қандай әдіс қолданасыз?
Күйзеліс - бұл нақты жағдайда басқаруға келмейтін қиын эмоциалық - физикалық қысым. Ғылыми тілде жеткізетін болсақ, ағзаның болған жағдайға физикалық, психикалық, эмоциялық және химиялық әсері.
Күйзеліс: 3 деңгейде көрінеді: ақыл, ой, көңіл - күй.
Ең алдымен, ақпаратты ой елегінен (саналы, санасыз), сосын эмоциялық сезіну (әлсіз және күшті), кейіннен барып бұл үрдіс физикалық деңгейде бекиді. Ең алғашқы бұлшықеттегі қысымды шешуді, алғашқы сыныптан - ақ білеміз.(саусақты ашамыз, жұмамыз). Күйзеліс кезінде қандай да бір бұлшықеттің қысымда тұрғанын сезінесіз. Ол жақсүйектің, іштің, арқаның бұлшықетіндегі қысым болуы мүмкін.

2. Күйзелістің денсаулыққа зияны.
Күйзеліс күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян екенін бәріміз де білеміз. Болмашы нәрсеге күйгелектену - жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез - құлқын өзгертеді.
Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гармондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшықеттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап - шалдығатын күйге түсіреді, неше түрлі ойлар басына келіп, ұйқысы қашады. Бұлшықеттерінің босаңсып, бастың ауыруы, жыныстық дәрменсіздік пен тері ауруының мазалауы да сары уайымнан арыла алмаудан болады.
Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумен жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады.
Осы қысымнан арылу үшін бұлшық етке дұрыс жаттығу жасай білу қажет.

3. Бойдағы күйзелістен арылуға арналған жаттығу кешені. (10 мин)
Мойын - Арқаны тік ұстап, төбеден ілгекпен тартып жатқандай мойынды барынша созу. Енді ілгектен төмен түсіріп жібергендей, бірден босаңсыту.
Арқа - Екі жауырынның арасын жақындатып, өзіңізді киім ілгіште ілініп тұрғандай сезіну. Екі жауырынның арасын барынша жақындату. Бірден босаңсу.
Іш - Мұрынмен өкпені ауаға толтыру, іштің көлемінің үлкеюіне жол бермей тартып ұстау. Ауаны ауыз арқылы сыртқа шығару кезінде ішті де босаңсыту.
Қол - Алақанның қырымен қатты затты ұрғылау. Каратэ шеберлері осы әдісті жиі пайдаланады.
Саусақ - Екі қолымызды алдыға созып, алақанымыздағы лимонды сығып, шырынын шығару керек деп елестету. Алақанды қысуды барынша күшейтіп, бірден тез босаңсыту керек.
Аяқ - Отырған қалыпта аяқтың ұшын барынша алдыға созу. Барынша қатты созу. Бірден төмен босаңсыту.
Ескерту: Әр жаттығуды 3 реттен жасау керек.
Күйзелістен арылу!- жаттығу (15 мин).
Мақсаты: Жағымсызды жағымдыға айналдыру дағдысын игерту.

Миға шабуыл.
Қажетті құрал: ақ қағаз бен қаламсап.
Нұсқау: Күйзеліс сөзін тігінен жазып, әр әрпіне сәйкес, жағымды сөздерден (кез келген тілде) тұратын сөз жұмбақ құрау. Жанындағы адаммен алмасып, шешу.
Мысалы: К - күлкі
Ү - үміт
пл Й - из (Өтінемін)
СеЗ - ім
Liv Е - (өмір)
Л - юбовь (махаббат)
І - нжу
С - ұлулық

Талдау:
Білім алушыңмен кері байланыс орнату. Тапсырманы орындау кезінде туындаған қиындықты талқылау. Ой қорыту.
Кері байланыс: Кездесу несімен есте қалмақ?
Материал рейтингісі:
  • 20
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 320
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 318
Роботтар: 3
belgibaeva.mb rabiga
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика