Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 цифрымен танысу

06 мам 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Ғажайып математика ашық сабақ
Топ: «Желкен» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Смағұл Ф. Т.
Білім саласы: «Таным»
Бөлім саласы: ҚМҰҚ
Тақырыбы. «5 цифрымен танысу». Сол жағында; оң жағында, ортасында.
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету, нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрену сандарды тура және кері санау, заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрету( сол жағында, оң жақта, алдын да, артында) жыл мезгілдері туралы өткенді пысықтау. Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, «Санды көршісімен табу?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар.
Қажетті көрнекіліктер; суреттер, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады
Билингвальді компонент; сол жақта – слева, оң жақта - права, ортасында - посредине
Іс - әрекет кезеңдері;
Тәрбиешінің іс - әрекеті;
Балалардың әс - әрекеті;
Мотивациялық – қозғаушылық
- Саламатсыздар ма, балалар!
- Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз Амандасамыз үлкенмен,
Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой Ал қанекей бәріміз.
Сәлем!- дейік үлкенге.
Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қуан шаттан алақай Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң Қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін. Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық
оқу - іс қызметін бастаймыз.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім. - Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Балалар шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз
1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу.
(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)
3 - тапсырма. Логикалық есептер
1. Алиханның анасы дүкеннен 2 төртбұрышты допты сатып алды, оның біреуін Алихан інісіне берді. Алиханда неше доп қалды? (1) 2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
4 – тапсырма. Жұмбақтар.
1. Ұлпа жүнін қыздырып, Күн шуақта бір күшік, Отыр еді маңына, Келді тағы бір күші. Қанша күшік барлығы? (2)
2. Жан - жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар Қорапқа кірді біреуі, Сонынан кетті екеуі, Тығылды сонда нешеуі?(3)
3. Алты қонжық орманға Бара жатты қорбаңдап Бірі олардың шаршады, Әрі қарай бармады Жауабын тез айт Қанша қонжық кетті алдыда?(5)
Сергіту сәті: Бір саусағым тіпті де Ұстай алмас жіпте де Екі саусақ бірікті Ине қолға ілікті Үш саусағым орамды Жүгіртеді қаламды Бәрінен де бес саусақ Қала салсақ жол салсақ! Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.
Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді геометриялық пішіндерді орналастырайық! Ойын: Пішіндердің орнын құрастыра білеміз бе?
Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі пішіндер жасадыңдар. (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)
Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік. Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және орналастырдық.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.
3 127
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету; 1 цифры өзге сандар арасынан табу.
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістіктегі қарым қатынастар, заттың орналасқан орнын анықтау, және сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта жоғарыда, төменде, арасында).
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру, оң мен солды айыра білуге қабілетін нығайту.
Реттік санаумен танысу
Реттік санаумен танысу
Реттік санаумен танысу. Жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы. 5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу (есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?»
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
2 саны және цифрымен таныстыру: 2 цифрын жазып үйрену, «кеше», «бүгін», «ертең», түсініктерін айыра білуге үйрету: «алыс», «жақын» түсініктерін айыра білуге үйрету.
Ғажайып математика
Ғажайып математика
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ жанындағы «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Аухатина Гүлжайна Айғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×