Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы киімдер

06 мам 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Топ: «Желкен» ересек тобы
Тәрбиеші: Смағұл Ф. Т.
Білім саласы: «Қатынас»
Бөлім саласы: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қысқы киімдер
Сабақтың мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қысқы киімдердің суреттері, қуыршақ.
Оқу - іс әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлім. Балалар бүгін біздің топқа қонақтар келген екен, орнымыздан тұрып амандасамыз, балалар қонақтармен амандасады. Сәлеметсіздер ме? Топқа ән әуенімен Миона келеді. Миона; Ой, балалар сәлеметсіздер ме? Мен қайда тап болдым. Өз елімнен саяхаттап шығып едім, адасып сіздерге тап болдым. Сіздерде өте салқын, аяз екен. Біздерде күн ыстық болады. Маған көмектесесіздер ме? Тәрбиеші: Әрине Миона! Бізге қош келіпсіз! Біздің Ұ. О. Қ қатысып, балалармен бірге отырыңыз. Біздің балалар қазіргі уақытта қалай және қандай киім кию керектігін үйретіп көмектеседі. Миона отырады. - Балалар, мен өлең оқып берейін, сендер өлеңнің қай мезгілге арналғанын айтыңдар. Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын, - Өлеңде қай мезгіл туралы айтылған екен?
- Қыс мезгілі.
- Дұрыс, қыс мезгілі.
Сұрақтарға жауап алу:
- Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі. Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? - Қар жауып, күн салқын болады.
Біздер тоңбас үшін не істейміз?
Қыс мезгілінде қалай киінеміз? - Жылы киімдер киеміз. (Балалар толық жауап береді).
ІІ. Негізгі бөлім. Сөздік жұмысын жүргізу. Балалар сіздерге бүгін жұмбақ жасырсам, шешуге дайынсыздар ма?
Жұмбақтар: Аузы біреу, бес құдық,
Қысты күні бойлатам,
Бесеуіне бес құрық.
Жауабы: (Қолғап)
Күні бойы жүргізеді,
Үйге де кіргізеді.
Бірақ, өзі ізетті,
Босағада қалып
Шығуымды күтеді. Жауабы: (Аяқ киім)
Іші - егіс,
Сырты - тегіс.
Жауабы: ( Тон)
Керегесі тыртық, уығы қысқа,
Керек болған үй екен біздің тұсқа.
Отарға мал айдасам, жолға шықсам,
Үйімді тігіп жүрем жазда, қыста.
Жауабы:(Бөрік)
Балалардың жауабы: Қыста қалың тон киеміз. Бөрік - аң терісінен тігіледі. Аяқ киім қыста кисең жылы. Әжем маған арнап қолғап тоқыды. Жарайсыңдар балалар! Демонстрациялық құралмен жұмыс. - Балалар бүгін киімдер туралы әңгімелейтін боламыз.
- Мына суретке қарап әңгіме құрайық. Балалардың жауабы: Айбол басына баулы құлақшын, оның үстінде қызыл күртесі, қолында әдемі қолғабы, Айбол аяғына жылы етігін киген. Мысалы: Айшаның мойынорағышы әдемі, Айша үстіне жылы тон киген, Айшаның аяғында жылы байпағы бар. Жарайсыңдар балалар!
Сөзжұмбақ; «Суықта не киеміз?» Сөйлемді толықтырып айтқызу. Берілген суретпен сөйлем құрастыру. Балалар суықта не киеміз? Мысалы; Қыста қолымызға қолғап киеміз. Қыста жылы, басымызға құлақшын, кию керек. Қыста жылы, үстімізге тон, кию керек. Қыста жылы, аяғымызға аяқ - киім, кию керек.
Балалар енді Мнемо кестемен жұмыс жасайық.
Мнемо кесте:
Мақсаты: Сұрақ – жауап арқылы суретке қарап, сипаттама бере отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Мысалы: Балалар бас киім суреті. Мынау не? Бас киім. Бас киім неден тоқылған? Бас киім жіптен тоқылған. Бас киімнің төбесінде несі бар? Бас киімнің пампоны немесе шашағы бар Бас киімнің пішіні қандай? Бас киімнің пішіні домалақ. Бас киімнің неге ұқсайды? Бас киім допқа ұқсайды. Ол қандай? Бас киімді кисең жұмсақ, жылы. Бас киімнің түсі қандай? Бас киім түрлі түсті. Бас киім кімге арнап тоқылған?. Бас киім ер балаға арнап тоқылған. Бас киімді қай мезгілде киеміз? Қыс мезгілінде далаға жүгіремін мен киіп алып.
Мнемо кесте: Мысалы; тон
1. Мынау не? Тон
2. Тонның түсі қандай? Тонның түсі қоңыр
3. Тонның көлемі қандай? Тонның көлемі үлкен
4. Тон неден жасалған? Тон теріден жасалған
5. Қай мезгілде киеміз? Тонды қыс мезгілінде киеміз
6. Тон кімдерге арналған? Киім қыз балаға арналған Жарайсыңдар балалар! Бойымызды енді сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз,
Қолғапты киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз. Енді балалар Мионамен қызықты ойын ойнасақ. «Қыста қалай киіну керек?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығы айтылады.
Сөйлем құрап үйрену.
1. Қуыршаққа қыз баланың киімін ретімен киіндіру. Балалардан сұрау дұрыс киіндіргенін.
2. Қуыршаққа ат қойып сөйлем құрау. Балалардың жауабы; Арай бұтына жылы гамажын, үстіне жылы тон, аяғына етігін, басына бас - киім, мойына мойын орағыш, қолына қолғабын киген. Арай қысқы серуенге дайын.
3. Қуыршаққа ер баланың киімін ретімен киіндіру ( Мионаны қатыстыру. )
4. Миона киіндірген киімнің дұрыс екен, балалардан сұрау және сөйлем құрату. Айбар бұтына (аяғына ) шалбарын, үстіне жылы тон, аяғына етігін, басына құлақшын, мойына мойынорағыш, қолына қолғабын, киген. Айбар қысқы серуенге дайын Тәрбиеші қол көтеріп, әңгіме құрауға қызығушылық танытқан балалардың бәрінің ойын тыңдайды. Жақсы әңгіме құраған баланы мақтайды.
- Балалар, сендер құраған әңгімелерің маған ұнады, өздеріңе ұнады ма? Балалар енді өзіміздің шеберлігімізді көрсетіп, Мионаға арнап киім жасап берейік. ( Мионаны қатыстыру. )
Шығармашылық жұмыс: ( Тұзбен жұмыс) Жай саз әуенімен балалар жұмысын жасайды.
Қысқы киімдердің бөліктерін құрастыру: тон, қолғап, малақай, етік, мойын орағыш.,
Киімдерді топтап айтқызу.
Малақай, құлақшын – бас киімдер. Байпақ, кебіс, пима - аяқкиімдер. Тыныс алу жаттығуы: «Қолғап» ( Мионаны қатыстыру. ) Балалар жасаған жұмыстарымызды қарайық, бізде қысқы киімдер үлгісі шыққан екен, осы киімдерімізді қонағымызға сыйлайық. Миона; Ой, балалар рахмет қандай әдемі, мен сіздерден көп нәрсе үйрендім. Менің де енді қайтуым керек. Менің де сендерге әкелген сыйым бар. Сау болыңдар.
ІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
– Балалар сіздерге бүгінгі Ұ. О. Қ ұнады ма? Бізге кім қонаққа келді? Миона Миона қандай көмек сұрады? Саяхаттап жүргенде адасып қалған, ол тоңып қалған. Ол неліктен жеңіл киінген? Өйткені оларда үнемі ыстық болады. Ал біздер оған көмектесе алдық па? Ия Қыс мезгілінде қандай киім киюге болатынын түсіндіре алдық па? Ия Қыс мезгілінде қандай киімдер киюге болады екен? Киімдерді атау. ( балалардың жауабын күтесің )
Жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын. Кез келген уақытта көмек сұраған жандарға көмектесіп жүрейік!
Барлығымыз Ұ. О. Қ өте белсене қатыстыңдар, мен сендерді мақтан етем! Ендеше келген қонақтармен қоштасайық. Ұ. О. Қ аяқтайық.
2 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×